Арысы құлап алтайдың. . .
(Мағаз Разданұлына)
Төбесін жайлап қара бұлт,
Жүлқыған дауыл жүрегін.
Көрінген қайта ағарып,
Алтайдың ақбас шыңы едің.
Қалқып та алған халқының,
Қара сөзінің мәйегін.
Тарландап барып табылған,
Қазақтың жалғыз тайы едің.
Абайдай алып дананың,
Айтылмай қалған сөзісің.
Абақтай асыл ананың,
Артында қалған көзісің.
Жолыңа қанша сәт тілеп,
Әз халқың бүгін сабылды.
Ақшағыл менен Ақтүбек,
Анаңдай аңсап сағынды.
Ертістің бойы ен тоғай,
Есіліп шертер мың ырғақ.
Айтама мұқыл кәрі терек,
Ескі бір мұңды сыбырлап.
Дулайтың – жасыл айдының,
Осыдан барма асқан бақ?!
Аққуы болып оралдың,
Жанардан ыстық жас парлап.
Күңіреніп қобыз көкірек,
Мазаңды талай кетірді.
Мағаз боп бүгін маңайың,
Сөйлеп те кеткен секілді.
Мұнарлы тауды бетке алып,
Арманыңды іздеп көшеді ел.
Көшбасшысы жоқ, көп халық,
Адасып кетсек кеше көр.
Арысы құлап алтайдың,
Аспанын басты сұр тұман.
Ақиқ ұшты асқарға,
Аңыздардың жұртынан,
Абыздардың жұртынан.
1999 ж. Қыркүйек