Жаңалықтар

Қазақта Абылайдай хан болмаған

какишев турсынбек

   Қазақ халқының даңқты қолбасшысы, үш жүздің басын қосқан Абылай ханның 300 жылдығына арналған «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Тұрсынбек Кәкішев Абылай хан туралы пікірін айтты.

«Қазақ халқы басынан көп қиындықты кешірген халық. Ең қиын тұсы Абылай ханның басқарған кезеңі. Бір жағынан орыс, бір жағынан жоңғар қазақтың жерін ойрандап, шекарасын тарылта берді. Осы кезеңде қиыннан жол таба білген Абылай хан болатын. Қытай мен Ресеймен тіл табысып, айласын асырып отырды. Сыртқы саясаттағы ең шебер жүргізе білген саясаты – Қытаймен саясаты. Шығыстағы көршінің тілін тауып, Батыстың айласының алдын ала білді. Қазақта талай хан өткен. Бірақ, Абылайдай хан болмаған. Оның жүргізген сыртқы саясаты қазақты сақтап қалды. Абылай қазақтың бағына біткен хан екенін айтуымыз керек» -, деді ғалым.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

baq.kz


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*