Жаңалықтар

The Qazaq Times ақпараттық, қоғамдық-саяси порталына – бір жыл

The Qazaq Times ақпараттық қоғамдық-саяси порталы ақпарат айдынына қосылғанына бір жыл толуына орай Алматыда БАҚ-тың түйткілді мәселелері жөнінде  «Ақпарат айдынында бір жыл: Қазақстан контентінде тәуелсіз БАҚ қалыптастырудың тәжірибелері мен проблемасы» атты дөңгелек үстел өткізді. ҚР Ұлттық кітапханасында өткен дөңгелек үстелге саясаттанушылар мен журналист қауым қатысып, қазіргі қазақ тілді БАҚ-тағы негізгі проблемаларды, әсіресе сайттардағы басты мәселелер жөнінде пікірлерімен бөлісті.

The Qazaq Times ақпараттық қоғамдық-саяси порталы осыдан бір жыл бұрын қоғамның әр саласындағы тың ақпарат, танымдық ойларды қозғау мақсатында ашылған болатын және сол мақсатта жұмыс істеп келеді. Сайт қазіргі заманғы қазақ мүддесін жақтауға, қорғауға барынша үлес қосуға тырысып келеді.

аға

Уақыты өтсе де мәнін жоймаған, көзден кетіп, көңілден көмескілене бастаса да маңызын сақтаған танымдық ой, тағылымды сөз, тартымды оқиғаларды жаңғырту да сайттың бірден бір мақсаты. Сондықтан The Qazaq Times порталы қазіргі кезде әлемде болып жатқан жедел ақпараттарды дер кезінде жеткізуге және түрлі деңгейдегі саяси, экономикалық, ғылым-техника бағытындағы салмақты оқиғаларды сауатты сараптап, оқырмандарына қажет ақпаратты ұсынып келедію Сауатты ақпарат арқылы басқа ақпарат көздеріне үлгі болуды көздейді.

ағайлар

Шараға саясаттанушылар, БАҚ өкілдері және ІТ саласында жүрген мамандар қатысты. Олар қазіргі кездегі қазақ сайттарындағы бірқатар мәселелерді талқылады. Олардың арасында сайттардағы ақпаратты бір-бірінен көшіру, мәселені тереңінен зерттей алмау сияқты мәселелер көтерілді.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*