Жаңалықтар

Гималай асқан көш куәгері Арыстан қажының өмірі жайлы кітап жарық көрді

Кеше, 17 наурыз Алматыдағы Manar Palace-та Арыстан қажы Шәдетұлының (Зуқа батырдың немересі) 80 жас мерей тойына орай, той иесінің өмірін арқау еткен, жазушы Байахмет Жұмабайұлының «Аңсаған арман» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Мерей той мен ғұмырнамалық еңбектің тұсаукесеріне алыс-жуық шетелдерден және еліміздің әр жерінен ел ағалары, әдебиет пен өнер өкілдері, өзге де сыйлы қонақтар келіп қатысты.

Аталған кітаптың тұсауын мерей той иесімен бірге Зиябек Қабдылдинов, Досан Баймолда, Әмірхан Меңдеке және Нәбижан Мұхаммедханұлы қатарлы тарихшы, қаламгерлер кесті.

«Аңсаған арман» кітабы Бұланайды (Гималай) асып, Үндістан мен Пәкістанды басып Алтайдан Анадолыға жетіп, Еуропаны айналып тәуелсіз Қазақ еліне келген Арыстан Шәдетұлының өмірін арқау еткен.

Тұсаукесерден кейін Бұланай асқан көш туралы талқы кеңес өткізіліп, шараның соңғы Арыстан қажының 80 жас мерей тойының дастарханына ұласты.

 

“The Qazaq Times”

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*