Жаңалықтар

Оспан батыр 120 жыл: Батыр тұлғасын арқау еткен «Тұран романтизмі» атты халықаралық бейнелеу өнер көрмесі ашылды

 

2019 жылы  қазан айының 04 күні сағат «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры  «TURAN-QAZAQ суретшілер  консолидациясы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде қазақ тарихындағы Ұлт азаттығы көтерілісінің белді  Қолбасшыларының бірі – Оспан батыр Сіләмұлының (1899-1951) туғанына 120 жыл толуына арналған «Тұран романтизмі» атты халықаралық бейнелеу өнер көрмесі өткізді. 

Оспан батыр Сіләмұлының туғанына 120 жыл толуына орай өткізіліп отырған шараны «Ер Жәнібек» қорының құрметті президенті, м.ғ.д. академик Мақсұт Темірбаев, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Ақан Әбдуәлиев, «Ер Жәнібек» қорының президенті Жеңіс Түркия, А. Қастеев атындағы өнер мұражайының директоры Гүлмира Шалабаева және «TURAN-QAZAQ» суретшілер консолидациясы» жетекшісі Жанарбек Берістенов қатарлы әр сала өкілдері бастап ашты. Шараның ашылуына зиялы қауым өкілдерімен бірге, өнер сүйер шоғырлы қауым жиналды.

Оспан батыр бейнесі бұған дейін поэзия, проза, драматургия сынды әдебиет пен өнердің бірқатар саласында насихатталған. Бұл батыр есімінің бейнелеу өнерінде алғаш рет кең көлемді насихатталуы. Көрмеге 50-ден астам қылқалам шеберлері қатысқан. 100-ден аса жаңа туындылар қойылған.

Айта кетейік, көрме 25 қазанға дейін жалғасады. «Ер Жәнібек» қоры және «TURAN-QAZAQ» суретшілер консолидациясы» жағынан жарияланған қомақты жүлде қоры бар. Көрмеге қойылған туындыларды арнайы қазылар алқасы сараптай отырып 25 қазан күні жүлдегерлер анықталып, жария етілмек.

 

 

 

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*