Жаңалықтар

Наурызда Mонғолдың “TALAN” телеарнасы қазақ дәстүрін кеңінен дәріптеді.(Видео)

21 Наурыз. Монғолдың “Талын” телеарнасында «Жыл басы Наурыз – 2021»  атты бағдарлама көрерменге жол тартты,-деп хабарлайды KAZNEWS сайты. Бағдарлама Моңғолия Жастар одағының Ұланбатыр қаласындағы Баян-Өлгей жастар бөлімшесі мен Нұрбек Жырғауұлы жетекшілік ететін «Өлгейімнің өркені» мемлекеттік емес ұйымының қолдауымен ел назарына ұсынылды.  Бағдарламада қазақ халқының салт дәстүрі дәріптеліп, Моңғол халқына Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы туралы кең көлемде ақпарат берілді.

Бағдарламаның толық нұсқасын мына сілеме арқылы көре аласыздар.

https://www.facebook.com/taliinmongoltv/videos/437596694187404

Салтанатты шара барысында Моңғолия эстрадасындағы қазақ халқынан шыққан жұлдыздар әнмен шәшу шашып, бишілер мың бұрала би биледі.

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*