Шежіре

Көгедай ордасы

Фотосуреттерді түсірген Заңғар КӘРІМХАН. Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/5061 © e-history.kz

Қытай дерегінде: «Көгедай қазақтың гүңі (сұлтаны), Әбілпейіздің алтыншы ұлы, Цяньлүнның 55 жылы (1790 ж.) патшаға сәлем бере келген, патшамыз оған асыл тас тағылған қос көзді тәж кигізген» делінген

КӨГЕДАЙДЫҢ ОРДАСЫ Ресми түрде Шыңғыс қаған ұрпақтары билеген соңғы орда. Көгедай, Найман елін билеген Әбілпейіз сұлтанның алтыншы ұлы. 1785 жылы 12 жасында “12 ұл Абақ Керейге” төре сайланды. Абақ Керейдің киесі Ер Жәнібек батыр бұл жайлы:

“Жігіті бар ел жаудан қорықпайды,

шешені бар ел даудан қорықпайды,

төресі бар ел ханнан қорықпайды,

орының болды кемелді, Керей енді теңелді!”,- деген екен.

Абақ Керей жайлаған Шығыс Қазақстанның Жарма, Көкпекті, Күршім, Катонқарағай, Зайсан аудандары онымен қоса қазіргі Қытайдағы Алтайдың Жеменей, Буыршын, Қаба, Бурылтоғай, Алтай аудандарының жерлері Көгедай ордасы аталды. Қазақ сұлтандары қол астындағы елмен Ресей патшалығының иелігіне өтіп жатқан заманда, Көгедай, Ер Жәнібектің кеңесімен Қытайдың қарамағына өтті. 1790 жылы Көгедай 18 жасында Пекинге барып Мәнжоудың Циянлұн боғдыханына жолығып, Абақ Керей еліне, Зайсан төңірегі мен Алтайдың күн бетіне дейінгі жерін белгілеп, боғдыханнан «Гүң» (сұлтан) лауазымын алып қайтты. Уақыт өте келе, Көгедай ұрпақтары Ресей патшалығынан ығысып, Өр Алтайға қарай, Дүрбіттермен соғыса отырып, ауып, Ордасын қазіргі Қазақстан аумағынан тысқары Өр Алтайға тігеді. 1864 жылғы Шәуешек келісімінен кейін Көгедай Ордасы толығымен Қытай иелігіндегі жерлерді ғана иеленіп қалды. 1949 жылы Көгедай Ордасы Көгедай ұрпағы Зәкихан уаң (хан) кезінде Қытай Халық Республикасы құрамына күшпен қосылып, хандық билік жойылды. Осылайша, 1206 жылдан бастап келе жатқан Шыңғыс қаған әулетінің билігі тоқтады.

Дереккөз: Ерзат Кәрібайдың мақаласынан

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*