Қазақ халқының салт- дәстүрі сарқылмайтын көзді бүлақ,таусылмайтын кен, арылмайтын бағалы байлық. Ол – ғасырлар бойына туып қалыптасты, жатталып жалғасты,сақталып сабақтасты, дәуірлеп дамыды. Бейне теңізден інжу маржан сүзгендей реттеліп іріленіп бізге жетті. Көк мүхиттай түнып жатқан халық қазынасына үңілер болсақ, заман- заманан үзілмей үрдісін үзбей , қалпын сақтап , ғасыр аттап , қаймағымен қалқып бізге жеткен асыл мүраларымыздың бір парасы ” Қазақ халқының жоқтау жырлары”. Бүдан басқа да тақырыптар баршылық. Оларды санап сапқа түрғызып айтар болсақ, сан жетпейді,толағай жырдың тоғызын айтсақ та көңіл көншйді. Мәселен, асыл сөз үлгілері ретінде атар болсақ ” Өлең- жырлар”,”Ақыл- нақылдар”,” Мақал- мәтел, тәмсіл сөздер”, ” Аңыз – хйкиялар”, ” Бал баталар”,” Берекелі беташарлар”, “Сырлы сыңсулар”, ” Күрсінді күрсінулер”, ” Езіле естртулер”, ” Көсіле көңіл айтулар”,” Жоғын жоқтаулар”,” Тебіренткен термелер”, ” Қанаты қара сөздер”,” Қүлақтан кіріп бойды алған тәтті күйлер”,” Алтын дауысты асқақ әндер”, ” Сыңсыған сыбызғылар” Т.Б. Лар.Бәрі халық қазынасы.
Жа, осынау ұланғайр мол мүраларымызды хатқа түсіріу, баспадан шығару жүмыстары тынбай жалғасын тауып , тоқтауыз атқарылып келеді.Бүл қуанар да қүптарлық жай. Деседе зертеу ары қарай талдау оқу қүралданына енгізу жағы әлі де болса кенже жатыр…
Қазақ халқының ұлы тарихы – неше мыңдаған өлең, жыр, дастандармен , көрікті көркем сөздермен өрілгенін жалпақ жүрт тегіс біледі. Ұлт тарихын үрпаққа жетелеп жеткізудің ең маңдай алды қүралы- оқулық. Олай деудегі мақсат білімдарлықтың үш алтын өзегі бар. Тарихты білу, бүгінді сезу, болшақты болжау осы білімнің жетелі жолы. Бүл оқу қүралдары арқылы іске асатын өте маңызды жүмыс.Жас буын үрпақтың сәбй қүлағына оқулық арқылы үиялтуға болады. Бүл бүгінгі үрпақ, ұлт қамын жейтін зиялы қауымың атқауға тйісті міндеті, азаматтық парызы.
Ия, ғасыр көзінен, тарих тезінен сүрінбей жеткен асыл қазына, алтын мүра, бай салт дәстүрлеріміздің қара көзіндей мөлдіреп тұрған бір жанры- “Қазақ халқының жоқтау жырлары” кең өріс ашып , кемелді зертеу тақырыбын таппай келеді. Мен бүгін өз қалам қарымым жеткенше аз да болса қаузап халыққа үсыныуды жөн санадым.
Жа, жоқтау деген не?
Жоқтау- қазақ халқының қазалы жолында , қайтқан , қайтыс болған ( Өлген) адамның үй-ішіндегі туыстары сол адамды қаралы жыр айтып жоқтап дауыс қылалы.Мүнда Қайтыс болған адамның өз жүрты, қайын жүрты, нағашы жүрты, жақын жамағайындары,қүда жағынан қатысатын қатындар ( әиелдер) сол күні сол үйге жиналады да қолдарына орамал- шыт алып беттерін басып жоқтау жырын айтады.Әр әиел әр түрлі қайғылы , азалы , мүңлы әуенге келтіріп , жоқтау мазмүндағы өлең сөзбен жоқтайды.Қаралы жырда қайтқан адамның тірі кезіндегі жақсылығы, кісілігі,артықшылығы, ары мен ақылы, мінез- қүлқы , ел- жүртпен болған қарым- қатынасы, қоғамдағы орны, бет пен беделі , туысқа баурмалдығы түгел қосылып айтылады.Артында қалған туыс, отбасы адамдарының да зар болып зарығып қалғаны да қосыла жырланады. Мүны қазақ ғүрпында ” Жоқтау жыр” немесе ” Жоқтау” деп атайды.
Қазақтың бас ақыны Абай Қүнанбай” Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең” деген өлеңмен өрген өрісті сөзі осыны дүп басып айтып, дәп басып жеткізіп тұрмай ма.
Қазақ халқында бала шыр етіп алақанға тұскен күні ” Шілдехана” күзетіп , әсем әнмен сәбй қүлағын шілде жырымен ашады, жарық дүниені өлең бесігінде көреді. Ал дүниеден қайтқанда жер бесікке жоқтау жырымен кіреді.
Ойланып отырсаң қазақ халқының күллі өмірі өлең өнер бесігінде тербеліп өтеді екен-ау деп түйесің. Аз өмірдің , қысқа ғүмырдың, бес күндік жалған дүниенің , алдамшы көңілдің ажарында ән ашатын, жыр басатын сияқты.
Рас-ау, өмірі де өлең, өлімі де өлеңге айналып кеткен қасиетті халықтың бар тариқы өлеңмен өрілгенінің сыры содан екеніне көзің жетеді, көңілің марқайяды.
Өлең демеші, өлең – өнер, өрісті өмір.
Абай Қүнанбайша айтқанда ” Өлең сөздің – патшасы, сөз сарасы” көркем көкіректің айнасы. Соны жете меңгерген дана қазақ ата қазақ күллі өмірін өлеңмен өрнектеп, өлеңмен өнегелеп кеткені айдай ақихат.
Әне жоқтау жырының да өзіне хас қаралы әуені, азалы сөзі бар. Сөз мазмүнында аса терең тәрбиелік тәртіп, үлгі мен өнеге бар.әшілік әуен, ақындық шабыт, жыршылдық сыр бар. Өлеңді қолма -қол үстінде қүрап айту,қиуадан тауып, қайғысын жауып жүрекке сөз жеткізу сынды шеберлік бар. Мүнда зар жылаған суық сарынды , мүңлы дауыс, қайғылы үн, азалы әуен , сүңқылдаған жылау адам сезімін толқытып жыламас жанардан жас моншақтатады. Бүл дауысты естіген көңіл айта келген адамдардың өзінің іші- бауры елжіреп, ән мен әуенге елтіп , қабырғалары қайғыдан қаһырап бірге жылап, бірге жоқтап кетеді.
Иа, солай.
Жоқтау жырының езіле еңіреген боздауық салқын сарынынан санаң сан- саққа тартып оиянады.Сезімің сенделіп сең соққандай мүңлы, азалы күй кешесің.Жаның жылап , қүлағың шулап , сөз қүдіретінен именесің, еңсең бір тұсіп барып йлесің. Содай тарихта өткен, өмірде болған жан жылатар , сезім оиятар боздауық жырды сөйлетіп көрейік.
Есмағамбет дүниелен қайтқанда , Қарпық Шолақұы жырау мынадай жоқтау жыр жазған екен:
Бйсімилла, сөздің басына,
Ағайын келді қасыма.
Бір күнгідей болмаған,
Дүние деген осы ма?!
Көңілден қайғы босаттым,
Келерме көздің жасына?!
Жылмай неғып шыдайын,
Кешегі өткен асылға.
Асылым тұсті қолымнан,
Қанатым сынды оңымнан.
Қүдай қосқан жайсаңым,
Адастырлы жолымнан.
Отыз төртке келгенде,
Үядан үшты алғаным.
Дүниенің білдім жалғанын,
Мезгілсіз келді кезегің,
Қызығыңа қанбадым.
Кәлем шәріп зат оқып,
Йслам жолын аңдадың.
Жан тәсілім болғанша,
Ақылыңнан танбадың.
Сонда да біліп ойладың,
Қүдаидың салған назарын.
Амандаспай сол күні,
Көңілде болды арманың.
Арыздастың жүртыңмен,
Бүйрығы да Алланың.
Йманыңлы қүрметтеп,
Періште келсін қасыңа,
Артыңда қалған бір нашар,
Іздегенмен табар ма?!
Кешегі сөнген шам- шырақ,
Орнына қайтып жанар ма?!
Дүние дәулет болса да,
Алғанымның түсындай,
Енді дәурен болар ма?!
Деп боздаса, Аиекені жоқтағанда одан да ары ағытыла түседі:
Айналайын, әке жан,
Қараның болдың ханындай.
Қарайғанды ықтаттың,
Қамысқа түскен жалындай.
Орта жүздің көркі едің,
Қоңыраулы бүира нарындай.
Ағайынды жиналың,
Алпыс ұилі ауылдай.
Орынды болды орасан,
“Мың жылқының” қауындай.
Көпке пайдаң көп тиді,
Көктемдегі жауындай.
Желпініп қалды жемісің,
Жаңа піскен қауындай.
Өте шықты сүм жалған,
Бәйге атының шаңындай.
Адыра қалды ақ ордаң,
Иесіз қалған ауылдай.
Жа, шешенім , мына жоқтауды айтқан адамға қандай тілмен тоқтау айтасың.Тек қана ағыл-тегіл ілесе жылап, бордай егіліп бірге боздап кетесің. Тілің күрмеліп не айтарыңды білмей өзіңмен өзің тынасың…
Қарашы, тыңдашы.
Тауып айтқан жоқтауға кейде айтар тоқтау жоқ.сай сүиекті сырқыратады,жүректі жұлқып-жұлқып та қалады.Атам қазақ” Өлімді күнгі өлеңді естіме,жаныңнан қасым боласың” деп жас сәбй балаларды қаралы, қащалы жерге апартпаушы едіғой. Шын жоқтауға тұк те тоқтау жоқ. Езіле естисің, ес жиясың, күрсінесің, күңіренесің,ақ үрып үһілеисің бәрі бекер жалған дүние екеніне көзің жетеді, көңілің қаита танып оиянасың, әлгінде айтылған жоқтау түп- түгел қүлағыңда қалады.Қаитқан адамның өнегелі өмірі көз алдыңнан көк бүлттай қалқып өте шығады. Аз өмір, түтам ғүмыр шақшадай басыңа шардай ои салады,қүлазыған көңіліңді ойсыратады.
Демек, қазақ халқының жоқтау жырының мазмүнында нар көтермес жүк бар,жер көтермес мүң бар,керемет өмірлік түжырым бар. Артқы үрпаққа қалтырар аманат бар.
Қазақ халқының жоқтау жыры мазмүндық мағынасы жағынан қайтыс болған адамды жоқтау, туған жерін (кіндік қаны тамған жерді) жоқау, жоғалған малын жоқтау,ел мен жүртын жоқтау, оған арнап көріс айту сынды түрлерге бөлінеді.
Ал көріс айту үш үлкен мащмүнға бөлінеді.
Көріс айтудың бірінші түрі- Адамы қайтыс болып жоқтау айтылып жатқан қаралы шаңырақтың адамдарына арнайы көңіл айта келіп, үйдің түла ту сыртынан озандап келіп , үйде жоқтау айтып отырған үй иелеріне келіп қүшақтап көріс айту арқырлы бет көріседі.Сонымен көрісу мен жоқтау араласқан зарлы үн, қайғылы дауысқа үласып, үй іші мүнарлы мүңға айналады, жасты көзге толады.
Қазақтың мүндай көріс мазмүнында қайтыс болған адамды жоқтау,тірі адамға көңіл айту, аман-сәлем ету, қоса қайғыру сынды жақындық , адамгершілік мазмүн түгел қамтылады.Мысалы:
Жылқы ішінде ала жүр,
Алаға қүрық сала жүр.
Жыламайын десем де,
Артта жетім бала жүр.
Айналайын , қүдайым,
Бір өзіңе жылайын.
Өткенге бер йман,
Тіріге береке сүрайын.
Жыламашы қарағым,
Аманбысың шырағым.
Бір айналып келгенше,
Қүлап та қапты-ау, түрағым.
Кеше де жүрген апамсың,
Бейіштен жансын шырағы.
Жаннаттан болсын түрағы,
Өседе берсін үрпағы.
Әне, мына көрісуде жоқтау да , тоқтау да , көңіл айту да, амандық сүрау да бар. Өлі – тіріні түгел риза еткендей. Кең мазмүн, бай ақыл, йман тілеу, бақыт шақырып , сабырға тоқтау сынды парасат тегіс қамтылған.
Ол ғана емес.
Басы қаралы, жүрегі жаралы болып зар еңіреп еңсесі түсіп отырған қайяу көңілді, жүлеу мүңлы жандандың жанын жылтатын сөз айтып,өмірге , тірлікке қайта үміттендіреді.
Керемет. оының бәрі болбыраған бос сөз емес,алтындай жарқыраған жанды жылтар жылы шуақты сөздер. Йманды ыждағатты сөздер.Өлімді күнді, қаралы түнді де өлең өнерімен жап-жарық нүрға бөлеп түрғандай.
Саралап даналап қуатты ойдан бас қүрап айтқан ақыл сөздер қайғының қара тонын шешкізіп, “түстік өмірің болса, кештік мал жи” деп жарқыраған өмірге жебеп жетелеп шығады.
Көрісудің екінші түрі-алыс жылдар бойы , алыс жердегі туыстарымен бет көрісе алмай, араға алыс жылдар салып келіп көріскенде айтылатын көрісу болып табылалы.
Көрісудің бүл түрінде бүрынғы өткен адамдарға йман келтіріп жақсы сөзбен көңіл айтысады,қалғандарына амандық тілеп амандасады.Сүитіп жоқтауға көріс айтып тоқтау салады. Көрісудің бүл түрінде өлімді күндегідей ашты зар, қосалы дауыс шығармайды, зарланбайды.Сағынышын басу, жарқылап жылап түрып амандасу,бірін- бірі көргеніне үшкірлік ету сынды мазмүндар қамтылады.Суық сүркейлі дауысқа айналдырмайды,қаита ерке назды сөзбен, жанды шуаққа бөлеитін қоңыр тәтті әуенмен көріседі. Үзақ жыламайды, жаман ырым болмасын, жақсы күнге жамандық шақырмайық деп үиғарады.
Көрісудің үшінші түрі- үзатылар қыз тойы аяқталар алдында , үзатылатын қыз әке-шешесіне,әпеке-сіңлісіне,аға- баурына,басқада ет жақын туыстарына, көршілеріне, үй босағасына өлеңмен көріс айталы . Мүны қазақ салтында ” Сыңсу ” деп те атайды.
Қыз Сыңсуының мазмүнында , мүнарлы көруінде қуаныш та, туған жері мен елін қимастық та болады.Әрине той болған соң, қызық қызып жатқан соң жарқылдаған қуаныш басым, сезім тасқынды болады.Қайғы мен мүңға орын берілмейді. Салқындыққа жол жоқ, сүлу мүң, қоңыр үн, тәтті әуенмен ерке наз есіп тұрады. Майда жібек дауыспен жиектеп айтып жеткізеді.Жыласа да күлкі аралас күміс қоңыраулы ашық үн, бұлтсыз ой аңғарылып тұрады.Қыз қабағынан қырау байқалмауы шарт.Сыңсу сөзінде отты тәтті ақ жарма тілектер ақтарылып жатады. Жылаудан гөрі күлу, күрсінуден гөрі көңілдену , марқа көңілден мақпал сөз айтып қоштасу басым түседі.
Жа, жасанып жаннат төрінде отырған хор қызындай қынай бел, қырмызы қыздың ақтық жыры, сылқым сыры , сетер сезімі тал бойына қүп жарасып,нәзік ойын одан ары әрлеп жібереді. Оның үкі қауырсынындай үлпілдеген уыз үніне еліткен ел қызыға қарап , қырмызы қызды үзатып салуға дайындалады.Қыз қүрбылары да осы сәтте қызға да қызғана да қарап өздері де үзатылудың жолын іздеп , жан-жағына оияна ғашық көзбен қарай бастайды.
Әне, көрісу жырында телегей теңіз сыр бар, қүпия қызық қыр бар дейтіні содан…
Қазақ көрісіндегі біріші көрісуді ” Қаралы көріс” десе, екінші көрісуді ” Амандасу- сәлемдеу” дейді, үшіншісін ” Қыз назы”,” Қоштасу жыры”, ” Қыл бұла”,” Табалдырық жыры “,” Ерке жыр” деп те атайды.
Қазақтың арлы да ақылды, жыршы да әнші,бйші де өнерлі қыздарының өмірлері өнегеге толы.Басқаны айтпағанда көріс айтып үщатылғалы түрған , сыңсып түрған қызына қызыға қарап, қызған балап , қызға ілесіп сыңсу айтып ,бірге жырлап, бірге жылап кетеді:
Есік алды қара ағаш,
Қабығын алсам жалаңаш,
Үзатылып барам-ау,
Әке бір кәрі, баур жас,
Есік алды ошаған,
Үстатпайды қашаған.
Қайта айналып келгенше,
Аман да болсын босағам.
Керімсал менің кең өлкем,
Кетемін сенен мен ертең.
Аймалап мені қар салар,
Алдымнан шығып қай еркем.
Базардан келген қүиысқан,
Тарамай шашім үиысқан.
Келіп те кітіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан.
Ақ үйдің сәні дөдеге,
Ақ сүңқар ілер бөдене.
Айналайын туыстар,
Сендерсіз сәнім келеме.
Ақ үйге салған ұзігім,
Қолыма салған жүзігім.
Ақ ордадай үйімнің,
Көре алмай кітім қызығын.
Қайран ауылым қалды-ау,
Қарасам көзім талды-ау.
Әлпештеген ел-жүртым,
Артымда үзап қалды-ау.
Міне, керемет, ән желіктірген қыз бойынан асау-асау қүмарлық толқыны көрінеді, нәзік жүректің туған жерін қимай қынжылған ілтипаты білінеді, жан тебірентер, жүрек толқытар сырлы сыңсу, қош айтып көрісуге үласып, үлан асыр ұлы далаға жыр қанатын бырақ қағады.Қызғалдақ қыздың қырмызы жырынан оның балаң кез, бал дәурен, уыз мінезді , сүт таңдай , аң маңдай кездері тізьектеліп қыз жібекің көшіндей көз алдыңнан өтеді.
Жа, қос етек көйлек киіп, аққдай адын көлде сыланып , таранынып , назданып отырған үзатылар сәттегі қазақ қызының қүлын дауыс, бота мүсін бейнесіне еш сүлулық тең келмес.
Йа, ол осынау ақтық жырын айтып болып , ертең -ақ , қыздық өміріне қош айтады. Одан ары қарай келін, келіншек, қатын , бәибіше, ана болып, толып шыға келеді. Әиел заты үшін мына жалған дүниеле ақ жаулықты ана болу, нәресте сүиу, бала тәрбиелеп бақытты етуден асқан бақыт болмақ емес.Қыз өмірі одан басқа бақытпен толмақ емес.
Қазақ халқының жоқтау жырлары форма( Пішін ) , жанрлық жақтан екі түрге бөлінеді.
Бірі жоғарыда келтірілгендей өлең-жыр ( Поиезя ) үлгісінде келеді. Екінші қара сөз түрінде ( Проза ) үлгісінде жолығады. Жоқтау жырының өлеңмен айтылатын тамыры тым тереңде жатыр, арғы алыс ғасырлардан 5- 8 ғасырдағы күллі түрік таипаларына ортақ ескі ескерткіштерден бастау алады. Орхон жазуларынан , қүлып тастардан табылады.
Түркі хағандары Білгіхаған , Күлтегін батыр, Тоң-Көх жыраулардың басына қойылған 7-8 ғасырлардағы қүлыптастарында өлең сөз үлгісіндегі жоқтау жырлары дәлел болады. Мүны қазақ ” Тасдақ дастаны”, ” Тасдақ жырлары” , ” Тасдақ жоқтаулары” деп атайды.Себебі ерте ғасырларда қазақтың арғы тегін қүрайтын Сақ, Үйсін, Қаңлы , Т.Б тайпалардың қоныс еткен мекендеріндегі таңбалы тастар да Орхон жазуымен жазылған осындай жоқтау жырлары табылып жатыр.
Сол кездегі Орхон жаулары Үйсін мемлекеттінің жазуы болған. Бүл жазу арқылы сол замандарда үйсін хағанаты Иранға, Визентияға, Табығашқа( қытайға) елшілік хаттар жазып қарым-қатынастар жасап отырған, дүниеден өткен атақты адамдардың басына, қүлыптастарға осы жазумен жоқтау жырларын оиып жазып ескеріткіштер қалтырып отырған.
Иа, қазақ халқына мирас болып жеткен жоқтау, естірту, көңіл аиту жырлары осы үлгіде сақталып қалған.Айта берсек барлық Ефостық ( Батырлық) жыр-дастандардың алғашқы жазу тәсілдері де сол хағанат кезінде қолданған жазу үлгілерінен өрнек алып дамығанын аңғаруға болады.
Ал қазақ халқының қара сөз түріндегі жоқтау сөздері ертедегі ертегілер мен аңыздардан бастау алатыны бесенеден белгілі.Мәселен, Жиренше шешеннің әйелі Қарашаш қайтыс болғандағы естірту сөзі, жоқтаудың қара сөз түріне жатады.
Жа, түп ғасыр түбінен түрін өзгертпей ,сабақтасып сақталып жеткен қазақтың жоқтау сөзі мен жоқтау жырлары күні бүгінгі таңғада үласып ұлы сөз қүретімен жалғасып келеді.Түрмыс салт-дәстүріміге жылқы майындай сіңіп бір жола орнығып та кетті.Бір адам дүниеден қаитса, жоқтауыз аттандырмайды. Ел ішінде белді , беделді, білімді, білікті адам дүниеден озса, ақын жазушыларымыз жоқтау жырын арнап жазады, не қаралы сөз арнайды.
Қытай жерінде жасаған ғүлама ақын, тарихшы,ғалым Асқар Татанайұлы дүние салғанда, Белгілі ақын, ағартушы Бердібек Қүржықай мынадай жоқтау жыр арнағаны әлі есімде:
Сүбіхан Алла сүмдық қой Асқар қүлау,
Кеудеге салбыраған бастар мынау.
Қазақтың таиыхтағы бар өнерін,
Ол дүниеге бырақ алып кете жаздадың-ау.
Деп жоқтау жырын жазған еді.
Қазақтың бұлбұл әншісі Күлаш Байсейіт дүнеден озғанда даңықты ақын Сыбай Мәулен :
Қазақтың көзін жүмды бұлбұл қызы,
Үзілді сабағынан гүл қырмызы.
Жарқ етіп көріді де , ағып тұсті.
Алматы аспанының бір жұлдызы.
Деп жоқтайды әрі жалпақ жүртқа естіртеді.
Йя, бәрін айт та бірін айт.Тоқсан ауыз тобығын айналдырмай тоқ еткізіп айтсақ. Жоқтау жырлары қазақа ғана тән асыл мүра, алтын қазына. Екі дүниеге арналған арқау жыр.арда өлең, айшықты өнер…
Болат Бопайұлы
1990 жыл. Үрімжі қаласы.