Қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрлі күй өнерін айнытпай, сахара салтымен жалғап бүгінге жеткізуші тұлғалардың бірі Ғалым Сыдықұлы.
Қазір ҚХР-дың Алтай қаласы Сарығусын ауылында тұратын күйшінің орындауындағы, ұмыт болуға айналған ескі күйлерді ел назарына ұсынып отырмыз.