Мағжанның түрік тақырыбын жырлауы, қазақтың түп тарихыніздеп ел тарихын терең түсіндіру еді. Тек бір ғана «Түркістан» өлеңі арқылы тарихидаму жолдарымызбен, ел сыйлаған батырларымызбен, хандарымызбен, Ұлықбектей ғалымдарымызбен таныстыруды мақсат еткенін өлеңдерін талдай отырып дәлелдеу. Мағжанның шығармаларындағы символизм шетел әдебиетінің ақын жазушыларының шығармашылығымен байланыстырылады.
ХХ ғасырдың басында білім мен ғылымның ұлт тағдырында алатын орны, оның өзектілігі туралы мәселе қозғаған қазақ зиялыларының көшбасшысы А.Байтұрсынов жанұшыра ұмытылмас жасау керектігін ескерткен. Сол көкейтесті мәселе әлі күнге дейін мәнін жойған жоқ. Сондықтан көпшілікті, оның ішінде ұстаздар қауымын ойландыруы хақ. Ұлы ұстаз: «Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұратындығын, кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен екенін көріп тұрамыз. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші»[1,265]. Алаш ардақтысы, ұлттық педагогикамыздың негізін қалаушылардың бірі М.Жұмабаев: «Біз дәл қазір ұлттық мектептің берік негізін қалауымыз керек. Соңғы кездері біз соқыр еліктеу ауруына шалдыққанымызды ескеруіміз керек. Бұл дерт жаңа мектептің негіздерін құруда ғана емес, шаруашылық және саяси өмірдегі қайта құруда да байқалады. Біз қазақтың жанына жаңа бейне беруіміз керек. Қазақтың жанын басқа үлгіге қарай ауыстыру қорқыныш тудырады. Жаңа мектептің негізін қалай отырып, осы соқыр еліктеу жолына тағы да түсіп кетпегеніміз дұрыс болар еді» [2,49] деген болатын. Қазақ жастарының бойындағы қабілеттерін ел мүддесі үшін қолдана білуін, танымдық жаңашылдыққа бет алуын арман етті.
Мағжан тек, романтик символист, реалист ақын емес, қоғамдық саяси қайшылықтарды сынауы, кемшілікті көре білген реалистік көзқарасын білдіреді. «Бір күні», «Түн еді», «Қойшы бала мен күшік», «Жылқышының үйінде» т.б. Романтикалық өлеңдері. «Есімде… тек таң атсын», «Тез барам», «Мен жастарға серемін». Мағжан ақындығымен бірге тарлан жазушы екендігін «Шолпанның күнәсі» повесінде жазып кеткендіктен, психологиялық роман екендігіне терең тоқталамыз. Шолпан образын жасаудағы реалистік көзқарасы мен қазақ әдебиетіне әкелген жаңа әдеби әдісімен танысамыз және осы повесте Батыстың сентименталистік сарынын реалистік шыншылдықпен қалай астастырғанын айқындаймыз. Мағжан поэзиясында түрік тақырыбының тууына ықпал болған себептер, отаршылдыққа қарсылық, ұлттар бостандығы мен теңдігі үшін күрес. Мағжанның түрік тақырыбын жырлауы, қазақтың түп тарихын іздеп ел тарихын терең түсіндіру еді. Тек бір ғана «Түркістан» өлеңі арқылы тарихи даму жолдарымызбен, ел сыйлаған батырларымызбен, хандарымызбен, Ұлықбектей ғалымдарымызбен таныстыруды мақсат еткенін: «Орал», «Орал тауы», «Алыстағы бауырыма», «Қазақ тілі», «Түркістан», «Жер жүзіне» өлеңдерін талдай
отырып дәлелдеу. Мағжанның шығармаларындағы символизм шетел әдебиетінің ақын жазушыларының шығармашылығымен байланыстырылады. Символдық өлеңдері. «Сүйгеніме», «Жоғалған алтын», «жарыма», «Қараңғылық қоюланып келеді, «Шолпы»,
Мистикалық образдау. «От», «Пайғамбар», «Гүлсімге», «Г-ге», «Қысқы жолда, «жазғы жолда», «Бостандық», «Балапан қанат қақты», «Жұмбақ», «Батқан күн, атқан таңның жыры», «Қараңғы дауылды түнде», «Толқын», «Қайың», «Александар Блок», «Еңбек өлім жан қанатын қиятын», «Шойын жол», Сентименталтзмдік сезім. «Жігер, шіркін, желінді», «Батыр Баянның кіріспесі», «Қойлыбайдың Қобызының соңғы жолдары. «Жер жүзін топан басса екен», «Жаралы жан», «Адастым», «Бүгінгі күн өмір, өлім менікі», «Баланың қабір тасына», «Шылым», «Алдамшы өмір», «Болса гүлсіз», «Мені де, өлім әлдиле», «Тірілдім», «Еңбек-өлім, жан қанатын қиятын», «Өміріме өкпем», Мағжан шығармашылығындағы бейнелеу ақын өлеңдеріндегі романтикалық сарынменде
байланысты. Сондықтан Мағжанның поэзиясындағы романтизм жанрлық жағынан соны емес, жаңа қоғам орнатуды аңсаған прогрессивтік бағыттағы сарын. Сондықтан ақын өлеңдеріндегі романтикалық сарын Батыс ақындары мен орыс ақындары, қазақ
романтикасының негізін салушы Махамбет өлеңдерімен салыстыра оқытылады. Романтикалық сарындағы өлеңдерін студенттердің өздері талдайды.
ХХ ғасырдың 20–30-шы жылдарында Мағжанның лирикалық өлеңдерін әдебиет зерттеушілері сынға алып, онда эстетикалық мән жоқ дегенге келді. С. Мұқанов Мағжан поэиясын қатты сынға алды. Мағжан лирикасы төңірегіндегі даудың ушығуына Ғ. Тоғжановта баспасөз беттерінде сындар айтты. Шындығында Мағжан лирикаларындағы эротикалық сарын қазақ әдебиетіне Батыс Европа мен орыс әдебиетінің үлгісіндегі жанр әкелу мақсатынан. Олар: «Сүй, жан сәулем», «Сен сұлу», «Хор сипатты қарындас», «Күміс нұрлы ай», «Төгілген шашы», «Күміс нұрлы ай», «Ес кірген соң», «Сүйгенім анық», «Жас сұлуға», «Алданған сұлу, «№ға» т. б. Лекция оқу кезінде осы өлеңдердің жанрлық ерекшелігін Гете, Фет, Мережковский өлеңдерімен салыстыра айту мақсатымыз болмақ. «Сүйгенім анық», «Жан жарымды бір сүйейін түсімде», «Айрылғанда» өлеңдерін студенттерге талдату арқылы тақырыпты меңгеруге тәрбиелеу. Мағжан лирикалары туралы М. Базарбаевтың, Б.Дәрімбетовтың, М.Әлімбаевтың, Қ. Мырзалиев, т.б. зерттеушілердің пікірлерін өлеңдерін талдату кезінде студенттерге оқыту. Табиғат лирикасына қатысты өлеңдер: «Жел», «Жұлдыздарға», «Жазғы түнде», «Көкшетау», «Қайың», «Өзеннің суын жел тербеп», «Күзді күні», «Еділдің сағасында». Мағжанның поэзиясында фольклорды пайдалануының үш себебіне тоқталу. Халық ауыз әдебиетін халықтың санасын оятып, сол арқылы әлеуметтік орта мен қоғамдағы келеңсіздікпен күресуді мақсат етті. Ақын халық ауыз әдебиетін жинаумен айналыса отырып, мынадай мақалалар жазды. «Базар жырау», «Әбубәкәр ақсақал Дибаев», «Наурыз», «Ақан сері». Тарихи аңыздардың негізінде поэмалар жазды. «Батыр Баян», «Қорқыт», «Қанышбай қысасы», «Оқжетпестің қиясында» поэмадағы тарихи шындық. «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» , «Толғау»,» Тоқсанның тобы» поэмалары арқылы, қазақ әдебиетінің генетикалық нәрі ұлттық қайнарда екендігін дәлелдеген. Мағжанның фольклорды пайдалануы екі кезеңде көрінеді. Алғашқысы Қазан төңкерісіне дейін, екіншісі Қазан төңкерісінен кейін. Өзге ұлттардың шығармашылығын ауыз әдебиетінің үлгісімен жазған. «Жүсіп хан», «Өтірік өлең(Өтірік ертек та аталған.) «Тоқсанның тобы», «Толғау». Фольклорлық сюжетке құрылған өлеңдер: «Қос мүйізді Ескендір», «Зуһра», фольклордың кіші жанрларын пайдалануы. «Жұмбақ», «Ата, бата». «Сал-сал білек», «Бөбектің тілегі», «Бесік жыры», «Еслам қазасына көңіл айту». Осы өлеңдердің ішіндегі шешендік сөздер. Фольклорлық сюжеттерді пайдалану арқылы қазақ әдебиетіне әкелген жанрлық жаңалықтары.
Мақала авторы: А. Өскенбаева. Сулейман Демирел атындағы университет, Қаскелен, Қазақстан.
Әдебиеттер
1 Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы.4-том / А. Байтұрсынұлы. – Алматы:
Алаш, 2006. – 425 б.
2 Жұмабаев М. Үш томдық толық шығармалар жинағы. 3-том / М. Жұмабаев. –Алматы:
Жазушы, 2003. – 124 б.
3 Назарбаев Н. Қазақстан халқына жолдау. «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» / Н. Назарбаев. – Астана: Егемен Қазақстан, 2014. – 120 б.
4 Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет / М. Базарбаев. – А. «Ғылым», 1997. – 216 б.
5 Байтанова Б. Жұмабаев шығармашылығына шолу // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1996. –
Т.1, №1. – Б. 50-61