Шежіре

Екінші жаһан соғысына қатысқан Қытай қазақтары туралы

Біреу білсе біреу білмес, 2- жаһан соғысына қатысқа қытай қазақтары да болған. Соғысқа қатысуының тариxи себебі былай болды. 1933-жылы Шыңжаң өлкелік үкімет басына Шың Шысай келді. Шың билікке келе салысымен Совет-Шыңжаң қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтерді. Советтің әуе күштер қорғаныс армия базасы шығыс Шыңжаңның Құмыл қаласына орналасып ішкі қытаймен ресми байланыс үзілгенді. Тағы Советтен екі жүзге тарта әр саланың мамандары Үрімжі, Алтай, Құмыл, Құлжа, Шәуешек тб қалаларға келіп қызмет жасады. 1934-35 жылдан бастап Мәскеу, Ташкен, Алматы, Қазан қалаларына арт-артынан үш дүркін оқушы жіберді. 1934-1939 жылдар арасында Советтер одағында оқып білім алған Шыңжаңдық оқушылардың саны 300’ден асты. Мұның дені қазақтар еді. 1939-жылы 2-жаһан соғысы тұтанып Шыңжаң өлкелік үкіметі сол жылы Советке жібермекші болған оқушылардың оқу бағдарламасын күшінен қалдырады. Естеріңізде болса тариxшы, ғалым Нығымет Мыңжан өз биографиясында айтқанындай дәл осы жылы “Советке шығып оқу орайынан айрылып қалған” еді. Шыңжаң өлкелік үкіметі оқу бағдарламасын тоқтатып қана қоймай сол жылы Советте білім алып жатқан оқушыларды жаппай Шыңжаңға кері қайтарып алады. Бұл Совет-Шыңжаң қарым-қатынастарының ушыққан тұсы еді. Дәл сол кезде бірбөлім Алматы, Мәскеу және Ташкенде білім алып жатқан Шыңжаң қазақтары Шың Шысайдың “елге қайтару” науқанына мойынсұнбай бәрі Алматы қаласында жиналып өз еріктерімен соғыс майданына тізімделіп Қазақ СССР-дың әскер қатарына алынған екен. Таяуда сол туралы деректер тауып алдым. Соғыс майданында Шыңжаң қазақтарынан силанып әскери шен-шекпен алғандары да, жараланып емделгендері де болған екен. Бір қызық дерек, 1944-жылы соғыс аяқталар тұста оларды Мәскеу Алматыға жинап “Шарқи Түикістан” проектісіне салыпты. Олар Алматыда “Алтай, Тарбағатай, Іле мен Үрімді, Еренқабырға, Тәңіртаудың географиялық, этникалық және саяси ерекшелігі” туралы дәріс бергенге ұқсайды. Мәскеу Еуропа соғыс майданынан қайтқан қазақтар мен “Түркістан Легионынан” қайтқан қазақ әскерлерін Алматыға жинап “Шарқи Түркістан” проектісіне қатыстырыпты. Қазақстандық майдангердің нақты қаншасы “Шарқи Түркістан Респубиликасы” үшін Алтай, Тарбағатай мен Іледе соғысқанын қазірше анықтай алмаймыз. Бұл тақырыпқа арнайы пост жазамын, сол кезде тың ойларды айтайын.

Қым-қуыт дүние! Еуропа соғыс майданынан оралған қытай қазақтарын “Шарқи Түркістан үшін күрес” майданы күтіп тұрды. Мәскеу, сондай-ақ Алтай, Шәуешек, Құлжадан астыртын адам әкеп өткізіп Алматыда, Ташкенде үш айлық, алты айлық стратегиялық курстарға дайындады. Сол тұлғаның бірі Генерал Дәлелқан Сүгірбаев еді.

2-жаһан соғысына қатысқан қытай қазақтары туралы дерек Шыңжаңда неге айтылмады деп сұрауыңыз мүмкін. Оның басты себебі, 1950’дің соңы 1989’дың басына дейін Қытай-Совет қатынастары өте төменгі деңгейге түсті. Сол себепті совет құрамында жүріп Еуропа майданында қан кешіп соғысу- қытай үшін томпақ еді. Таптық күреске алынып ауыр жазаға ұшырайтын.

Ал, келесі кезекте біз қытайдың әскери оқу орнында оқып кейін Қытай-Жапон соғысына қатысқан қытай қазақтары болған ба немесе Нан Кин, Гансу һам Үрімжідегі әскери жоғары оқу орнын тауысқан қытай қазақтарының 40-жылдардағы тағдыры не болды, олар не үшін Еуропа мен Ақш-қа әскери білім алуға шыға алмады деген сұраққа жауап іздейміз. Бұл тағы “Шарқи Түркістан мен Чин Түркістан айқасына” апарайын деп тұр. Қош, некерек, қазірше осы!

  Eldes Orda ФБ парақшасынан.

Теги: , , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*