Білім

“Мықтың үйі” кімнің үйі?

– Мықтың үйі, үстін баспаңдар, мықтың үйіне қарап қол шығармаңдар, мықтың үйіне қарап дәрет сындырмаңдар, – дейтін ата-ана сөзі ес білгеннен құлағымызға сіңген. Біз оны бұлжытпай орындаушы едік. Көшіп келе жатқанда, жол бойынан үйілген төбе-төбе тастар көрінсе: – Мынау мықтың үйі екен-деп көш айналып өтетін. Содан да біз «Мықтың үйін» ең киелі, қасиетті орын ретінде құрметтеп өстік. Бұл тағылымды бізге үйіреткен, құлаққа құйған сахараның абыз қарттары болатын. Олар ешқандай мектеп көрмесе де, «Мықтың үйі» деген осы бір ауыз сөзімен ұлы тарихытың жүлгесін бізге тастап кетіпті-ау…
Ақ айыл тарихты үнсіз бауырына басып, Алтайдың ранотты алқаптарында, жал, жоталарында жатқан сол «Мықтың үйі» хақында бір үзік ой айтуға тур келді. Ауызша тарихты Ақселеу абыз айырықша бағалап, астарына бекер үңілмеген сияқты. Ел шінде бір ауыз сөз, бостан-бос тарамайды екен. Ол шақта аталардың нықтап айтқан әр сөзінде, қалайда бір дерек, мән болатын кім ескерген. Ата сөзін қайталай еске салған, ойлануға жетелеген, қазақтың шежіре тарихы, көшпелілер тарихы, күллі түркілерге, сақтарға, сарматтарға қатысты деректер еді…

«Қазақтың тарихи ескі шежіресінде қазақ даласында ертеде тұрған халық “Мық” деп аталған. Мық сөзі – мықты, мықын деген мағынада қолданылған және ол сол халықтың күшітілігін көрсеткен. Еуразия кеңстігіндегі ең іргелі халық осылар еді. Алғашқы қалаларды, алғашқы металлургиялық өндірістерді, некрополдарды (жер асты үйлері) қорғандарды мықтар кірпіш пен тастан салған. Артынан “Шырайшы” деген халық пайда болды» дейді шежіре. (207-бет). Шырақшы деген сөз солардан қалған болар…

Бұл күнде адамдар ындыны өзгерді. Алтын, қу дүние үшін, сол ғасырлар бойы қарамекенін күзетіп жатқан мықтың үйлерін қазып тоз-тозын шығарды… Әсіресе, қытайдағы Алтай, Тарбағай, Іле, Баркөл маңындағы “Мықтың үйлері” аяншыты тонауға қазуға ұшырауда… Көл-көсір тарихты бір ауыз сөзімен ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап, «Мықтың үйін» өз үйімізден де қасиетті, киелі етіп санамызға сіңіріп кеткен қайран ата-бабам-ай деші!

Қуаныш Ілиясұлы

6alash

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*