Алтай аңызы

Алтай аңызы: Ақбалық хазрет

«Алтайда Абақ Керей деген ел бар, соларды көремін»,-деп, ұлты Татар Ақбалық хазрет деген біреу орыс жерінен Алтайға келіп, керейдің басты – басты адамдарын аралап жүріп, Сәлімбақы үкірдайдың әкесі Өскенбай залыңның үйіне келіп бірнеше күн жатыпты.
Ақбалық хазрет дәрет алып намаз оқыса, Өскенбай бастаған елдің бірнеше бетке басарлары хазыреттің қатарына тұра қалып намаз оқыпты. Намаз оқып болғаннан кейін Ақбалық:
– сендер дәрет алдыңдар ма?-депті.
– дәрет алғамыз жоқ. Бізге Хазрет атаң: «намазды дәретсіз оқи берсеңдер де болады»,-деген депті Өскенбайлар.
Мұны естіген Ақбалық қатты ашуланып:
– мен сендердің Хазрет аталарыңа барайын. Ол қай кітаптан көрді екен? онымен сөйлесем, – деп аттанып кетіпті.
Өскенбай залың: «екі дәудің қағысқанын көріп кел»,- деп Шабанбай деген адамын Ақбалыққа қосып жіберіпті.
Ақбалық бара салып Хазрет атаңа:
– дәретсіз намаз оқуды сен қайдан көрдің, – депті.
Сонда Хазрет атаң:
– бұрын намаз білмейтін елге намазды мен үйреттім. Ал енді сен де хазрет екенсің, сонда сен не бітіресің. Дәрет алуды сен үйрет,-деген екен.
Сонда Ақбалық жеңіліп отыра кетіпті.

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*