Posted by erjanibek
2014 ж. Қаңтар 27, 22:54 +06 | 2 160 рет оқылды
Серік Әбілұлы Қытай халық республикасының Шыңжаң өңіріндегі Алтай аймағы Үліңгір көлі бойында, Жетіарал деген жерде дүние есігін ашқан. Шыңжаң Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін, Шыңжаң партия мектебінің экономикалық басқару факультетін бітірген. «Дариға-ай», «Шолпан», «Самал» публицистикалық, «Күміс жебе», «Қобыз сарыны», «Аққу арман» жыр жинақтары, «Күн» атты балаларға арналған шалқыма, балладалар жинағының авторы. Жиырмадан астам әннің, алпыстан астам ән мәтінінің авторы. Ақпанның 3-інде Алматыдағы Қазақ концерт залында Серік Әбілұлының «Әжемнің иісі» атты шығармашылық кеші өтпек.