Жаңалықтар

Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесіне үш күн демалады

    Құрбан айт  ҚР үкіметі демалыс күнін 2013 жылдың 12 қазаннан 14 қазанына ауыстыру туралы қаулы қабылдады.

Қаулыға сәйкес, қажетті өнім шығару, қаржы қызметтерін қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2013 жылғы 14 қазанда жұмыс жүргізуге құқық беріледі.Көрсетілген күнгі жұмыс ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.Еске сала кетейік, ҚР Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес демалыс күні болып тек Құрбан айттың бірінші мереке күні саналады.

Құрбан айт (құрбандық шалу мерекесі) – қажылық аяқталуына қарай болатын ислам мерекесі, ислам ай күнтізбесі (зүл-хидж) бойынша 12-айдың 10-күнінде Ибраһим пайғамбардың құрбандыққа шалуын еске алу есебінде және Рамазан мерекесінен 70 күн өткеннен кейін аталып өтіледі.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*