2015 жылы 17 маусым Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерейтойына арналған «Ел қорғаған Ер Жәнібек» атты халықаралық айтыс.
Айтысты «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған. Бұл айтыстың бас жүлдесі – КІА автокөлігін Еркебұлан Қайназаров жеңіп алды, ал 1-орынды павлодарлық Аспанбек Шұғатаев еншіледі. 2-орын жас ақын Мейірбек Сұлтанхан мен қытайлық қандасымыз Анаргүл Бәделханның қанжығасына байланды. Жыр додасында 3-орынды Мақсат Аханов пен Қарлығаш Әубәкірова иеленді.