1228 жылы. Араб саяхатшысы жəне жазушысы Мұхаммед Əл-Ауфи 1228 жылы Үндiстанда «Таңдаулы əңгiмелер мен аңыздар жинағы» («Жəмихəлхикаят О Доам Əлраүт») атты кiтап жазған. Осы кiтапта: “Алтайды мекендеген қарлықтар. тоғыз ұлысқа бөлiнген, бұлардың iшiнде үш тайпа шығыл, үш ұлыс қазақ бар”, – дейдi. Қарлықтардың Жетiсудағы үкiмет билiгiн қолына алып, қарлық қоғамдастығын құруы 766 жылдардың шамасында болған. Үш ұлыс қазақ сол кезде қарлықтар қол астында болған екен. “Үш ұлыс” дегеннен бертінгі “үш жүз” деген де еске оралады. 1245 жылы. “Қазақ” термині 1245 жылы Мəмлүк (Мамлюк) мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде, түрікше-арабша сөздігінде кездеседі екен. “Сөздікте “үйлі қазақ”, “үйі бар қазақ”, ат үстінде жүретін “үйсіз қазақ” (əскер) деп жазған”[625]. Г. И. Рамстер қазақ терминін XIII ғасырда хатталған «Қасиетті жылнамадағы» моңғолдың “хасаг-терген” деген сөз тіркесіне тірейді екен. Ол сөз арбаны білдірген. Қазақты құраған тайпалардың (əсіресе қаңлылардың) арбалы болғаны рас. Моңғолша тэрэг дегеннің арба екені, қазақты хасаг дейтіні де шындық. Сонда ол “қазақ арба” дегендік қой. Алайда бұл пікірді А. Н. Самойлович, С. К. Ибрагимов сықылды ғалымдар құптамайды. 1356 жылы. Вильяминов-Зернов жинаған мəліметте “1356 жылы қазақтар Мауреннаһрға шабуыл жасады” деген дерек бар. 1376 жылы. “Шарафуддиннің баяндауынша, 1376 жылы Темірдің əскерінде “Қазақ мыңы” болған. Ол кездегі қазақтар, əсіресе, Андижанды билеп отырған Темірдің баласы Омар Шайықтың төңірегінде көп болған. Шарафуддин оларды “Хоженд қазақтары”, “Андижан қазақтары” дейді. Оған кірген қазақ тайпалары жалайыр, арғын, дулат, қаңлы, сіргелі, қоңырат, т. б.”.
1397-1410 жылдары. Осы кезде “Қырым татарларының біразы Литва еліне ауып барған. Литва королінің хат тасушысы болған татарлар қазақ атанған. Ол кезде орыстың казак-орыс дегендері шықпаған кез еді”.
1480-1500 жылдары. Ютков «қазақтың аты» деген еңбегінде: “1480жылы, Грузия регионындағы түрік тілді шаруашы тайпа өздерін қазақпыз дейді екен” депті. Орыс тарихшысы Карамзин: “1481 жылы Алтын орданың соңғы ханы Ахметке Шейбандық Ибақ хан бір мың қазағымен шабуыл жасады, ал ноғай мырзалары Мұса, Жаңбыршы 15 мың қазағымен шабуыл жасап, Ахметті өлтірді. 1499 жылы татар қазақтары мен Азов қазақтары Козельск маңындағыОлешино селосын басып алған” депті. Бұл қазақтардың Алтынордаəскеріне қатысуына қатысты деректер көрінеді.