Шежіре

Болат Бопайұлы: Мағаз Разданұлы хақында

Жа, Мағаз Разданұлы хақында көп сөз айтып көпірудің , артық айтып ділгірсудің , көсемсіп шешенсудің қажеті жоқ. Мағаз бір беткей адам, алып ақын, ақ иық Алтай қыраны.
Мақаңның үш кезеңдегі үш шумақ өлеңін тілге тйек етіп ,аз тарқатсақ та аржағынан бір ғасырдың ғаламат жүгін арқалап тұрған арда ақынның ақ жарқын бейнесін толық көреміз.
Мағаз сонау 1958 жылы қытайдың тарым тұрмесіне айдалды.Қол- аияғына кісен мен көзір салынды. Осы кезде қаламдас қабырғалас досы , Алтайдың Күңгейі атанған атақты жазушы Күңгей Мүхажанұлы екеуі бірге қолға алынды, бірге Тарымға айдалды. Сот үкімі жарияланып , Тарымға айдалып бара жатқан жолда:
– Е, Мақа, маңғазым-ау, қайран ерлер қытай тұрмесінде жирма жыл кісен- көзірмен өтеміз бе? – деп ауыр күрсінген Күнгей Мүхажанұлы Мағазға ойлы көзімен жауап күткедей қарады.Сонда Маңғаз мақаң:

Ер жасып мүңаияма ажырғыға,
Немене ауыр бейнет сабырлыға.
Жеті мың үш жүз түннің басты үйқысын,
Жайлап сал төсегіңді абыржыма.
( Мағаз Разданұлы)

Деп өнер тіл, өлең ділмен үн қатты, салмақты сабырлы қозғалмастай ой қортты. Алдағы ауыр күндерді, тұрмедегі қара түндерді ” пішту ” қүрлы көрмеді, елес қүрлы көріп елемеді ескермеді, уайым жеп езілмеді…
Қызық мінез.
Жоқ, қызық емес. Ерлік мінез, бйік бейне, өр түлға, өркенді өмір,өлмес жігер…
Маңғаз мақаң қайын жүртына, қалындығына кетіп бара жатқандай, қытай түрмесіне де маң – маң басқан түиедей бейнесімен еңсесін тұсірмей кіріп бара жатты.
Иа, ерге тән ерлік, еркін басқаға бйлетпейтін бйлік деген осы. Өрлік- өшсе, өмір көлеңке тартады, жігер сөнсе, жігіт түбіт болады. Ұлт рухы солады.Соны солдырмайтын халықтың қара нар азаматы қай жерде де қасқайып тұрады. Мағаз маңғазындай.
Бұл аз, жетпейді.
Жер көтермес ауыды,алай дүлей дауыды Мағаз көтерді.Қара нар тартпас жүкті тартты,халыққа жапқан жаланы өз мойнына артты.Сүйтіп елін қүтқарып қалды. Оттан қайтпай, соттан жасқанбай халық қамын арқалап, ар таразысына салып салмақтап көрді де , малым жанымның , жаным арымның садақасы деп жирма жылға сотталып кете барды.
Бұл уақыт аз уақыт емес еді. Жирма жыл жыландай оралған тұрмедегі уытты қара шубар түндер еді ғой.Мүздай суық ызғарлы күндер еді ғой. Қандай жүрек қайғырмай қасқайып тұрады, қандай ер қайыспай шыңғырмай шыдап Тұрады, жай пенде үшін шыдау да тыңдау да ауыр әрі қиын.
Ал өнердің Әбухаят суымен суарылған мүшелісі ғасырдан қайырылатын Мағаз үшін тобығынан келмейтін топан су ғана еді.
Қойсай, нені ?
Шылбыр сөз, қашаған ой, тобан аяқ қүр қүғақ қиялды.
Жаз, нені ?
Өнегелі өнерді, өлмес өмірді. Маңғаз мағыналы тірлікті, удай ашты шындықты.
Жа, Мағаз кешкен өмір – қазақ кешкен өмір.Мағаз жазған өлең- қазақ жазған өлең, Мағаз жатқан тұрме- қазақ жатқан тұрме.
Ол – заман аспанда тор, жерде қақпан қүрған , арты қаран заман.Қанды ауыз ғасыр,мыстан уақыт, жендет желкелеген кезқүйрықты кез.
Иа, өлең сарбазы, өнер егейі Мағаз ол кезді кертіп айтып, кесіп жеткізіп ,бір шумақ өлеңмен шыр айналдырып, шып – шырғасын шығармай шырыштай топқа тоқ еткізіп жеткізіп ,жетесінен жеке шумаққа сиғыза салды.
Біз Мақаңның өлеңінің өрнегінде өрілген өрісті ойға қайталап соғып өтейікші.
Қанды ғасыр ұлтқа не істеді, ұлға не көрсетті, ұлыны қайда әкетті ?
Ұлының қол-аияғын көзірлеп байлады, тас қараңғы тұрмеге қамады. Азат басын азаптады,ақ ісін қаралады,жеті атасын боқтады, шерік ғасырға соттады. Аузы -мүрны жоқ тас тұрмеге қамады, қорлады, зорлады , аяусыз қйнады.
Қазақтың қайыспас қара нардай қайсар ұлы Мағаз оны мазақ етті, азап етпеді.Абыржымады,саспады,даурығп аспады, рухын сөндірмей бйік үстады. Ғасыр ғаламатын, дәуір дйдарын қара нар өлеңіне жүктеп, келер уақыттың қанжығасына байлап ,уақыт сырғысымен алға үзатып отырды. Келешек қоржынын өлеңмен тоқтап толтырып отырды.
Түнектен, тұрмеден , қанды түғырдан босап , қайта көтерілген бала тірнек , баршынға айналғанда , туған жер, ата мекеніне өлең арнап, өрісті жырмен жұртына оралды:

Сәлем саған алтайым,
Тентегің сонша сағынды.
Жоғалып кеткен бір таиың,
Тарландап келіп табылды.

Рас-ау, күні бүгін де осы өлеңді жатқа білмейтін қазақ баласы жоқ. Өлеңнің бой түмарыдай әр қүлақтан кіріп, әр санаға сіңіп,тіл үйіріп жатталып қалған,жүрт жерегінде сақталып қалған. Келер үрпақа да үпайын жоғалтпай үласа береді.
Ия, солай, Мағаздың артында қалған арда халқы Маңғаз ұлының марқа өлеңдерін осылай жаттап өтпек, үрпақ көкірегіне сақтап өтпек.
Мағаз өлеңі – өткір қандауыр, алмас қылыш. Қышыған жердің қанды сарсуын шығарып шабақтап шағып тастайды. Өсекшінің өкпесін тесіп , індетін тауып іргесін ашып тастайды.

Ақымақ ақыл иесін,
Күндемей қалай күн көрмек.
Мықтыға жағып күйесін,
Жүреді тауып күнде ермек.

Жарасса егер айһайы,
Үдете тұсер оибайын.
Өсектің шыбжың майталы,
Былғайды сонда борбайын.
( Мағаз Разданұлы)

Мына тотияиын сөз, қорғасын ой,удай тілді тармақтап талдаудың өзі қйын. Оқшантаидан алынған , адырнадан тартылған улы жебе өсекшінің өкпесіне дүп тйіп тесіп өте шықты, өсектің аяғын сындырды,бақайын шақты. Ар сотына тартты, намыс отына өртеді. Жаман ойды тажалға тамыздық етті,жаһанамның тұбіне тықты. сүйтіп өсекке орын қалтырмады.
Жа, Мағаз аға , жатқан жерің жаннат болсын.Топырағың торқа болғай, ұлылығың үрпаққа ұлағат болып қонғай. Даналығың дарын болып дарығай.
Арда ақынның ақ иық өлеңдері алтай , тарбағатай , іле, алтау -тауланың үшар басында қырандай айналып үшып барады. Болашаққа тартып барады.
“Дара түлғалар ” атты кітапімнен .

Болат Бопайұлы
28. 10. 2000 жыл. Алматы.

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*