Алтай аңызы

Көбеген көтерген көк тас

Көбеген 50 жасқа келгенге дейін бала көрмеген, бір күні бәйбішесі кешке үй сыртына шығып Алладан тілек тілеп, ей Алла болмаса Кетікқатпадайда да бермедің-ау. Кетікқатпа Көбегенің қойын жаятын жөнпестау жігіт болса керек. Кетікқатпа неғып жатырсың дегенде бүрсігүні қой жаюшы едім ұйықтап жатырмын дейді екен. Бәйбішесінің сөзін естіп Көбеген далаға жүгіріп шығып, ей Алла берсен мыңға балап бір ұл бер Кетікқатпадай мыңның керегі жоқ деп тілек тілепті.
Алладан бұл тілегі қабыл болып, Тортай туады Тортай 5-6 жастағы кезінде шешесі бұлақ судын ар жағындағы қосақтаулы сарлықтың екі бұзауын алып кел деп жұмсайды. Бұзауды жүргізе алмаған Тортай ыза болып бұлақтың ар жағынан қосақтаулы күйінде лақтырып жіберген екі бұзау екеуіде өліп қалады.
Бұл хабарды естіген керей ұлығы Көгедай гүн Көбегеннің баласы Тортайды көрмек болып аттанады. Көгедай гүн келе жатыр дегенде Көбеген бұл бекерге келе жатқан жоқ Тортайға менің артыма тығыл дейді.Тортай әкесінің жамылып отырған тонына кіріп тығыла қалады Көгедай үйге кіріп кеп төрге отырар-отырмастан Тортаи деген бір балаң бар деп еді мынау артыңдағы табаны көрініп жатқан сол ма?- деп сұрапты. Көп кешікпей Тортайға Көгедай гүннің тілі тиіп ауырып өліпті.
Тортайдың артынан Көбеген Ақтай, Бозтай, Ырысбай, Кәрібай атты төрт ұлды болады. Көбеген балалы болудан бұрын Қазақстан жеріндегі соғыстың зардабынан «Алқа көл сұлама-Ақтабан шұбырынды» заманында ел үркіп ауып, Қазақстан жерінен  Қытайжері Алтайға барып қоныстанған соң шеруші ішіндегі ұзынмылтық сүйекті Кеншен бақат Көбеген ағайынды екі жігіт бастап егін салатын өзен суын бұрып арық қазып тоғам салады.
Арық қазатын болып өлшеп алған жерінен кісі бойына таяу жерді қазғаннан кейін үлкен шыбар көк тас шығады. Көбеген көк шыбар тасты айналдыра қазып алып, кісі бойы арықтан жалғыз өзі лақтырып арықтың сыртына тастайды. Бұл көк шыбар тасты аюмен алысқан Көбегеннің баласы Ақтай батыр көтеріп белуарына әкелсе, батпаққа батып кеткен түйені батпақтан тік көтеріп суырып алған. Ал Ақтай ұлы Жылқышы көк шыбар тасты дізесіне дейін әрең көтерген.
Алтай кереиінде Ақтай  мен Жылқышыдан басқа бұл тасты орнынан көтеріп қозғалтқан бірде-бір адам болмаған. Көбеген көтерген көк шұбар тастың салмағы 800 кг шамасында болса керек. Торғауыттың егін салатын бір байынан егін салған жерінен құнарлы жер бер деп Көбеген сұрап барғанда, бай егін басынан үлкен қара қазандай көктасты көрсетіп осы тасты төбеңнен жоғары екі қолыңмен шынтағыңды жазып тік көтерсең жер берейін депті.
Көбеген тасты жерден жұлып алып төбесінен жоғары тік көтеріп тұра қалғанда жердің бәрін алам дейме деп қорқып сасқалақтаған бай осы қалпы тік көтеріп қанша жерге апарсаң сонша жер ал дейді. Көбеген көк тасты тік көтерген қалпы көз көрім жерге апарып көк тасты тастайды. Тас мөлшері 180-200 кг мөлшерінде болса керек. Бай айтуы бойынша тасты көтерген жерінен апарған жеріне дейінгі аралықтың төрт жағында өлшеп жер беріпті.
Ел Алтайға 1929 жылы үркіп барғанда іздеп барып екі тастың екеуінде көрдім дейді.
(1971 жылы жәдік сүйекті Асан ұлы Сейпіл қария Қату жайлауында айтқан әңгімесінден…)
Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*