Алтай аңызы

Алтай аңызы: Кедейге қажы керек пе?

Зуқа қажының үйіне Алтай елінің ұлықтарынан төрт адам келіп қоныпты. Тәңертеңгі дастарқан үстінде Зуқа олардың алдына бір қара жамбы қойып:

– Бұйымтай шаруаларыңыз болса айта отырыңыздар, – депті.

Сонда ұлықтардың бірі:

– Бұйымтайымыз бар. Жақында Алтай елінің ұлықтары бас қосқан үлкен жиын өтті. Жиында жоғарғы орыннан келген үш – төрт сұрақ бар екен соны талқыладық. Сұрақ мынадай: біріншіден шайтанның адамзат қоғамына не пайдасы бар? Қасқырдың қандай пайдасы бар? Үшіншіден ұрының не пайдасы бар? Төртінші қажы кісі ұрлық қылама? Ұры қажының не керегі бар? «Егер осы төрт түрлінің пайдасы бар деген адам болса, пайдасын айтсын. Пайдасы жоқ болса оларды қайту керек»,-деді. Жиынға қатысқан ел басылары «пайдасы жоқ, пайдасыз нәрсені жоғалту керек»,-деп қаулы шығарды. Бұл жиынға сіз қатыспаған екенсіз, сондықтан сізге бізді жіберді. Бұған қалай жауап бересіз, – дейді.

Сонда Зуқа қажы:

– шайтан тірішілікке әбден керек. Өйткені ол адамдарды бұл дүниеге қызықтырып, уайым – қайғыны ұмыттырып, күлдіріп, ойнатып, жайдары қалыпқа түсіріп отырады. Егер шайтан болмаса адамдарды уайымның қара тұманы басып, бұл дүниенің қызығы мен өзінің болашағынан күдер үзіп, ылғи өлімді ғана ойлап, уайым – қайғы басып кетер еді.

Ал, енді, қасқыр мен ұрының да керегі орасан. Қазақта: «құрығын сүйреткен ұрыңнан, құйрығын сүйретіп түн қатқан бөріңнен сақта», – деген аталы сөз бар. Егер ұры мен қасқыр жоқ болса, ел қай – қайғычыз, бейбіт бейғам болса құдайды да керек етпейді. «Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ» дегенді білмейсіңдер ме?!

Ал, ұры қажы да керек. Бай мен би сияқты мәнсапты мәнаптарда қажы көп. Олар ылға сол бай мен бидің жоғын жоқтайды. Мүддесін қорғайды. Ал осы арада қырық үйлі бірнеше жүз аш-арық кедейлер бар. Олар аспаннан жауған жоқ, жерден де шыққан жоқ. Сол бай мәнаптардан теперіш көріп «Аштықтан ұры, ашынғаннан долы болғандар». Ал, «ұрлық қылдың»,-деп сендер қолындағы екі-үш қара малын, мүлкін тонап, өздеріне дүре соғып қаңғыртып жібересіңдер. Қашып құтылғаны мені кеп паналайды. Менің оларға бере қойтын байлығым белгілі. Сондықтан оларды ұйымдастырып, бай – бағыландар мен олардың қажылары тонап алған малдарыңның бодауын әкеліп жеп жандарыңды бағыңдар, – деп отырғаным рас. Бай – манаптарда жүздеген қажы бар. Ал кедейге бір қажыны да қимай ма мына үкімет?!

Мен ылғый аш – арық кедейлердің қажысымын. Мына кедейлерді жинап алып сұраңдар. «Керегі жоқ»,-десе мені байлап алып кетіңдер,-деп қаттырақ сөйлеген екен, жилған топ:

– алдымен аш – жалаңаш бізді жоғалтыңдар,-деп шу ете түскенде елшілікке келген ұлықтар не дерлерін білмей абдырап қалыпты.

Олардың ішінде «Зуқаның ұрылары ұрлап кеткен жылқам бар, сонны алып беріңдер»,-деп еріп келіп отырған бір бай мырза бар екен. билердің бірі:

– қажы мына жігіт «сізде төрт – бес жылқым бар». Сонны алам деп келіп отыр. осының малын берсеңіз,-деген екен, сонда Зуқа:

– боқ жеген мен итпін бе десем, менен өткен сендерде бір ит пкнсіңдер ғой,-деп бағанағы қара жамбыны алып, қайтадан сандығына тастап жіберып, төсгіне шалқалап жата кетіпті.

Ұлықтыр үн – түнсыіз аттанып кете беріпті.

 

Жинап берген: Кәкім Ақмадиұлы

Дайындаған: Мағаз.Р

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*