таррихтан Керейелі елі ішінде ұзын уақыт құдандалы болып келген Төртуыл Найман, үш Бәйжігіт Қайқы ауылдыры 1883 жылы Жәке бидің артынан 92 түтін көшіп Сауырдың Майлыбай бекеті (кеден тұрған жер) қазіргі көне Жеменей тағанына шоғырлана, жазбай қоныстанған екен. Өз ішінен ұйымдасып, егін салыпТүкібай Сәмеке тоғанынан су алып, арпа, сұлы, тары, сарыкендір салып жергілікті халыққа егін салу үлгісін көрсетіп, жерлік халықты астықпен қамдаған екен. Бұл елді бастап келген адам Қаби еді. Халық Қаби молла деп атайтын. Қаби Бұтабайдың
жақын туысы еді. Бұтабай бимен Қаби арасында жараспастық болып, Қаби өзіне
қарасты жақын туыстарын бастап, Жәкемен бірге көшкен. Бұл жерге келген соң
Жәке бидің қарамағында болған. Қаби моллаға көмекші болған үш Байжігіт
руының Қайқы атасынаның басшысы Шөке қара би болған екен. Содан бері Сауыр
Керейі ішінде Найман ауылы бірге қоныстанып, Төртуыл, Қайқы басқа да Найман
ауылдары Сауыр тауына осыдан бастап, күні бүгінге дейін өсіп-өніп, бірнеше зәңгі
ел болып қалыптасыпты.
Ақын Керімжан
Меркіт Төлеміс Боздақ пен Сандық ауылы 1836 жылы Зайсанның Кішкенетауы
Маңырақ тауынан Сауырдағы Ласты бойына көшкен кезде, Төлеміс Сандық
ауылынан ұзатылған ақын әнші Керімжан төркінімен қоштасуға келген. Керімжанды
1820 жылы Зайсан көлі жағасындағы Тұғыл деген жердегі Найман төртуыл еліндегі
Қасен Ақажанұлы ұзатқан еді. Керімжаннның атасы Ақажан келінін ертіп, көшіп
жатқан құдалары Сандық Боздақ ауылына қош айтып, жолдарына ақ тілеу тілеп,
ақсарбас атап келген жол еді. Керімжан қыз ауылымен аяулы әке-шеше, аға-жеңге,
әпеке-жезделерімен қоштасып, көріскенде, ел көңілін босатқан екен:
Сауыр-Сайқан жондары
Көкқасқа, сілік, бетеге
Қасқая қарап, қарағай
Биікте тұрды бетеге.
Алысқа ауылым жол алып,
Күн шығысқа беттеді.
Жағалап бұлақ бойынан,
Көрдім бұлақ құрағын.
Ойнақтап жардың басында,
Қарап қалды лағың.
Ақ шашты ақ бас аналар
Ақсақал асыл аталар,
Алыстап бізден кеткенде,
Аман бол асыл ағалар.
Ақыл бір айтқан жеңгетай,
Әзіл бір айтқан жездем-ай.
Кеткен соң ауылың алыстап,
Сағындым жеген дәніңді.
Керікпе мініп кетуші-ем,
Шалғайдағы ауылдан.
Алдыңнан бауыр шыққанда,
Сипаушы едім қолыңнан,
Ойнақтап, ойнап жүруші ем,
Тай-құлындай ортаңда.
Үйректей суда жүзуші-ем,
Табылар ма екен бұл таңда.
Келіп бір кетіп жүруші ем,
Ертелі кеш Тұғылдан.
Сарғайып жұртым қалды ғой,
Бүркітше ұшып тұғырдан.
Сауыр-Сайқан саласы-ай,
Баласы арттта калғанда,
Қайтып шыдар сағынбай.
Жайсаң мен Жарма даласы-ай,
Жатқан бір жалпақ арасы-ай.
Қыздан да сорлы жан бар ма,
Жаудырап артта қалғаны-ай.
Кішкене тау, маңырақ,
Қалды-ау жерің аңырап.
Ауылым осында болғанда,
Жүруші едім жадырап.
Керімжанға ауыл ақсақалы Асаубай атамыз көшті тоқтатып, бір күн еру
болып, астындағы есік пен төрдей қарақасқа атын түсіп беріпті. Қызда болса
жылатпайық деп. Керімжан қыздың ұзатылған жері Найман Ақажан баласы
Қасен болғанымен негізі Ақажанда бала болмаған. Қасенді өзімен бірге туысқан
Зейнеш деген әпекесінен асырап алған екен. Әпекесі Кендірлік бойын мекен еткен
Жәнтекей елінің Самырат атасының Қарамерген кіші атасы ұрпағы Марлыбай еді.
Марлыбайдың туыстары 1777 жылы Жылқыайдар Құланұлы Керей елін бастап,
Жуңго жеріне көшкенде елмен бірге көшіп кеткен. Ал Қасен Найман елі болып
қалып қалған. Қасеннің асырап алган әкесі Ақажан басқа зар кедей болған. Өмірін
жоқшылықпен өткізген. Тек Қасен ер жеткенде ауызы асқа тиіп, жарыған екен.
Қасен асқан өнерлі үста болған. Сауыр-Сайқан жеріндегі Найман-Керей ішінде
алтын ұстаған темірші еді. Қасен осы теміршілік өнермен алқа-жүзік, атқа салар
кісен, алтын-күміс ертоқым жасап ауқаттанған. Сандық ауылы Сауыр жеріне
орнығып, ел іргесін көміп, бірнеше жыл ішінде ауқаттанып кетеді. Сол жылдарда
Керімжан анасы 1854 жылы қайтыс болып, аяулы анасына, ел-жұртына амандаса
келіп, Сауыр-Мұзтау жеріне жыр арнаған екен.
Керік мініп, қоржын сап бөктерінде Ауылым қонған ақ мұздық бөктерінде
Алыс жерден мен келдім ауылыма Бұлғақтап үкілі бас бөріктегі деп жыр шумағын
ауылына шау қылып ел-жұртын бір көтеріп тастапты.
Мұзтаудың жаратылысын тамашалап, Мұзтау көрінісін бірде анасына теңеп
былай депті:
Төңкеріп кеткен әжемнің астауындай көрінген,
Ғашық болып жұлдыздар ағып түсті көгінен.
Ласты өзенін көргенде жасыл орманмен көмкерілген өзен, сыңғырлап аққан
мөлдір бұлақ, көңілі толған Керімжан тебіренген көңілмен былай депті:
Мынау өскен көктерек,
Көгілдір екен көкшынар,
Бұлақтың бойы көктастар,
Көктастарың көкше бар, – деп табиғи жаратылыстың көрінісін көрсеткен.
Бұл материалдарды көне материалдардан жазып алдық. Өкінішке орай осы
өлеңнің аяғы жазып алуға келмей өшіріліп кеткендіктен жазылмай қалды.
Керімжанның күйеуі Қасен бойы қораш ешкінің асығындай кішкене адам екен.
Көзіне темірден қара тиіп кем болып қалған. Тек бойындағы өнері қара темірді
қазанға қайнатқан ұста болып, сыбызғы тартатын өнері болған деседі. Сол Қасенді
көріп, Керім қызға ғашық болмаған жан жоқ. Найман-Керей ел ішіндегі құрбы-
кұрдас ауылдастары Керімжанды жасытпақ болып. жеңгесініп, осы найман-керей
елінен Қасеннің неменесіне қызықтың тым болмаса көзі сау емес, астына мінер
аты жоқ, жерге салар тулақ жоқ, осы қорашты қайдан таптың деп мазақ қылады
екен. Сонда Керімжан былай деп әзіл өлең айтыпты:
Жігіт сұлу көрінер кісі елінде,
Елпек жігіт көрінер әрбір жерде.
Қызыққанда қызықтым сол Қасеннің
Атқа салар сұлу бір кісесіне.
Бір өнері бар екен сырлы кісі,
Көңілімді ерітті сырлы үні.
Қызыққанда қызықтым тағы-тағы,
Қос қолымен тартатын сыбызғысы.
Отырдық тағы-тағы
Талай жігіт келді ғой тұрағы жоқ.
Әуелі сөз рахым деген бар ғой.
Сол Қасеннің ұрпақтың тұрағы көп, – деп қайын-құрдастарын қарымды
сөзбен қайтарған екен. Керімжан қыз 1824 жылы Көгедай төре қайтыс болғанда
найман керей ортасында жоқтау айтып көзге түсіпті. Өз дәуірінде ақын-әнші
болып, халық құрмет тұтқан ақын осылай дүниеден өткен екен.