Жаңалықтар

Қадыр Мырзалиевке ескерткіш тақта қойылды

Қадыр МырзалиевАлматыда Қазақстанның халық жазушысы, ақын, Қазақстан Республикасы алғашқы әнұранының сөзін жазған автордың бірі – Қадыр Мырзалиевке ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты ашылу рәсіміне ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, ақынның туыстары мен қала әкімшілігінің өкілдері қатысты. Ескерткіш тақта Қадыр Мырзалиев атындағы қоғамдық қордың бастамасымен қаламгердің тұрған үйіне орнатылды. Қадыр Мырзалиев – қазақ әдебиетінің қорына өшпес мұра қалдырған дарын иесі.  50-ден астам өлеңдер жинағы, әдеби-сынақ және балалар кітаптары мен 200-ден астам ән мәтінінің авторы. Оның өлеңдері орыс, ағылшын, француз, фин, қырғыз, татар және басқа да әлем тілдеріне аударылған. Сондай-ақ, қаламгер әлем әдебиетінің үздік туындыларын қазақ тіліне аударып, көркем аударма саласына елеулі үлес қосты.

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, АҚЫН:
– Иә, ол дүниені терең бағамдай білген керемет философ, ақын. Қадір жырының бір ерекшелігі – ақынның терең ойшылдығында болатын және де Қарекең інжу-маржан ұлттық мұрадан армансыз сусындап, дана халқының ең асыл қасиеттерін қанына мол сіңірген өте білімпаз, парасатты  жан еді. Қадір қаламынан туған сөздің көбі ел ауызынан түспейтін қанатты сөзге, айшықты афоризмге, ұтқыр мақал-мәтелге, әсем әнге айналып жататаны сондықтан болса керек.

Салтанат МЫРЗАЛИЕВА, Қ. МЫРЗАЛИЕВТІҢ ЖАРЫ:
– Көз алдымнан экранда өткендей мен біздердің құлыншақтай жас кезіміздегі осындағы жүрген, екі үйдің ортасында жүрген қалжыңдар, бір-бірімізге қонақ болып барып жүргендегі әзіл-ойқастар, әлгі «шырқата салған әндер-ай,» – деп Қадір өзі айтқандай, – «қайда кеттіңдер армандар мен мұңдар-ай», – өзі жырлағандай, сол кездер есіме түсіп тұр. Сіздерге көп-көп рахмет қастерлеп келгендеріңіз үшін.

kazakh TV


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*