ОСПАН БАТЫР ИСЛАМҰЛЫНЫҢТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ («Азаттықтың өшпес рухы» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясында жасалған баяндама)
Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысы туралы біз құрастырған үш томдық басылымның барысында əр қоғамның, əр ұлттың, əр мемлекеттің, əр түрлі көзқарас иелерінің мүддесін, қарама-қайшы пікірлер мен тұжырымдардың барлығын қамту, əрине, мүмкін болмады. Алайда «ұмытылған мемлекеттің тари- хы» туралы қазақ, қытай, орыс, татар, ұйғыр, монғол, ағылшын, түрік, өзбек, қырғыз тілдеріндегі зерттеулер мен мақалаларды, естеліктерді, мұрағат деректерін оқып шығып, басылымға іріктеп дайындау барысында жəне аяқтау тұсында, іздеген сұрақтарға жауап алудың орнына, қосымша жəне бұрынғыдан да терең əрі талқылы сұрақтар көңілімізде ұялап қалды. Бүгін елеусіз көрініп, ескерусіз қалғандай көрінген Шығыс Түркістанға қатысты геосаяси мəселені түптің түбінде Қазақстанның шүйіле зерттеуіне тура келетініне еш күмəнім жоқ. Осы өлкедегі ұлт-азаттық көтерілісіне тікелей ықпалы мен қатысы болған Қытай, Ресей, Америка, Жапон, Монғолия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Индия, Пəкістан, Түркия мемлекеттерінің де саяси көзқарастары қорытылып, 1945 жылғы Америка, Англия, КСРО – үштігі мен сол жылғы 14 тамыздағы КСРО мен Қытайдың Жиаң Кайши үкіметі арасындағы келісімдерінен бастап, 1949 жылғы ұлт көсемдерінің ұшақ апа- тынан қаза табуына дейінгі аралықтағы талай құпиялардың Тұрсын ЖҰРТБАЙ, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Астана ашылатынына сенемін. Өйткені тарихтың шығыршығы бұл оқиғаны еске түсіретіндей кеңістікке заманнан заман озғанда қайта айналып оралатыны анық. Ал көтеріліс туралы жазбалардың күрделі де ауыр, жауапсыз сұрақтарды маған ұсынуы заңды еді. Түйсікпен түйгенімнен көрі астарлы мағыналар көбейіп кетті. Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері, қарулы көтерілістің тууы, дамуы, азат республика атануы, ұлттық армияның құрылуы, оның жеңіске жетуіне дейінгі қозғалыстың барысы түсінікті. Нұрғожай батыр жазғандай:
«Кейбір ағайындарымыз болса: «Көтерілістің басы дұрыс еді. Аяғы қате болды», – деседі. Расында да, көтерілістің басы дұрыс əрі ғылыми еді. Оның аяғын кім бұзды?» (Азаттықың өшпес рухы. А Сардар 2008, 130-бет).
Жауабы тылсым сұрақ. Сондықтан да мен тарихи оқиғаға төрелік айтпаймын. Тек қойылған мəселелер мен ол тура- лы деректерді қайталай еске сала отырып, оған жауапты əр адамның өз жүрегінен іздеуін өтінемін. Шығыс Түркістан Республикасының президенті Əлиханның бір түнде қолды болып кетуінен басталып, Оспан Исламұлы мен Қалибек Райымбекұлының, Тəкіманның ұлттық май- данды азаматтық соғысқа айналдыруы, республика туының жығылуы, көсемдерінің апатқа ұшырауы, кейінгі кезеңдегі сая- си қудалаулардың түпкі астары – мен танысқан он томға жуық зерттеулерде де толық ашылмапты. Алтайдағы көтерілістің отызыншы жылдардың соңында ұшқын атқаны белгілі. Ал Нылқыдағы ұлт-азаттық қозғалысының басты ұйытқысын Нұрғожай батыр:
«Ресей 1944 жылы 7 қараша күні Құлжаның Нылқы ше- карасынан қазақстандық Əнуар полковник бастаған 2 000 армия адамын (əскерін – Т.Ж.) жасырын өткізді Осыдан кейін Ресей үкіметі бандит Шың Шысайдың орнына келген У Жушиге: «Бізден 2 000 адам қашып өтті. Олар соғыстан қажыған əрі қашқан отан сатқындары, қылмысты эле- менттер еді. Осы адамдарды ұстап беріңіздер, – деп та- лап етті. Бұл не деген ептілік! «Құлжа қозғалысы» дейтін қозғалыс, міне, осы» (сонда, 125-бет), – деп көрсетеді.
Мəселе, қай аймақта қозғалыстың бірінші басталуын- 50 51 да емес, оның бастапқы себебінде. Бұл уəж сол естеліктегі Дəлелханның Оспанның жасағына қосылғанда айтқан:
«Кеңес үкіметі мен Монғолия үкіметі: – Шынайы көмек қыламыз. Жаң Жиешы (Жиаң Кай- ши – Т.Ж.) көп ұзамай жеңіледі. Қытайдағы ішкі соғыстар өте көп. Олар осындай əлсіз болып тұрған кезінде қозғалыс бастап, Шығыс Түркістан да Монғолия сияқты ел бо- лып кетіңдер»,– деп үгіттеді. Ішкі-сыртқы саясаттарыңды Монғолия сияқты өздерің біліңдер» – деген пікір айты- лып еді (сонда, 153-154-беттер)», – деген сөзінде тарихи шындықтың шыжымы жатыр.
Жалпы алғанда, мұнда айтылған толық тəуелсіздік мəселесі түсінікті. Бірақ та КСРО, Англия, АҚШ, Жапон жəне Жиаң Кайши мен Мао Цзе Дун бастаған Қытай үкіметтерінің əскери, саяси, экономикалық үстемдік пен қысым жағдайында, солардың империялық мүддесіне орай шайқалып саяси сақнаға шыққан Шығыс Түркістан Республикасының өмір сүруі мүмкін бе еді? Егерде: 1945 жылғы 14 тамыздағы Ста- лин мен келісіміне дейін жəне одан кейінгі екі жылғы өліарада Оспанның қосыны мен Шығыс Түркістан армиясы өзара төрт жыл қатарынан қақтығыспай, бір майданды бетке алғанда, мейлі социалистік жолға түссін, бəрібір, Шығыс Түркістан тəуелсіз де тиянақты мемлекет құрып үлгерер ме еді? «Біріккен ұлттар ұйымының қарарына сəйкес Ресей, Америка, Англия, Қытай мемлекеттерінің сыртқы істер өкілдері 1945 жылы 3 қарашада Манас өзеніне кеп ту тікпесе» (сонда, 131-бет), шара- сыз күй кешкен саяси тосқауыл қойылмаса, мүмкін еді ғой – де- ген дəмелі ой мені қатты мазалап, соған жауап іздедім. Өзгені былай қойғанда, үш күн соғысып, Шихуды таңға қарай алған кезде, қоянқолтық щайқастан штабқа шақырылған подполковник Жағда Бабалықұлының айтуы бойынша, 1945 жылы 8 қыркүйекте таңғы сағат 8-де соғысты тоқтату тура- лы бұйрық жарияланыпты. Сол кезде ұлт-азаттық армиясының командирлерінің біразы өзін-өзі атып өлтіріпті, алғы шептегі жауынгерлер мылтықтарын тастай салып, мəңгірген күйі ен далаға кетіп қалыпты. Олардың дені кеңестік əскери кеңесшілер екен. Егерде шұғыл түрде кеңес мамандары мен ауыр қару бір түннің ішінде кері əкетілмегенде, ашынған жауынгерлердің бетінен қайтпайтындай, бұйрыққа бойсынбайтындай сыңайы байқалған. Сол кездегі қоғамдық көңіл-күйдің тұрақсыздығын осыдан-ақ байқауға болады.
Шығыс Түркістан Республикасының аты – «Үш Аймақ төңкерісі» деп өзгертілуі, үкімет төрағасы Əлиханның ізім-қайым жоғалуы, ұлттық-азаттық армиясының 30 мың жауынгерінің 25 мыңға жуығы қазақ болса да басшылардың, ар- мия қолбасыларының басқа ұлт өкілдерінен тағайындалуы, Гоминдаңмен келісімге баруы, онда тек ұйғыр автономиясы, ұйғыр тілінің Мемлекеттік тіл ретінде кəдеге асуы, Ішкі армияның құрамын есепте жоқ ұйғыр полкі ретінде жасақтауға ұмтылуы, əрине, майдандағы жанкешті соғысты басынан кешіп жүрген офи- церлер мен майдан командирлеріне күмəн туғызып, күдік ұялатты. Бір қазақты бір қазаққа қырғызып қойып, өздері саяси саудада жүргендей əсер де қалдырды. Əсіресе, сондай бір өзара шайқастан соң құрбандардың өлігін көргенде түңіліп тұрып: «Біз күткен азаттықтың сыбағасы осы ма еді? Ертең осылардың орынында біздің өзіміз қырылып жатпаймыз ба? Бізді де күтіп тұрған осы болмасын. Осыларға қосылып кетсек қайтеді?», – деген Балқаш Бафин сияқты офицерлер де болды. Кейін бұл «Жеті полковниктің ісі» деп аталып, олардың барлығы да жазаға тартылды. 1947 жылы Жағда Бабалықұлы сияқты майдан командирінің өзі Оспан мен Қалибекке іш тартқаны үшін сегіз ай түрмеге қамалды.
Тарихтың өзі берген мүмкіндікті пайдалана алмаған «ұмытылған мелекеттің» өз тарихындағы 400-ге тарта көтерілістен сабақ алмаған бұл қандай ұлт-азаттық қозғалысы? Шет елде ағылшын тілінде жарияланған Томас Лайэрдың «Тибеттен бет алғанда», профессор Линда Бенсонның «Іле көтерілісі», «Қытайдың соңғы көшпенділері» жəне Жеймс Милвардтың «Тоғыз жолдың торабындағы Еуразия» атты еңбектерінде де бұл мəселе бір мүдденің тұрғысынан қамтылыпты. Ал Хасан Оралтай «Елім-айлап өткен өміріндегі» пайымдауларында: «Бұл Оспан батырдың жəне дəл соған мезгілдес Қалибек Хакімнің тəуелсіз Шығыс Түркістан үкіметінен емес … «Үш Аймақ үкіметінен» іргені аулақ са- лып, коммунизмге қарсы күрес бастауы еді. … Бұл арада ол бұрынғы жауы – Гоминдаң үкіметімен ымыраласуға да мəжбүр болды», – деп мəселеге басқаша баға береді. 52 53 Əңгіме «коммунизмде» ғана ма? Тарихи тағылымдарға қарағанда Оспан үш жақты арандатуға түскен. Гоминдаң əскерінің бас қолбасшысы Сүң ши ланның «Бəйтік оқиғасының нақтылы жағдайы мен жарияны» атты естелігіне жүгінсек, Оспанның Шығыс Түркістаннан қол үзуінің басты себебі:
«Екі түрлі көзқарас, екі түрлі мақсат ымыраға келмейді. Ол екі түрлі қайшылыққа айналды. Құлжа жақтың (Шығыс Түркістанның – Т.Ж.) талабының көп болуы, оның үстіне кейбір негізгі мəселелерге (Гоминдаң армиясының Шыңжаңнан шығып кетуін талап етуі сияқты) барып тірелгендіктен, Жан Жыжұңның бұған төтеп бере алмайтынын ескеріп, Құлжа жақты (Шығыс Түркістанды – Т.Ж.) Оспан арқылы бөлшектеп, өзіне түскен басымдылықты жеңілдетпек болды. Жан Жы жұң мұндай шараны сол кезде Нəнжің үкіметі майда- нында тұрып, сөзсіз қолдаған еді. Жан Жыжұң Оспанға қаражат жəне заттай бұйым бергені Іле жақтың (Шығыс Түркістанның – Т.Ж.) тісіне тиді. Оспанға жасырын мылтық, оқ-дəрі жəне телеграф аппаратын беруі Құлжа жаққа (Шығыс Түркістанға – Т.Ж.) мəлім болды. Сөйтіп, Оспанның өздерінің саяси бағытын қолдамайтындығына наразылық тудырды. Олар Дəлелхан арқылы Оспанды əлсіретпек жəне тізгіндемек болды. Сонымен бірге өзіне тартып ынтымақтаспақшы еді. Оспан Үрімжіге екі рет уəкіл жіберіп, Жан Жыжұңның қолдауына ие болғаннан кейін, олар Оспанды дұшпан деп қарап, оны жоғалтпаса болмайды деген танымға келді», – деген (Ғ.Райысұлы. Самұрық.. А. Үш қиян. 2007. 150-бет) арандату əрекетінде жатқаны анық.
Сөйтіп, Оспан батыр 1946 жылдан бастап Гоминдаң жағына шықты да, олардан қару-жарақ, азық-түлік, күш-көлік алып, ар- найы əскери жаттығу өткізіп, Шығыс Түркістанның ұлт-азаттық армиясына қарсы соғысты. Мақсат – біреу, ол – ұлт азаттығы. Ұлтымыз – біреу, ол – қазақ. Өзінің ата жауымен неге, қалай тіл табысты? Шығыс Түркістанның тулақтай туралуына ең бірінші гоминдаң үкіметі мүдделі еді. Ал Кеңес одағы: өздері тарих сахнасына шығарған Шығыс Түркістанның мүддесін асығыс аяққа таптап, уəделерін ұмытып, соншама құныға кірісіп, «Үш Аймақ» пен Гоминдаңның тіл табысуына неге құштар болды? Мəселенің күйдіргі жауабы – Нұрғожай батырдың естелігіне түсінік жазған ғалым Əбдіуақап Қараның (ше- тел ғалымдарының, оның ішінде Оспанның ауылында ай- лап жатқан Маккернанның барлау мəліметі де бар) пікірінше, барлық тағдыр тəлкегі атом бомбасының азығы – уранға бай- ланысты сияқты. И.Курчатов атом бомбасын жасау үшін 50- 100 тонна шикі уран талап етіпті. Ал КСРО-да 1-2 тонна ғана шикізат бар екен. Кеңестік өнеркəсіп қажетті өнімнің 33 пай- ызын ғана өндіре алады екен. Қалған 50 тоннаны жəне одан кейінгі шикізатты Шығыс Германиядан, Чехославакиядан, Бол- гариядан, Польшадан жəне Шығыс Түркістаннан, оның ішінде Көктоғайдан əкелген. Семей полигонына жақын əрі арзан. Сол жылдары қазылған бір шұңқыр – бүкіл Қытайдың Кеңес үкіметі алдындағы қарызын өтепті-міс.
Ал Оспан болса, Пəтхан Сүкірбаевтің естелігіне жүгінсек:
«Осы кезде Оспан «құн дауын» қайырып қойып, Көктоғай кен ауданының мəселесін көтеріп шығады.
– КСРО-нің кеншілері менің рұхсатымсыз жеріме неге келеді? Тегін жатқан байлық қайда бар екен? Шығып кетсін деп адам жіберсем, атты алысқа айдап, созба бұйдалыққа салды. Ендігі шаруа – оларды қарудың күшімен айдап салу,
– деп Дəлелхан Сүкірбаевқа қысым түсіреді ( жинақта).
Сөйтіп, Оспан орыс кен барлаушыларын Алтай кенінен қуып шықты. Ал оны бұған итермелеген жəне ақыл берген, тыңшылық пен елшілікті қатар атқарған, КСРО-нің атом сынағын өткізгені, не өткізбегені туралы хабар беруге жіберілген Маккернан екені қазір күдік тудырмайды. Міне, үшінші арандатушының ара- ны осы арада көрініп отыр. «Сталин жəне атом бомбасы» атты еңбекте бұл мəселе барынша қамтылған. Кеңес барлаушылары Маккернанның тыңшылығын жақсы біліп отырыпты. Ендеше оны паналатып отырған Оспанның тірі жүруі – Кеңес одағының атом бомбасынсыз қалуымен тең еді. Ал оған қол жеткізу үшін Шығыс Түркістан да, Оспан да, тіпті сол тұста азаматтық соғыс жүріп жатқан қытай да оларға бөгет бола алмайтын. Мұқым Азияның асты мен үстін ғана емес, мұқым Тынық мұхитының асты мен үстін бірдей қарумен құрсаған 54 55 Жапонның өзін екі аптаның айналасында быт-шытын шығарған Кеңес армиясы мен Оспанның соңындағы екі ауданның балалы- шағалы көші ерген қосынның ара күшін салыстыруға да келмейтін. Сондықтан да. «Үш Аймақ» пен Гоминдаң, одан кейін Гунсаңдан үкіметтері Көктоғайдың уранын түгел, тіпті, бүкіл Алтайды қазып əкетсе де, мақұл еді. Тек Шығыс Түркістанды қарамағында ұстап қалуды ғана мақсат тұтты. Қытай компартиясының саяси бюросының мүшесі, Орталық Комитетінің төрағасы Лю Шао Ци 1949 жылы маусым мен та- мыз айының аралығында құпия түрде Мəскеуде болды. Сол кез- десуде оған:
«Шыңжанды басып алуда жайбасарлыққа салынуға бол- майды. Өйткені жайбасарлық ағылшындардың Шыңжанға сіңіп кіруіне жағдай жасауы мүмкін. Олар коммунистер- ге қарсы азамат соғысын əрі қарай жалғастыра беру мақсатында мұсылмандарды, тіпті, үндістерді де қозғауы мүмкін. Оны былай қойғанда, Шыңжанда Қытайға шұғыл қажетті мұнай мен мақтаның мол қоры бар. Қытайлар Шыңжанда жан санының əрең 5%-ын иелейді екен. Шыңжанды алғаннан кейін, ондағы қытай тұрғындарының санын 30%-ға дейін арттыру лəзім. Қытай тұрғындарын көшіріп келу – осынау кең-байтақ қазыналы өлкеге жан- жақтылы иелік ету жəне Қытай шекарасын өнімді қорғау үшін керек… Өздеріңіз Ма Буфанның күшін мөлшерлеп көрдіңіздер ме, онда артиллериямен жабдықталған атты əскерлер (кавалерия) баршылық. Егер сіздер қаласаңыздар, біз оның осы атты əскерлерін тез арада талқандап, тоз-тоз ғып жіберетін 40 истребитель (қуа соққылаушы ұшақ) берейік», – деп кеңес беріп, Шыңжанның байлығын есеп- теп, шотқа қағып отырған Сталин Шығыс Түркістанның уранын қалай уыстан шығарсын.
Оның мақсаты қытай мен қазақтың арақатынасын 3:1-ге жеткізу еді. Міне, мəселе қайда? Американың барлаушылары мен елшілерінің дерегіне сүйенген зерттеушілер: Сыртқы Монғолияның тұрақты əскерінің аспаннан да, жерден де, танкіменен де Оспанға шабуыл жасаған атақты «Бəйтік қырғынының» басты себебі осы деп сендіре жазыпты. Расында да, КСРО үшін атом бомбасын қолға түсіру – сол жылдары өмір мен өлімнің шекарасы еді. Міне, мен осы кілтипанға сенемін. Гоминдаң мен Американың арандатуына түскен Оспан жасағы Дəлелханның əскери полкін тас-талқан етті. Оспанмен соғыста, жалпы алғанда, ұлттық армия 4 000 адамынан айы- рылды. Бір полк дерліктей жойылып кетті. 236 тұтқын əскер атылды. Аса діндар, жау жүректі, өте сақ адамның қасындағы ақылшылары мен дін кеңесшісі оқиғаны теріс түсіндіріп, са- насын улады ма екен. Əйтпесе, орысша да, ағылшынша да білетін, Еуропа мен Түркияны айналып келген сауатты діни кеңесші Ғаббас мүфти (Ақас – Т.Ж.) оған қайдан тап болды? Осы мүфти мен Маккернанның арасында əлдеқандай бір бай- ланыс жоқ па? – деген күдік те бас көтереді. Сөйтіп, əр империалардың қыспағына түскен Шығыс Түркістанның азаттық туы Гоминдаң үкіметінің алды- на жығып берілді. Дербес ақша айналыстан алынды. Сап- та тізіліп тұрған ұлттық армияның жауынгерлері əуелі де- мократ қытайға (Гоминдаңға), одан кейін қызыл қытайға (Гунсандаңға) өткізіліп берілді. Қытай армиясы жер дүниені күңірентіп, барабанын соғып, даңғарасын қағып, Шығыс Түркістанды шынымен азат еткендей салтанатпен шеру жасап, туын түсірген ұлт-азаттық армиясының алды- нан өтті. Ұлт-азаттық армиясының жауынгерлері: «Қайран азаттық! Қайран боздақтар! Сорлы Шығыс Түркістан! Не- ткен қасіретті едің. Қайран ел сорың енді қайнайтын болды. Мынау «сарыаяқтар» – азаттық армиясы емес, жазалау арми- ясы. Əй, енді бұл бұғаудан құтыла алмассың! Əттең!..», – деп тапаншаға қолды апарып қайтып жылап тұрды. Ұзамай Оспан да ұсталып, Үрімжінің түрмесіне əкелінді. Шинхай, Ганьсу, Тибет жоталарында жортқан, сол жерге ілгерінді-кейінді ауып барғандардың арасындағы кикілжің мен қақтығыстар, түйелі тоғанаққа алтын тиеп, Тибет жалмандарының қолынан оққа ұшқан, Американың елші- тыңшысы Маккернанның өзі бас сауғалай қашып, Оспанды жалғыз тастап кетуі, «іштен шыққан шұбар жыландардың» шығуы – ақыры Оспанның оқыста, адам сенбейтіндей жағдайда қолға түсуіне əкеп соқты.
Оспанның тергеуі мен сот барысы осы уақытқа дейін құпия күйінде сақталып келеді. Өйткені «құпия тергеуді» арнайы құрылған партия тобы мен қауіпсіздік мекемесі, əскери барлау басқармасы жүргізді. «Ұлттық əдепті сақтау үшін» сол кездегі Қытай халық азаттық армиясының Шыңжан əскери округінің саяси басқармасының орынбасары (Бұл – генерал шеніндегі қолбасылық қызмет еді), қосымша ШҰАР партия мектебінің орынбасар бастығы Жағда Бабалықұлын сот төрағасының орынбасары етіп бекітті. Тергеу мен сот барысы туралы аңызға бергісіз əңгімелер мен дақпырт сөздер осы уақытқа дейін үзілмей айтылып келеді. Сондықтан да осы күндері көзі тірі, ұлт-азаттық армиясының партизандар қосынының, кейіннен эскадрон, ба- тальон, полк командирі ретінде жиырма үш рет майданға кірген, төрт рет түрмеге қамалған, соның үшеуінде Оспан мен Қалибектің көтерілісіне қатысы бар деп айып тағылған, Оспан- мен қарама-қарсы майданда қанды қырғын соғысқа қатысқан Жағда Бабалықұлымен бірнеше қайыра жолығып, əр жолы осы мəселені қазымырлай қаузастырып, қадала сұрадым. Жарты сағатқа созылған.
бұл қысқа бет көрісу – Оспанға қатысты басты үш мəселенің себептерін ашып, түсіндіріп беретін кездесу болыпты. Араларын мыңдаған құрбанның əруағы бөліп тұр. Жағда аңсаған Шығыс Түркістан мемлекеті де жоқ, Оспан аңсаған қазақ мемлекеті де жоқ. Екеуі де ұлтының азаттығы үшін жан алып, жан берді. Ал сол сəтте екеуі де тұтқын еді. Айырмасы, Оспан – соғыс тұтқыны, Жағда
– уақытша бостандықта жүрген саяси тұтқын. Сонда олар өздерінің сарбаздарын не үшін құрбан етті?
«Жағда Бабалықұлы: – Менің сот төрағасының орынба- сары болуым – жай ғана халыққа көз етіп, алдарқату бола- тын. Оспанның ісін қытай коммунистік партиясының ар- найы тексеру тобы, армияның барлау бөлімі мен қауіпсіздік комитетінің, құпия сақшы мекемесінің қытай тергеушілері жүргізді. Мен олар үшін дойбының тасы ғана болатынмын. Тергеуге жақын жолатпады. Қолымыздан келгені ұлттық зиялылар мен қызметкерлер: Оспанды өлім жазасына ке- спей, кешірім жасау туралы хат ұйымдастырдық. Сонда бұрынғы Гоминдаңның да (Жиаң Кайши үкіметінің), кейінгі Гунсаңдаңның да (компартияның) Шығыс Түркістан мəселесіндегі сенімді өкілі, бірегей көсемі, мəйітінің өртенген күлін Шыңжаңға ұшақпен шашуды өсиет еткен жəне кейін ол өсиеті орындалған Уаң Мыңжин: «Оспанға екі-ақ метр жер беремін», – деп жауап берді. Сондықтан да жоғарыдағы құқымды пайдаланып: «Бір тіл қатысып, жауаптасуға қақым бар», – деп жүріп арнайы рұқсат ал- дым. Оспанмен түрменің сұрақ-жауап бөлмесінде оңаша жолықтым. Тым құрығанда үйіне, ұрпағына айтар соңғы аманатын алып шықсам деген де дəме болды. Батыр десе
– батыр тұлғалы, түсі жылы болғанымен мысы басым, сөзі ауыр, емеуірінмен сөйлейтін адам екен: – Жағдамысың. Ақыры осылай бетпе-бет көрістік пе? – деді салмақтап.
Ол өз тағдырының атумен аяқталатынын біледі. Ал мен күдіктің құрсауындамын. Қашан кісен салатынын кім білсін: «Оспанмен, Қалибекпен астыртын байланы- сты» деп өзім құрысқан Шығыс Түркістан мемлекеті сегіз ай тұтқында ұстағанда, мына мемлекеттің маған жаны ашуы мүмкін емес еді. Мұны екеуміз де айтпай түсіністік. Екеуміздің ашық сөйлеспеске, ашық жауап бермеске мұршамыз да жоқ еді. Мен бірден: – Сізге қоятын үш-ақ сұрағым бар. Соның жауабын естиін деп əдейі рұқсат сұрап келдім, – дедім тура сөзге көшіп.– Бірінші сұрағым: «Үш Аймақ»» көтерілісін əуелі өзіңіз бастап алып, ұлт-азаттық мүддесі бір, діні бір, ұлты бір Шығыс Түркістан мемлекеті құрылған соң, сол мелекет- ке неге қарсы шықтыңыз? Неге ата жауыңыз гоминдаңмен бірігіп кеттіңіз? Мен соны түсінбедім», – дедім. Ол маған ауыр да салмақты жанармен қарап қысқа ғана түйіп: – Əлихан атаусыз тындым болды. Кеңес үкіметі ың- шыңсыз оның дымын құртты. Кеңесшілерім: Кеңес үкіметі Өзбекстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Мəскеуде арнайы дайындалып келген коммунистерді үнсіз ғана үкімет басы- на əкелді. Олар дінді жояды. Қатын-балаға ортақ меншік болады. Мал-мүлік тəргіленеді. Мешіттер құлатылады», – 58 59 деп жеткізді. Оған сенбеске амалым қалмады, – деп жауап берді».
рді». Бұл жауапқа не деп уəж айтуға болады. Адамдық тұрғыдан алғанда өте қисынды, ал геосасясат, қарулы майдан, экономикалық қуат тұрғысынан алғанда мүмкін емес жай бо- латын. Шығыс түркістандықтар да орыстың дінін, тілін, ділін қабылдайық деп соғысып жүрген жоқ еді. Мақсаты – им- периялар өзара қырқысып, жансыраған тұстағы тарих бер- ген мүмкіндікті пайдаланып, халықаралық қауымдастық мойындаған дербестікке қол жеткізіп алу еді. Ал азаматтық мəселені содан кейін реттеуге де болатын ба еді? Егер де, Оспан жасақтарына қарсы ұстап отырған Алтайдағы Дəлелхан Сүкірбаевтің дивизиясы Манас өзеніндегі қанды қырғыннан кейін тоз-тозаласы шығуға дайын тұрған гоминдаң əскерінің ту сыртынан шабуыл жасаса жəне Оспанның өз жасағы Үрімжінің желкесінен соққы берсе, Үрімжі – Шығыс Түркістанның қолына өтіп кететіні сөзсіз еді. Үрімжі алынса, Гоминдаңмен де, Кеңес үкіметімен де, тіпті, Америкамен де сөз басқа болатын ба еді, кім білсін. Оның есесіне, өз ішіндегі азаматтық қақтығысқа алты ай уақытты бос өткізіп алды. Тағы да 4 жыл ырғасты. Тіпті елуінші жылдардың ортасына дейін басылған жоқ. (Нысаналы түрде: көтерілістің соңғы жауынгері Ұябай мергеннің мəйіті алпысыншы жылдардың аяғында ағаштың басынан табылғаннан соң ғана бұл көтеріліс толық аяқталды деуге болады).
Бұл екі арада ірі империялардың арасындағы геосая- сат өзгерді. Ұлы Отан соғысы кезіндегі КСРО–Америка–Ан- глия одағы «қырғи қабақ» соғысқа ұласты. КСРО–Жапон– Қытай (Гоминдаң мен Гунсаңдан үкіметі) арасындағы саяси, əскери күштің салмағы ауысты. Бұрын Кеңес үкіметі: Шығыс Түркістанды – өзіне қауіп төндіріп отырған, қытайға билік жүргізген жапон əскеріне қарсы плацдарм ретінде қарастырып, қоластына ұстауға мүдделі еді. Жапондар жеңілді. Шығыстан коммунистік Қытай бас көтерді. Олардың да араны кең, қарымы қуатты еді. Сталин солардың ауызынан сыртқы Монғолияны жырып алды да, Шығыс Түркістанды Қытайдың екі үкіметінің ортасына додаға тастай салды. Ұлт-азаттық армиясының Ма- нас өзеніндегі шабуылының екпінін қатаң бұйрықпен тоқтатты. Ұлт-азаттық армиясы кешігіп қалды. Əйтпесе, сол кездегі ұлттық армияның күші мен рухы, соғыс тəжірибесі сыртқы Монғолияның əскерінен үстем еді. Кеңес үкіметі бір-ақ күнде ауыр, жеңіл қару-жарақты, əскери офицерлерді кері шақырып алып, барлық үміттің жолын кесіп тастады. Шығыс Түркістан азаматтық майданның шырмауында қалды. Оспанмен келісу нəтиже бермеді. Міне, бірінші сұрақтың астарында осындай мəн бар еді. Тек орысша, ағылшынша білетін діни кеңесші кімнің ырқымен жоғарыдағыдай кеңесті берді екен?» – деген ащы өкініш өзегіңді қариды.
«Жағда Бабалықұлы: – Сізге қоятын екінші сұрағым мынадай. Сіз-ғой, батыр адамсыз, діни парыз бен иманның обал-сауабын, кешімін, соғыстың заңдылықтарын жақсы білесіз. Ашық майданда қаза тапқандардың құнын екі жақ та жоқтамайды. Олар – шейіт. Ал тұтқындалған əскер – сіздің дəргейіңіздегі əскер. Соғыс жолында да, дін жолында да олар сіздің қарауыңыздағы мүсəпірлер, əскери мейман. Оның үстіне олар жəне олардың үй-іші, туыстары, рулары – Сіз күресіп жүрген мемлекеттің азаматтары. Бəрі қазақ. Оның ішінде сіздің өз руластарыңыз да бар. Қолға түскен 236 тұтқын əскерді неге аттырдыңыз? Олар да мұсылман еді ғой? – деп сұрадым. – Ол оқиғаның ішінде мен жоқ едім. Бір жас офицер бар еді. Соның білместікпен істегені», – деп жауап беріпті.
Бұл сұрақты қоюға Жағда Бабалықұлының да толық қақы бар еді. Қаза тапқан 4 000 жауынгер мен атылған 236 тұтқынның нақты тізімі, аты-жөні, қай жерде, қалай қазаға ұшырағаны жөнінде əскери есеп қызметінің толық мəліметі, куəлардың жазбалары, олардың мəйіттерінің орыны бар. Одан бас тартуға Оспанның мүмкіндігі жоқ еді. Сондықтан да осы сұрақты Оспанға өзге адамдар қойғанда: «Ақиқатты оқпен өлшейтін соғыс қой бұл. Біз де қырылдық. Ол – ашынғандықтың салдары. Енді не істеуіміз керек еді?» – депті. Шындығында да не істеуі керек еді? Бұл сұрақ жасанып кел- меген, іштен шыққан, бауыры бөлінбеген бауырлас «жауларды да, жауынгерлерді де» қатты толғандырса керек. 60 61 Бірақ, Оспан батыр айтқандай, «ақиқатты оқпен шешетін» қатал да қатыгез, жанкешті заман бауырдың бауырын тілуге жанұшыра жанталастырған. Сөйтіп, Шығыс Түркістан ұлт-азаттық армиясының құрама полкінің көзі жойылады. Өзара соғыстан сескенген Нұрғожай батыр да Оспаннан іргесін ажырата бастайды. Мен бұл оқиғаның баянын оқығанда: мүмкін жалған лақап шығар, мүмкін кездейсоқ оқиға болған шығар деп те ойлағамын. Иманы үйірілер алдында оны Оспанның өзі жоққа шығара алмағанына қарағанда, бұл оқиғаның шын болғаны. Демек, ол арада Оспанның өзі болмағанын ескеріп, мұны 8-қазақ полкіне командирлік еткен Гоминдаң офицерлерінің – «жаугандардың» жауыздығы деп есептеуге болады.
«Жағда Бабалықұлы: «Оспанның осы оқиға үшін қабырғасы қатты қайысатынын аңғардым. Əрі қарай қинамай үшінші сұрағымды қойдым: – Сізден білгім келген үшінші жағдайым мынау.
Сіз – ба- тыр адамсыз, халық батырысыз. Өлімнен қорықпайсыз. Күш те, қуат та, мергендік те, қоянқолтық соғыстың тəжірибесі де бір бойыңызда бар. Астыңыздағы атыңыз да атысқа үйренген сыралғы. Сізде – сыралғы, қолыңызға оңтайлы, түзу бір мылтық бар. Ол от алмаса, қойныңызда оқталған қалта тапаншаңыз бар. Одан қалса – қылпылдаған қанжарыңыз бар. Жау қапылыста қоршағанда неге атыспай қаштыңыз. Сізді қуған он жеті-он сегіздегі, атқа еркін шаба алмайтын, мылтық атып үйренген əскер де емес, əскерді күтуші қытай баласы екен. Ол атпен шауып келе жатқанда оқ атпаған. Атыңыз тайып жығылды дейік. Əлгі балада жалғыз-ақ мылтық бар. Сонда жаңағы екі мылтықтың бірін, не қанжарыңызды пайдаланбай: «Қолыңды көтер!», – дегенде еш қарсылықсыз көтеріп, неге алдыға түсіп жүре бердіңіз? Сіздің мына азапқа түспейтіндей мүмкіндігіңіз бар еді ғой, – дедім. Орынынан қозғалып барып, дауысы күңірене шығып, құмыға, шарасыздықпен: – Құдай қара бастырды ғой. Құдай қара бастырды, – дей берді.
рді. (Ұстап алған əскер – саптағы əскер де емес, кейін оны армия жауынгері ретінде көрсетіпті – Т.Ж.). Түрменің жайы маған мəлім болғандықтан да іштей қамданып барғамын. Əңгімелесе отырып үсті-басын шо- лып шықтым. Көзіме түскені – тырнағы өсіп кеткен екен. Соны алып бердім. Іш киімі кірлеп кетіпті. Дамбалын ауы- стырттым. Бұдан əрі сөзді созудың реті де жоқ еді. Екеуміз үнсіз бақұлдасып, мен ауыр-ауыр ой мен əсер арқалап, шығып кеттім. Оны көшеге шығарып атқан кезде мен қаладан кетіп қалып едім. Үрімжіде, көшеде, қалың жұрттың көзінше атты. Онда ол өзін өр ұстады деп естідім. Бірақ жауының езгісінде қорланып өлді. Менің сол кездегі де, қазіргі де өзекті тырнаған өкінішім – Оспанның осы өлімі». Міне, тағдырдың тəлкегі. Иə, Оспанның өзі айтқандай, құдай қара бастырды деген осы.
Бұған қосымша жəне қандай пікір білдіруге болады? Жалпы оған қақым бар ма? Білмеймін. Бірақ қандайда бір шындықтың сызы өкпені шалады. Тек «Ұмытылған мемлекеттің» тағдырының тарихи сабағы ұмытылмаса екен, осы ұлттық қозғалыс – қазақ тарихшыларының назарын аударса екен деп тілеймін. Өйткені,
Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық идея- сы – Алаштың ұлттық, азаттық идеясының құрамдас бір бөлігі екені анық. Ол идея – 1918 жылы көкек айында Ах- мет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Райымжан Мар- секов, Қанағат Сүлейменов бастатқан алаш көсемдерінің Шəуешекке барған саяси сапарынан бастау алғаны анық. Кеңес идеологиясы мұны кейін азаттық қозғалысының ұйытқысы ретінде ұтымды пайдалана білді. Дегбірсіз уақыт, діттеулі тіршілік, қазақы қағулы тізгін менің мұршамды бұл тақырыпты бұдан əрі тереңдете талдаудан бас тарқызып отыр. Бірақ, ең басты сұрағымның бір куəгерінен жауап алдым. Сонда ойыма: «Тағдыр! Тағдырдың жазмышы бұл. Жазмыштан озмыш жоқ!» – деген халық сөзі есіме түсті. Өзім танысқан он томдық, өзім құрастырған осы үш томдық жинақтың түйіні – тағдыр деген қорытынды жасауға мəжбүр 62 63 етті. Менің сұрақтарымның жауабын – тарихи əфсаналардан емес, көркем шындықтан іздеу керектігіне көзім жетті. Дүниедегі ең жанкешті, ең əділетсіз, ең қасіретті, ең опа- сыз, тозаққа бергісіз тағдыр кешуін басыңнан кешіртетін, отаныңнан айыратын жəне ешқашанда тарихи шындығы ашыл- майтын соғыс – азамат соғысы деген ауыр оймен мен де осы жолдарды аяқтаймын..
Тұрсын ЖҰРТБАЙ,
Л.Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық университетінің
оқытушысы, филология
ғылымдарының докторы,
профессор. Астана