Бегалиева Айша Карипжановна, Алматы облысы ауылдық округінде 1958 жылы еңбекші отбасында дүниеге келді. 1965 жылы онжылдық мектебінің 1-сыныбына барды, 1976 жылы онжылдық мектепті бітірді. 1979 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті тарих факультетіне түсіп, 1985 жылы тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірді. 1979 жылы наурыз айынан 1980 жылға дейін қазақ мемлекеттік университетінің жоғары оқу орындары мұғалімдерінің білім жетілдіру факультетінің деканатында методист қызметін атқарды. Ал 1980 жылдан 1993 жылға дейін Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде қызмет атқарды. Университет қабырғаларында жүргенде көптеген қоғамдық жұмыстарға (комсомол комитетінде, кәсіподақ ұйымдарында, көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшесі, спорттық жарыстарға т.б.) белсене араласып, комсомол, кәсіподақ конференциясына, съездеріне делегат болып сайланған. 1993-1997 жылдар аралығында Абай атындағы педагогикалық университетінің аспирантурасында оқып жүріп, 1993-2007 жылдары Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінде аға оқытушы болып қызмет атқарды. 2007-2008 жылдары Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында Қазақстан тарихы пәнінен дәріс берді. Сонымен қатар ғылыми жұмыстары: «Қазақстанның ЖЭС және қайта құру жылдардығы аграрлық секторы: мәселені тарихи салыстырмалы талдау» атты тақырыпта ғылыми жұмыс істеп жүр.
2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін шетел азаматтарына арналған білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оралман, ауған тыңдаушыларына «Қазақтан тарихы» пәнінен дәріс беріп келеді. Университетте еңбек еткен жылдары университет көлемінде өтілген дөңгелек үстелге, онлайн-конференцияларға қатысып, ұйымдастырушылардың бірі.
Бегалиева Айша Каріпжанқызы оралман топтары арнаған Қазақстан тарихы пәнінен оқу бағдарламаларын, аралық бақылау тест нұсқауларын дайындады. Жалпы еңбек өтілі -43 жыл. (Педагогикалык енбек өтiлімі – 28 жыл). Ұстаздық тәжірбиесін және әдістемелік кәсіби біліктілігін арттырып, үнемі ізденіп, тыңбай еңбек етеді. Кәсіпқой оқытушы, мінезі салмақты, ұстамды, тиянақты, мейірімді, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Өз ұжымында, тыңдаушылар арасында беделді.
2009 жылдан бастап ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде тарих пәнінің аға оқытушысы болып еңбек етіп келеді. Университетте еңбек етіп жүрген жылдары университет тарапынан бірнеше рет алғыс алды, алғыстар жеке еңбек кітапшасына жазылған. Қазақ және орыс тілдерін жетік біледі.
Ағылшын тілінен сөздіктердің көмегімен аудара алады. MS WORD, Internet Expoler бағдарламаларымен еркін жұмыс істей алады. Ұстаздық тәжірибеcі мен әдістемелік-кәсіби біліктілігн арттыру жолында тынбай еңбек етіп, үнемі ізденіп жүреді. Осы еңбек еткен жылдар ішінде «Қазақстан тарихы пәнін оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулық», «Қазақстан тарихы» оқу құралы және т.б. сол сияқты 100-ден астам ғылыми-әдістемелік, имидждік еңбектерім отандық және АҚШ, Ресей, БАЭ, Қытай, Канада, Түркия секілді алыс-таяу шетелдердің шетелдік баспасөз беттерінде және Томсон Рейтерстің, Скопустың базасында индекстелетін импакт-факторы жоғары ғылыми журналдарда 3 мақаласы жарияланды және 8 әдістемелік-оқу құралы, 2 нұсқаулықтың мен 2 ұжымдық монографияның авторы, серіктес авторы. Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің озық үлгілерін таныстыра отырып, өзгетілді дәрісханаға қазақ тарихын меңгертуді мақсатында «Қазақстан тарихы» оқу-әдістемелік құралын жаздым, ҰБТ және кешенді тестілеуге талапкерлерді дайындай мақсатында жазылған «Қазақстан тарихы» оқу құралы, осы ағымдағы оқу жылы университет баспасында жарияланды. Қазақ халқының ұлттық мәдениетін шетелдік азаматтарды да таныстыру мақсатымен халықаралық семинарға да қатысып жүреді. Қандас тыңдаушы қазақ жастары мен АИР тыңдаушыларына қазақ тілі сабағында сапалы білімі беру ісін саналы тәрбиемен ұштастыра жүргізгені үшін Қазақстан халықтарының қауымдастығының, Ауғандық жерлестік қауымдастық тарапынан алғысхат алды, ғылым кеңістігіне қосқан ғылыми ізденісі мен жаңалығы үшін ҚР ПҒА-ның «Үздік ұстаз» төсбелгісімен, 2017 ж. Ы.Алтынсарин атындағы және «Ерен еңбегі» үшін медалдарымен, ҚР БҒМ «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Негізгі ғылыми-әдістемелік еңбектері – 7:
1.«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралын жазды.
1995ж А.
- «Қазақстан тарихы пәнін оқыту» әдістемелік нұсқаулық ІSBN 978-601- 0 4-1049-7 A. 2015.
- «Таным мен тәрбие егіз ұғым» Әлеуметтік тәрбие ісіне арналған әдістемелік талдама құрал А 2016.
- «Қазақстан тарихы» /оқу қуралы / ISBN. А.2016. 978-601-04-1859-2.
- «Қазақстан тарихы» /электронды оқу куралы / Қазақстан. ISBN. А. 2016
- «Қазақстан тарихы» /оқу құралы/ ISBN. А. 2017. Қазақ университеті .
- «Қазақстан тарихы пәнін оқыту» әдістемелік нұсқаулық. ISBN. А.2017. «Қазақ университеті;
- «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы». Әлеуметтік тәрбие ісіне арналған әдістемелік
талдама құрал
Қазіргі таңда 100-ден астам ғылыми мақаласы зерттеу жұмысы бойынша (Отан тарихы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы және Абай атындағы университеті, Қазақ Еңбек әлеуметтік қатынастар академиясы хабаршы журналдарында, т.б. отандық, алыс-таяу шетелдік ғылыми журналдарда жарық көрді.
Халыкаралық ғылым кеңістігінде импакт-факторы нөлден жоғары Scoрus базасында индекстелетін журналда 1. «Aziz Nesin is in criticism and literary criticism»атты бір мақала серіктес авторлармен және Импакт- фактор 0-1-ден жоғары журналдарында
«Features of early ethnogra information about the Kazakhs of Turkestan in European source.Thomson Reuters», «Documents and materials jf the history of the new economic policy», «The genocide of the Kazakh people»мақалалары жарияланды
Қазақстан тарихы oқу құралдары ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларына, жоғары оқу орнына түсуші талапкерлер мен студенттерге арналып жазылған.
Оқу құралдарында Қазақстан тарихы ежелгі заманнан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңдерді қамтиды. Оқу құралының мазмұны алғысөзден, кіріспеден және негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім іштей бес тарауға бөлінген. І тарауда ежелгі замандағы Қазақстанның тарихы: тас ғасыр дәуірі, қола дәуірі мен Қазақстан аймағында тайпалық одақтардың құрылуы туралы баяндалады.
ІІ тарауда Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы: ерте орта ғасырлық мемлекеттер, дамыған орта ғасырлық мемлекеттер, моңғол шапқыншылығының қазақ еліне әсері, ХІҮ-ХҮ ғасырдағы Қазақ жеріндегі мемлекеттер, Қазақ хандығының құрылуы, ХҮІ-ХНІІІ ғасырдағы қазақ елінің саяси-экономикалық ахуалы сипатталады.
ІІ тарауда жаңа замандағы Қазақ елінің тарихы: Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы, жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ елін ресейдің қазақ еліне қатысты жүргізген отарлау саясаты мен қазақтардың отарлық саясатқа қарсы ұлт-азаттық күресі, сол кезеңдегі Қазақ елінің саяси-экономикалық жағдайы мен ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі Қазақ елінің ахуалы туралы мәліметтер беріледі. ІҮ тарау Қазақстанның қазіргі заманғы тарихи кезеңіне арналған. қазан төңкерісі мен кеңестік дәуірдегі Қазақ Советтік Социалистік Одақтас Республикасы туралы және ІІ дүниежүзілік соғыста қазақстандықтардың атқарған рөлінің маңыздылығына тоқталып, тоталитарлық жүйенің әсері, соғыстан кейінгі ахуал мен 1971-1990 жж. Қазақстан туралы баяндалады. Жоғары оқу орнына түсем деуші талапкерлерге, дайындық курсының тыңдаушыларына, сондай-ақ студенттерге арналған бұл кешенді оқу-әдістемелік құралының осыған ұқсас еңбектерден айтарлықтай ерекшеліктері бар.
1994 жылы жарық көрген «Қазақстан тарихы» оқу құралы жоғары оқу орнының студенттеріне арналған.
Атап айтқанда, Қазақстан тарихының материалдарын меңгерту тестілеу әдісімен емтихан тапсыруға тыңдаушыны дайындауға арналған оқу-әдістемелік құралында еліміздің тарихына қатысты керекті мәліметтер тұтастай қамтылып, өте қажетті материалдар жинақталып ұсынылған және емтихан тапсыруға даярланудың ұтымды жолдары мен әдістеріне ыңғайланып берілген. Қорыта айтқанда, аға оқытушы А.К.Бегалиеваның «Қазақстан тарихы» атты оқу құралы мен оқу үдерісі үшін жазған тағы да басқа оқу-әдістемелік еңбектері алдына қойылған мақсатына сай, жоғары деңгейде жазылған ҚР БҒМ бекіткен мемлекеттік стандартқа, Қазақстан тарихының типтік бағдарламасына сәйкес жазылған ҰБТ, кешенді тест тапсырушыларға, талапкерлерге, сондай-ақ пән оқытушылары мен тарихшы мамандарға, әдіскерлерге, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушыларына, колледж, лицейде білім алушыларға Қазақстан тарихын меңгерту мақсатында арналып жазылған. Әр тарауда берілген мәтіндер мен тапсырмалары білім алушылардың тарих бойынша алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу іскерлігі мен білімді меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Қорыта айтқанда, Айша Карипжановна – әлемдік ғылым-білім кеңістігінде қазақстандық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолында қазақстандық білім саласының дамуына, отандық тарихты зерттеу саласына өз үлесін қосып жүрген әдіскер, ұлағатты ұстаз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі дайындық
кафедрасының аға оқытушылары Наралиева Р.Т, Тойганбекова М.Ш., Бапай Ұлан