Шежіре

Алматыда Ер Жабай туралы ғылми конференция болып өтті

14 Қыркүйек Алматы қаласы Темучин кафесінде « Тіккен туы жығылмаған Ер Жабай» атты ғылыми конферанция болып өтті. Конференцияны жеке кәсәпкерлермен батырдың ұрпақтары бірлесіп ұйымдастырған, жиналысқа тарих ғылымдарының докторлары, жазушы, ақын, қоғам қайраткерлері бірлесіп өткізді.
Жабай батыр 1680-1748 Солтүстік Қазақстан обылысы Қарағайлы көлінің жалағашында туған. Қазақтың әскер бастарының бірі. Ол Орта жүзге жататын Абақ Керейден шыққан. ХVІІІ ғасырдағы жоңғарқалмақ басқыншыларынан және Еділ сыртындағы қалмақ шапқыншылықтары сияқты басқыншылықда туған халқын, оның жерсуын қорғау жолындағы азаттық соғысқа белсене қатысқан батыр.
Конферерация тізгінін Алмас Ахметбекұлы ұстап, алыстан келген қонақтарға сөз кезегі мен келелі кеңестерды ортаға салуға түрткі болып отырды. Шоқан Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профоссор Зиябек Ермұханұлы сөз сөйлеп, батыр туралы жоғары оқу орындарында ғылми жұмыстар қорғату, оқулықтарға енгізу, елді мекендер де көше аттарын беру сынды құнды пікірлерін ортаға қойды.
Жазушы,академик Жади Шәкенұлы сөз кезегінде әдебиеттерде кездесетін Ер Жабай туралы мәліметтерді мысалдарға келтіріп,батырдың сөз ұстаса шешен, қол ұстаса батыр болған обыраздарын тіпті де ашып, анықтай түскендей болды.
Конферанция соңында құран оқылып, ас берілді, астың арты тойға ұласып келешектегі келелі бастамалрдың алғашқы жұмыстары істелгені белгілі.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*