Шежіре

Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасының жағдайы

Baq.kz – Қазіргі кезде Қазақстаннан шет елдерде 4 млн. 500 мың қазақ бұрынғы КСРО-ның 14 елінде және әлемнің 25 елдерінде тұрады. Бұл күнде Ресейдегі қандастарымыздың жағдайы қалай? Төмендегі материал осы сауалдар төңірегінде ой өрбітетін болады.
1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мен қазақ диаспорасы өкілдері арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталды. Ең алдымен 1996 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген «Қазақ диаспорасын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарлама» құрылды, 1997 жылы 13 желтоқсанда «Көші-қон заңы» қабылданды. Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған Стратегиясы, 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының территориалды даму стратегиясы бекітілді. Қазақстан Республикасының территориясында этникалық иммигранттарды, еңбек ету үшін келгендерді рационалды қоныстандыру мен жайғастыруда жәрдем көрсету мақсатымен «Нұрлы көш» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Репатрианттардың Мемлекеттік квоталары орнатылды. Осыған байланысты бүгінгі таңда әлемнің түрлі елдеріндегі этникалық қазақтардың жағдайын зерттеу аса маңызды.
Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын шет елдердегі қазақ диаспорасына ерекше көңіл бөле бастады. Сондықтан қазақ диаспорасы мәселесін зерттеу ерекше маңызды. Қазақ диаспорасы үлкен аралықтардағы жерлерге уақытша көштен басталып, одан кейін ұзақ мерзімді көші-қонға айналған. Олар сыртқы шекарадан, яғни Қазақстаннан Қытайға, Орта Азия елдеріне, Ауғаныстан және Иран, ал одан кейін барлық әлем бойынша таралған.
1731 жылы басталған қазақ жүздерінің Ресейге қосылу үдерістерінен кейін қазақтардың Ресей территориясы бойынша көшпенді орын ауыстыруы басталды. Бұл қазақтардың саудада, қалалар құрылысында, әскери қоршаулар тізбегіне қатысумен, жаңа территорияларды басқару саласында жаңа үкіметтік реформаларды жүргізумен түсіндіріледі.
Жалпы Қазақстан мен Ресейдің шекаралық ұзындығы жеті мыңнан астам километрді құрайды, бірақ бізді біріктіретін бұл ғана емес. Ресей Федерациясында әртүрлі бағалау бойынша 650 000 нан 1 500 000 этникалық қазақтар тұрады. Ресейде қазақ отбасыларының тығыз тұрақтылығы келесі аймақтарда байқалады: Еділ маңы федералды аймақ (228016 адам), Оңтүстік аймақ (201095 адам), Астрахан облысы (142633 адам), Орынбор облысы (125568 адам), Сібір федералды аймағы (123914 адам), Мәскеу қаласында 7997 адам, Санкт-Петерборда 2830 адам тұрады. Ресейде қазақ диаспорасын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа шекаралық аймақтарда тұратын қазақтар кіреді. Берілген топ өзіне көп мөлшерде ауыл шаруашылығымен айналысатын қазақтарды жатқызады. Қазақтан Республикасының 14 облысы ішінен Ресей Федерациясымен шекаралас 6 облыс (Қостанай, ШҚО, СҚО, БҚО, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Ақмола) кіреді. Екінші топқа қалада тұратын диаспора өкілдері кіреді. Олардың көбісінде жоғары білімі бар және интеллектуалды еңбекпен айналысатындар.
Кеңес одағының ыдырауы ресейлік қазақтарға жаңа саяси және әлеуметтік жағдай туғызып, жаңа мәртебе берді. Одақ тұсында РСФСР-да тұратын қазақтар өздерін диаспора ретінде сезінген жоқ. Себебі КСРО – барлық ұлттардың ортақ отаны болды.Ал әлемдік кеңістікте тәуелсіз Қазақ мемлекетінің пайда болуы басқа республикалардағы қазақтарды диаспораларға айналдырды. Сонымен бірге Қазақстанның дербестікке қол жеткізуі қазақ диаспорасының ұлттық санасын оятып, ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін білуге, бүгіні мен ертеңін тануға ынталандырды. Ресей азаматы бола алғанымен, енді олар тарихи отаны бар, жағдай болғанда Ресейді тастап кетуге дайын этностық топ ретінде қабылданатын болды. Жаңа жағдайда қазақтар мемлекетаралық сипат алған Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарына аса бөлек ықылас қоя бастады. Ресейдегі олардың жағдайы енді осы қатынастардың сипатымен өлшенетін болды.
Ресей Федерациясында қазақ диаспорасы Ресей қоғамының әлеуметтік-экономикалық стратификациясында жақсы бейімделген. Олардың өздерінің қоғамдық бірлестіктері және мәдени орталықтары (40-қа жуық) бар, сонымен қатар бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы достастықты нығайтудың факторы.
«Әлеуметтік саяси зерттеулер институты» 2008 жылы шілде-тамыз айлар аралығында «Отандастардың интеллектуалдық әлеуеті» атты зерттеу жұмысын жүргізді. Осы зерттеу негізінде Ресейдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне, яғни Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы қалаларында тұратындарға, бірқатар сұрақтар қойылды, қатысушылардың жауаптары диаспораның әлеуметтік-экономикалық жағдайына көз жеткізуге мүмкіндік берді. Ресейде тұратын диаспора өкілдерін Ресей территориясында тұру себептері бойынша екі топқа бөлуге болады: біріншісіне, өмір бойы Ресей территориясында өмір сүріп келгендер (Омбыдағы қазақ диаспорасы), екіншісі, Ресейге білім алу мақсатымен барып, қалып қойғандар (Мәскеу,Санкт-Петербургтегі қазақ диаспорасы).
Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларындағы диаспора өкілдері Қазақстанның түрлі аумақтарынан көшіп келгендер. Барлық келгендердің өмірлерінің көп бөлігі Ресейде өтті, себебі оқуға келгенде әлі 20-лар шамасында болған, қазіргі кезде жастары келіп қалған аға буынды құрап отыр. Сол кездері оқуға барғандардың көп бөлігі жігіттер болып келеді.
Диаспора өкілдерінің өздерін руларымен сәйкестендіру арқылы өздерінің ұлттық сәйкестік белгісін білдіреді.
Ресейдегі қазақ диаспорасының көші-қон тарихына қорытынды жасасақ, Ресейде қазақтардың көші-қон кезеңдерін сауалнама жауапьары бойынша екіге бөліп көрсетеміз, бұл КСРО және Қазақстан егеменді ел болып қалыптаса бастаған кезең. Екі кезеңде де білім алу мақсатында Ресейге кетті. Барған жерлерінде білім алып, сол жердің адамдарымен отбасын құрды. Білім алу үшін көшіп кеткен жерлері Ресейдің ірі қалалары: Мәскеу, Санкт-Петербург болып табылады.
Дегенмен, Ресей террториясына ата-бабалары ауыр жылдар кезінде көшіп кетіп, келесі ұрпақтары Ресейде туғандар да бар. Олар Омбы облысында шоғырланған. Респонденттердің көбі ауылдық жерлерде дүниеге келген. Кейін білім алу үшін, жұмысқа орналасу үшін Омбы қаласына көшкендер.
Диаспора арасында өздерін руларымен сейстендіретін адамдар көп. Олар руларының негізгі қоныстану жерлерін де біледі. Өздері тұрған аумақта қандай рулар тұратынын да көрсеткен.
Ресейдің қазақтары қазақ ұлтын, қазақ мәдениетін мақтан етеді. Күнделікті өмірде қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалануға тырысады. Қазақ ұлтына жатқызылуын ата-аналарының ұлтымен, өздерінің тілдерімен, мәдениеттерімен сәйкестендіреді.
Аралас некелерге байланысты қазақ диаспорасы арасында түрлі көзқарастар бар. Қуанышты жағдай жастардың көбі аралас некелерді қаламайды, олардың көзқарастары аралас некелерге қарсы болып келеді. Аға буынның көпшілігі де аралас некелерді қаламайды. Дегенмен, диаспора арасында аралас некелерге тұрғандар да кездеседі.
Қазақ диаспораның мәдени сәйкестілігі оң бағытта дамып жатыр деп айтуға болады. Ата-аналары балаларын отбасыларында қазақ мәдениеті мен қазақ салт-дәстүрлеріне тәрбиелейді, тұрмыстарын да да пайдаланады. Диаспораның біраз бөлігі қазақ тарихын білуге қызықғушылықтарын танытады. Қазақ диаспорасы бір-бірімен мәдени орталықтарда, той-мерекелерде, жұма намазында кездеседі.
Қорыта келгенде, Ресейдегі қазақ диаспора өкілдерінің Қазақстан мен Ресейдің достық қарым-қатынастары арқасында мәдениеттің екі толқынында дамуға мүмкіндіктері бар.
Материалдан.
Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*