Жаңалықтар

1 наурыз – түрлі ұлт өкілдерінің қазақ жұртына алғысын білдіретін күн.

Айтулы датаны Елбасы 2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен орайластырып бекіткен. Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған

1 наурыз – елімізде тұрып жатқан барлық этнос бір-біріне ризашылығын айтатын күн. Әсіресе қиын-қыстау заманында жер аударып келген түрлі ұлт өкілдері шыдамдылық танытып, ерекше қонақжайлылығын көрсеткен қазақ жұртына алғыстарын білдіретін күн. Өткен ғасырдың басында саяси қуғынға ұшыраған мыңдаған адамның отбасылары қазақ жеріне көшіріліп, тағдыр талқысына ұшыраған еді. Сындарлы заманда өздері қиналған жергілікті қазақ халқы шетелдіктерді бауырына басып, шаңырақтарына шақырды. Түрлі этнос өкілдері сол кезден бері Қазақстанда тұрақтап, біте қайнасып кетті. Алғыс айту күні осымен төртінші жыл қатарынан аталып өтіледі. Осы категория бойынша: « Елбасы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы К.Шәмшидинованы қабылдады Елбасы Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады »

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*