Жаңалықтар

Байқабайұлы Бай Өлкеден бас жүлде алды

24 шілде күні Бай Өлкеде бұрын соңды болмаған той болды. Батыр Ботақара бабамыздың ұрпағы Қазыбайұлы Байтемірдің 75 жылдығына арналып Алты Алашқа сауын айтылған дүбірлі ас өтті.

Асты Қазіргі кезде Қазақстан республикасында тұратын баласы Ермұрат арнайы ұйымдастырған блолатын.

Аста ат бәйгесі, ақындар айтысы және жігіттің білегі де жүрегі де сыналатын палуандар жарысы қатарлы мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Барлық жарыс түрлерінің алдыңғы орындарына жалпы бес автокөлік тігілген. Аламан айтыс додасында әр елден келген кілең сөз шеберлері арасынан,бас жүлдені Алтайдың ерке ақыны аталған Ержанат Байқабайұлы еншіледі. Ержанат ҚХР-дың Алтай өңірінде туылып, сондағы қалың қазақтың алқауына бөленген ақын екені бәрімізге белгілі. Ол қазір тарихи ата жұрты Қазақстанға оралған. Ат бәйгесінде алдына қара салмаған алғашқы екі жүйріктің иесі темір тұлпар ұтты. Тойға жиналған халықта есеп жоқ. 70 киіз үй тігіліп ас берілді. Күрестен Ховда аймағының палуаны Батөлзий жеңімпаз атанса Бай Өлке палуаны Мұстафа екінші орын иеленді. Бәйгеде Алтынцөгцнің аты алдына қара салмады.

Басжүлде автокөлік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*