Ер Жәнібек баба рухына арналады.
Ішінде Алты Алаштың затың дара,
Жыр жаздым өзіңе арнап батыр баба.
Басыңа жиналды жұрт “Жәнібек” деп,
Аттаған азаттықпен ғасыр жаңа.
Аззаттық ұйтқысы боп бірлігімнің,
Өзіңді еске алатын туды күнім.
Айналып алтын қазық – кесенеңді,
Оралып келген мен де бір құлынмын.
Ерлігі бүгінгіге болған аңыз,
Жан баба рухыңды еске ап толғанамыз.
Сертке берік өзіңдей ер өтіпті,
Серік боп Абылайдай ханға нағыз.
Күшіңді көкбөрілі нұрдан беріп,
Алла артықша жаратқан бір жан дедік.
“Аңырақай шайқасын” аңыз етсем,
Ұлы тарих елестейді тұлғаң болып.
“Ұрпағымды тыныштыққа кенелтемін”,-
деп армандап өтіпсің ел ертеңін.
Орындалып ер баба сол арманың,
Өтіп жатыр 300 жылдық мерейтойың.
Көкдөнендей жорықта талмайтұғын,
Саңылақтарың әлі бар самғайтұғын.
Алаңсыз бол, өзіңдей туа бермек,
Батыр ұрпақ рухыңды жалғайтұғын.
Бостандық деп аталған бағытпенен,
“Жәнібек, Жәнібек!”- деп шауып келем.
Рухыңды мәңгілік ұлықтауға,
Кесенеңнің алдында ант берем!