4 қазан күні «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры «TURAN QAZAQ суретшілер консолидациясы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Оспан батырдың 120 жылдығына арналған «Тұран романтизмі» атты халықаралық бейнелеу өнер көрмесін өткізбек.
Биыл ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен, Ұлтазаттық қозғалысының қолбасшысы Оспан батыр Сіләмұлының (1899 – 1951) туғанына 120 жыл толды. Осыған орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры, «TURAN-QAZAQ суретшілер консолидациясы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, даңықты батырдың 120 жылдығына арнап, халықаралық деңгейде ауқымды шара ұйымдастырып отыр. Соның бірі Оспан батырға арналған «Тұран романтизмі» атты халықаралық бейнелеу өнер көрмесі.
Бұл көрме Елбасының «Рухани жаңғырк» бағдарламасын нәсихаттау, ел тәуелсіздігін ұлықтау, елім деген ерен тұлғаларды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
көрмеге қойылған туындыларды 4 қазан күні мен 28 қазан күндері аралығында арнайы тағайындалған білікті қазылар алқасы сарапқа салып, жүлделі жүйріктерді анықтайды. Осы уақыт аралығында баспасөзде және өнертанушылар арасында ұсынылған туындылар жайында арнайы талқылау жүргізіледі. Көрменің қортындысы 25 қазанда ақырласып, жүлдегерлер марапатталады.
Жеңімпаз болған кортиналар қайтарылмайды.
Оспан батыр атындағы
Гран Прт (бас жүлде) 1 000 000 теңге (1 адам)
Бірінші орын (1 адам) – 750 000 теңге
Екінші орын (2 адам) – 500 000 теңгеден
Үшінші орын (3 адам) – 250 000 теңгеден
Ұйымдастырушылар: «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры, «TURAN QAZAQ суретшілер консолидациясы»
Көрменің өтетін уақыты 4 қазан күні сағат: 16:00 де.
Өтетін орыны: Алматы қаласы, Көктем шағын ауданы-3, үй 22/1. Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі.