Жаңалықтар

Қазақстандағы кадрлық ауыс-түйіс

Наурыз – жаңа жылдың алғашқы күні саяси аренадағы айтақалсын жаңалықтармен басталды. Олай дейтіміміз, бүгін бірнеше облыстың әкімдері іркес-тіркес ауыстырылды.

Алғашқылардың бірі болып, Қарағанды облысының әкімі тағайындалды. Өңір басшылығына осыған дейін Үкімет кеңсесінің жетекшісі болған Ерлан Жақанұлы Қошанов тағайындалды. Жаңа әкімді облыс жұртшылығына Президенттің өзі таныстарды. Еске сала кетсек, Н.Назарбаев Қарағанды облыстық мәсілихатының Сессиясына қатысып жатқан болатын.

Ал, Ақмола облысына әкім болып, Мәлік Мұрзалин тағайындалды. 1971 жылы өмірге келген жас саясаткер бұған дейін  Қазақстанның Ресейдегі елшілі гінде және Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі аппаратының жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Солтүстік Қазақстан облысына да жаңа әкім тағайындалды. Өңірдің жаңа басшысын Президент әкішілігі жетекшісі Әділбек Жақсыбеков таныстырды. Солтүстіктегі облысты осыған дейін Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары лауазымында болған Құмар Ақсақалов басқаратын болады.

Әкімі ауысқан облыстың қатарында Маңғыстау да бар. Бұл өңірге жаңадан әкім болған Ералы Тоғжановты Ақтауға жұмыс сапарымен барған үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың өзі таныстарды. Е.Тоғжанов осыған дейін Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметінде болған.

Орын босатқан әкімдердің ішінде Қарағанды облысын басқарған Нұрмұхамбет Әбдібеков, енді Есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Ал, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары болып Дархан Мыңбай тағайындалды

«The Qazaq Times»


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*