Шежіре

БАЛУАН ШОЛАҚТЫҢ ФОТОСУРЕТІ және палуанның өмірінің белгісіз тұстары туралы

Бұл сурет Балуан Шолақтың қолдан салынған суреті емес, ФОТОСУРЕТІ. Сәбит Мұқановтан кейін жазушылар Ж.Бектұров, Б.Қойшыбаев және басқалар Шолақ атамыздың фотосуреті болмағанын жазып жүрді. Ал, мен сонау 90-жылдары тауып алған мына сурет -ЕСКІ ФОТСУРЕТ көшірмесі. Мұның фотосурет екендігі Б.Шолақтың артындағы шымылдықтан көрініп тұр.

Ал, штрихтап салынған, немесе, акварельмен салынған сурет болса, ол анық байқалар еді. Сонымен бұл- Балуан Шолақтың фотосуреті. Бұл фотоға Балуан Шолақ шамамен 1917-жылы Жетісуда (Алматыда,Верныйда болған кезінде түскен деп шамалауға болады.автор) Астында Б.Шолақтың туған, және қайтқан жылы шамамен 50-60- жылдары жазылған тәрізді. Шамамен 2010-жылдан кейін осы фотопортреттен қарап салған Балуан Шолақтың суретшілер жазған портреттері пайда бола бастады, бірі штрихтап, бірі майлы бояумен жазса да ДӘЛ ФОТОСУРЕТТЕГі бейнесін айнытпай қайталаған. Қалай десек те, төменде тұрған атақты БАЛУАН ШОЛАҚТЫҢ ФОТОСУРЕТІ

Атақты палуан, kомпозитор, ақын Балуан Шолақтың өмірінің соңғы кезеңдері әлі толық зерттелмегенін осыдан бес жыл бұрын жазған едім.
Аңыз болған “Сексен өгіз” оқиғасының қай жылы болғаны туралы нақты дерек жоқ. Бұл оқиғадан кейін Балуан Шолақ губерн сотының үкімімен бір жыл түрмеде отырған. Бұл оқиға шамамен 1914-1915-жылдары болған. Сол кезде Б.Шолақтың
“…Бойыма күш біткенге еттім шүкір,
Қиналсам, абақтыда бетке түкір.
Темірін екі итеріп тартқанымда,
Кірпіші жерге түсті күтір күтір…”деп айтқаны бар.
Сол оқиғадан кейін Балуан Шолақ ата бабаларының туған жері Қаратауға барып паналайды. Жетісуда болады. Жетісу жері палуанды құшақ жайып қарсы алған. Үлкен астарда болған. Өнерін көрсеткен. Ол кездеКенен Әзірбаев 18-19-жастағы жігіт болса керек. Кейін К.Әзірбаев Б.Шолақтың оннан астам әнін ел арасында орындап жүріпті.
Зерттеушілер, жазушылар Балуан Шолақтың қай жылы туған жeріне қайтқанын әлі күнге анық білмейді. Тіпті, “Б.Шолақ 1916-жылы қайтыс болған” деп дәлелсіз пікір айқандар да болды.
Логикаға сүйенсек, Балуан Шолақ Көкшетауға 1918- жылы қайтып келген. Оның басты себебі, патша өкіметі құлап, баяғы “сексен өгіз ісі” бойынша Уақытша үкімет “қуғындамайды” деген сенімде болған. Расында, бұрынғы “іс” бойынша Б.Шолақты қуғындайтын Көкшеде тұрақты үкімет те жоқ тын ол кезде.
Бірақ, КЕК САҚТАҒАН КАЗАКТАР бар екен. Солар Балуан Шолақтың оңаша сәтін аңдып жүреді. Балуан Шолақ тоғай ішінде ағайындардың арасынан үйіне келе  жатқан бетінде қарсы алдынан атады. Винтовка оғы палуанның ішінен тиген екен. Мықты қайрат пен күштің арқасында Балуан Шолақ жаралы болғанын білдірмей, аттан нық түсіп, үйге кіріп, жарасын шешeсіне жудырып, таңдырады. “менің оқтан жаралы болғанымды ешкімге айтпаңдар” депті. Өсиетінде ” “Қай жерге жерленгенімді де ешкім білмесін” деген екен. Шамасы, казактар бейітімді қорламасын” деген болуы керек. Сонымен, Балуан Шолақ 1916-жылы емес.1919- жылы наурыз айында қайтыс болған.
Сол кездегі тарихи оқиғаларды талдай келе:,
1.Балуан ШОЛАҚ араласқан “сексен өгіз оқиғасы” 1914-1915- жылдaры болған,
2.Қаратау мен Жетісу өңірінде болған кездері 1916-1917-жылдар.
3.Балуан Шолақтың Көкшеге оралған кезі 1918-жыл,
4.Қайтыс болған жылы 1919-жыл” деген қорытындыға келуге болады.

Жоғардағы суретте Балуан Шолақтың Жетісуда жүргенде, Верный қаласында (қазіргі Алматы) түскен фотосуреті берілген.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, жазушы, тарихшы

kerey.kz

Теги: , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*