Сәуірдің 20 күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының, карантин күндерін жатақханада өткізіп жатқан тыңдаушыларына азық-түлік жеткізіліп берілді.
Бұл іске аталмыш оқу орынының жуналистика факултетінің аға оқытушысы Мұрат Шаймаранұлы мен Дайындық бөлімі кафедрасының мұғалімі Бапай Ұлан бастамашы болған. Адақ Ақыбайұлы, Бахаргүл Табысқызы қатарлы қайырымды жандар қол үшін созған.
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ғы дейінгі Дайындық бөлімінде шетелден келген қандастарымыз білім алады. Осы жолғы төтенше жағдайға байланысты қала жабылғанда, олардың біразы шетелдегі үйлеріне қайта алмағандықтан жатақханада қалуларына тура келген.
Қазір елуге жуық студент жатақханада тұрып жатыр. Айта кететін бір жәйт осыған дейінде дайындық кафедрасының ұстаздары науырыз мерекесіне жұмсалатын қаржыларын осы жатақхананың студенттерінің азық-түлік, тұрмыстық қаражатына арнаған болатын.
Дайындаған: Мағаз Ретбек