Алтай аңызы

Ақын Болмас Төлемісұлы жайында…

Қуаныш Ілияс: Халқының жүрегінде Болмас ақын

 

Аңдатпа:2005-жылы мамыр айында алтай қаласы абитан қалашығы қызыл үйеңкі қыстағындағы ақын атаның қара шаңырағына барған едік. бақыт болмас ұлының бастауында, ол кісі жайында көптеген матерялдарға ие болдық. бұл мақала да сол сапар да жазылды…
-автор

Халқының жүрегінде Болмас ақын,

Болмастай енді қайта болмас ақын!

Сонау жыл Астанада әнге салған,

Әнші әрі адуынды сол жас ақын.

Жағалап Ертіс бойын өлең төккен,

Ертемен ерттеп мініп жалдас атын!

Астынан алты қырдың әнге салып,

Арманымен өрлі- қырлы жол басатын!

Шарық ұрып шат заманда қуанады,

Мұң басып енді бірде сорласа ақын!

Болмаста бәрі болған, сәні болған,

Халқының өр рухын қорғасатын!

Халқының жүрегінде болмас ақын!

Иә, сонау бір қазиек таулардың арасымен шалғай бір жаққа жол алып бара жатқаныңда, алыстан талығып ән жетсе, желдің қанатымен күй, судың сарылымен сарынды жыр жетсе, сол таулардай үнсіз ұзақ қарап, күрсіне тұрып, тоғанағы тоқ әдебиет – көркемөнерімізде өзіндік орыны, үлесі бар. Бірақ,  ұмытшақ жылдардың парағында елеусіз шаң басып, қала берген өнер иесін еске алар едіңіз! Иә, ол кім дейсіз ғой ол Болмас Төлемісұлы.

Болмас Төлемісұлы 1909 жылы, ару Қабаның Алқабек өзені бойында, малшы отбасында өмір есігін ашады. Бесігі Аққабаның самалы, Алқабектың сарынымен тербетіліп тәй -тәй баса бастаған Болмастың үш жасында әкесі қайтыс болады да, содан былай жарда ойнаған лақтай балғын ғұмыры кісі есігінде өтеді. Шер көңіл жадау бала сонда да өзгелерден өжеттігімен көзге түсе бастайды. Қозы жайып өрістен қайтқанда ән салып оралса, кешке жақын қайда той болса, соған барып, босағадан сығалап ән жаттап, күй тыңдайды. Өз талантына осылай жол ашқан бала Болмас ән мен күйге, өлең -жырға болмысымен беріледі.

Жоқшылық пен жетімдік желкелеген болашақ ақын 1920 жылы, 11 жасында домбырасын көтеріп күн көрістің қамы үшін Ертісті жағалап буршынға келеді. Бұл елден Бейсенбі күйлерін үйреніп шабыт алған онерпаз, қараша халықтың көкірегіне байланған шерді, халықтың тұрмысын өлең – жыр, ойлы күй етіп халық арасына тарата бастайды. Оның “Өмір суреті “, “Шіңгіл шырғалаңы ” атты толғауы, “Атадан алтау туса бір жалғыздық “, атты күйі өксіген өмірдің, аумалы – төкпелі жағыдайдың, сағыныш пен мұңға, арманға толы қамкоңыл кеуденің келісті картинасы.

Болмас заман оңалып, басындағы қара тұман сейілгеннен кейін, ел бірлігін, өз заманын, махаббатты, достықты жырлады. қашанда, өмірдің шындығын алтын арқау етіп, қарапайым түсіп жататын ақын жырлары сол тұстың айнасы болды.

1953 жылы автономиялы райондық кәсіптен сыртқы әдебиет – көркемөнершілер жиналысына тұңғыш рет қатынасқан ақын, тап бермеде тауып айтқан отты өлеңдерімен, әндерін домбыраға қосып жарастыра шырқап халықтың алқауына бөленеді. Әрі “Халық ақыны” деген атқа ие болады.
Осыдан кейін 1964 жылы, Іле қазақ автономиялы обылысының он жылдық торқалы тойына өлеңмен шәшу шашып, үздік нәтиже көрсеткен өнерпаз  Бейжіңде өтетін 56 ұлыттың өнер бәсекесіне қатынасуға жолдама алады.

Бір кездері әз әуенін айадай жерден ары асыра алмай қор болған бала Болмас, енді міне Қазақ тай халқының атынан қытай астанасында бұлбұл үнін сайратып, қазақтың халық әндерін Астана айасынан, Ұлы қорған саласынан ары қалықтатты.

“Астананы көрдім “, “Әсем Құлжа” қатарлы әндері осы сапарлардың туындысы еді. Бұл ғана емес, Болмас Төлемісұлы өзі білген халық ән – күйлерін ел арасына кеңінен таратушы. Ақынның біраз өлеңдері алманақтарға кіргенмен әлі басылым көрмеген шығармалары ұрпақтары қолында сақтаулы тұр .

Өнерге өзіндік болмысымен келіп, адал еңбек етіп жатқан өнерпазды аты шулы «Мәдениет төңкерісінің» қара құйыны іліп әкетті де, жалған жала жабылып, ауыр қинау астында сұраққа тартылып азапты жұмысқа жегілді. Тауқыметты күндерін қайта бастаған Болмас әтіреттің сиырын жайа жүріп, ескен желге ән қосты. Атыз басында аққан терімен көкірегіне жыр жазды. Айаулы ақын, әнші Болмас Төлемісұлы осылайша артына азда болса саз рухани азық қалдырды. Өкіншке орай, 1964 жылы, 11 қазанда Алтай қаласы, Әбитан ауылында айдауда жүріп аулақтағы әлде бір ескі тамның ішінде дем алып отырған қалпы келмес сапарға аттанды. Өнерпаздың жыр – әні, күйі халқымен бірге жасай бермек!

Қуаныш Ілиясұлы. 2005 жыл тамыз

 

 

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*