Жаңалықтар

Қатира Қалиқызы «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағымен марапатталды.

12 шілде, Ғұн империясына 2230 жыл, Ұлы Моңғол мемлекетіне 815 жыл, Ұлт азаттық қозғалысына 110 жыл, Моңғол Халық революциясының төңкерісіне 100 жыл, Демократиялық қозғалысқа 32 жыл толуына орай Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх жарлық шығарып білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы және мәдениет саласында абыройлы қызмет атқарған 5 азаматқа «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағын берді.

“Моңғол еліне Еңбек сіңірген ұстаз” құрметті атағымен Баян-Өлгий аймағының Жалпы білім беретін 1 -ші мектептің аға ұстазы Қатира Қалиқызы марапатталды.

“Ауылшаруашық саласына еңбек сіңірген” құрметті атағымен Сэлэнгэ аймағының тұрғыны Х.Даваахүү, Н.Бадралхүү, “Мәдениет саласына еңбек сіңірген” құрметті атағымен Г.Адьяа, “Денсаулық саласына еңбек сіңірген” құрметті атағымен Б.Буянаа марапатталды.

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*