Ақын Қажыбек Төтекиннің рухына арналған өлеңдер топтамасы
ӨМІР СЫРЫ
М. Б. Дәлейұлы
Өмірінен жасап алтын сырлы жыр,
Тұрғысынан мұндалатып жыр тұғыр,
Жерге емес ұшып кетті жұдызға,
Тұнық, мөлдір, құлантаза кіл ғұмыр.
Қапелімде қабат ойлар оралар,
Көкте құс та, жерде жіпке торалар.
Бұлқынамыз, жұлқынамыз, тулаймыз,
Жазы қысқа
Жазымышқа жоқ амал!
Біліп жүріп,күліп жүріп жол үсті,
Келте кесіп кетілтеміз көп істі.
Кейбіреулер бірге туып соғысты,
Кейбіреулер туыспай-ақ тоғысты.
Биіктікті көре алмасақ таулардан,
Көркемдікті сезе алмасақ баулардан,
Өкініштен сақтанамыз қалай біз?
Айрылғанда сан соғамыз гауһардан.
Бізден бұрын тозған тоқсан жейдесі.
Көл дария-жыр жаия кеудесі.
Көз алдымда ,міне менің тұр күліп,
Төтекиннің жазжай жарқын бейнесі.
Тірісінде сезінеміз жай ғана,
Болсадағы қандай дүлділ, қай дана.
Бар шағында бағаламай, шіркін-ай!
Жоқ шағында шығарамыз айға да.
Сен де солай, мен де солай досым-ай,
Болып тұрар,соғып тұрар тосын жай.
Қоғамында менің елім-қазақтың,
Мен білетін өмір сыры осындай.
БІР БАСТАУ
Талапбек АЗАНБАЙ
Қайнары тұнық бір бастау ,
Суалды деме тартылып.
Өзіңмен аға мұңдаспау,
Қианат бізге ар тұрып.
Өткіздің өмір сексен жыл,
Нар белін басып ғасырдың.
Ақын ең кетпес естен бір,
Толағай туған асылдың.
Жазып ең өлең ерте сіз,
Қаламды малып алмасқа.
Ер едің ашық, пердесіз,
Ақ көңіл, алып, нар қасқа.
Бір ғұмыр ұзақ жас беріп,
Салсада уақыт әжымын.
Төзімің неткен тас берік,
Демедің шаршап, қажыдым.
Өткеннен қалған білінбей,
Болсада айтар бір сырың.
Сағаттың соққан тіліндей,
Тоқтатты жүрек дүрсілін.
Төзімді өскен емен ең,
Қарттыққа бойын алдырмай.
Нөсерлеп, төгіп келген ең,
Өлеңге қамшы салдырмай.
Жатқандай аузы ашылып,
Баратын мекен,қабыр-бел.
Жақындап келген асығып,
Ажалға Алла сабыр бер.
Мезгілсіз солса жыр гүлі,
Қайта өнім егер бермес тым.
Кетерміз қалғып бір күні,
Ішсекте суын өлместің!
ҚАЙРАН ЕСІЛ АҒАМ-АЙ
Тоқмұхамет Тұрсынұлы
Қайран менің Қажы ағам,
Өзіңдей болар таза адам.
Бұратын бұрыс ісің жоқ,
Кезігер сіздей аз адам.
Мейірлі едің жолдасқа,
Үлгілі ісің бір басқа.
Қормалы ағам болсаңда,
Айналып едің құрдасқа.
Жанашыр болып қазаққа,
Түсіп ең талай азапқа.
Ақындық деген арда атты,
Қалтырмай келдің мазаққа.
Өмірің үлгі жазғаның,
Жанар тау болып маздадың.
Рушылдықты лақтырып,
Ұлтыңа бірлік арнадың.
Ұмтылып білім, өнерге,
Келтірдің көңіл бөлерге.
Таңжарық айдын жорналды,
Күш қостың халық сенерге.
Ұмытылмас ізгі еңбегің,
Көп еді елге бермегің.
Тәнің сенің өлген мен,
Жүректе біздің өлмедің.
Ардақтап сізді өтерміз,
Артыңнан бізде жетерміз.
Опасыз бұл өмірден,
Бәрімізде кетерміз.
Қайран есіл ағам-ай,
Сұм ажалдың жаманы ай.
Сағындым әлден өзіңді,
Іздеп қайдан табам-ай.
Өзіңді Алла қорғасын,
Иманың болсын жолдасың.
Жәннаттан болып мекенің,
Артыңа бақыт орнасын!
Тау құлады
Ясын ҚАЛИӘКБАРҰЛЫ
Алып шыңдар тербеліп тау құлады,
Шыңыраудан шыға алмай тау қыраны.
Абайсызда түбірге сүрінгені-ай,
Шалдықпаған сексен жыл нар құлады.
Орман-тоғай мүлгіді Алатауда,
Асқар белден айырылып қалды бәрі.
Қара бұлыт күн көзін торлап алып,
Тұнжырады түнекпен таң қылаңы.
Өзен ақты өкіріп лайланып,
Батпақ болып қосылып бал бұлағы.
Дүние деген осы екен өкініште,
Жазымыштан кең дүние тарылады.
Алты алаштың асылын ала қашқан,
Күш береді кімдерге тағдыр заңы.
Асқарынан алтайдың самғап ұшқан,
Бұл заманның Қажы ағаң сал Біржаны.
Керек еді халқына қайран асыл,
Ауырады жүректер, ауырады.
Саңлақтай сары табан қормал аға,
Қайдан енді Қажы ағаң табылады.
Кезікпейтін екінің бірі едің,
Туа бермес өзіңдей тау ұланы.
Жырың есте мәңгілік жырланады,
Таңжарықтың айдыны тағлымдағы.
Хатың қалды, Қажы аға атың қалды,
Мақтанардай ұрпағың ай құлады.
Иман тілеп бейіштен орын сұрап,
Айтқан дәтім Қақаң үшін қайғыдағы.
Жатқан жері болсын енді жанаттан
Екпін Әбыдрахман ұлы
Алатаудың ұшып кеттау қыраны,
Ылайланып тұнық аққан бұлағы.
Ну орманы күңіреніп күйзелді,
Құлағанда бійік өскен шнары.
Мұңайады мүлгіп бійік таулары,
Кок аспанның жылағаны жауғаны.
Сағнғандай нар тұлғалы ақнын,
Құлазды гүл бақшалы баулары
Суалғандай өзен судың аңғары,
Алматның мұнарланып аумағы.
Шалдықпаған сексен жасқа келгенше,
Қажыата ғой қазағмның тарланы.
Даналқ пен сараланған өнері,
Сөзі алтын ойы асқақ өрелі.
Өлең жыры қалды ұрпаққа дастан боп,
Қасиетты қалқына бар беделі.
Ел тілегін қабыл қылып жаратқан,
Сауап берсін оқып жатқан айаттан.
Атамыздың топырағы торқа боп,
Жатқан жері болсын енді жанаттан.
Тірісің сен!
Саяхат Ғазезұлы
Қажы аға,өлген жоқсың,тірісің сен,
Ақ бас шың,Алатаусың тынысы кең,
Тұяғы мұқалмаған тұлпар едің,
Сексен жыл жаңылмаған жүрісінен.
Қажы аға,қасымдасың, тірісің сен,
Қайыспас қара нардың ірісі ең,
Қарапайым қазыналы қартым едің,
Құнды еді,құнарлы өлең ,құрышы кең.
Қажы аға,өнер өлмес, тірісің сен,
Ұрпақтың ұлағатты ырысы ең,
Барады қатар ұшып жыл құсымен,
Бойына боз далаңның жырың сінген.
Сондықтан да,Қажы аға,тірісің сен!
ҚАЙРАНДА ҚАЖЫ АТАМЫЗ
Қуаныш Мәнсүрұлы
Қайранда Қажы атамыз!
Кейінгілерге аты аңыз.
Артыңнан ерді көп ақын,
Дарыған үлгі батаңыз.
Маңғаздық сыйлап *майылың,
Тұлпарың тарттың айлын.
Жолыңды қуар ұрпаққа,
Жаратқан берсін қайырын!
Нәр сыйлап *қарағай бастауың,
Өнер жолыңды бастадың.
Жазылды талай роман,
Жазылды талай дастаның.
Ұлыдан өткен ой алдың,
Биікке шықтың ояндың.
Мәдениет мәиегін…
Жеткізіп елге жая алдың.
Еңбектендің ерінбей,
Қыйынды жеңдің берілмей.
Жатқа айтып жүр жырыңды,
Немере лерің өрімдей!
Қажырлы Қажы атамыз,
Көтерген жүкті жотаңыз.
Ақылшым едің айтулы,
Сағынып ойға батамыз.
Қайранда қажы атамыз!
Жайсаң еді Қажы ата
Масимхан Ермек,
Заңғарлықтан жаратылған, жаны жайсаң Қажы ата,
Көңілі дархан, мінезі бал тамаша,
Адалдық пен даналықтың өлшемі еді өлшеусіз.
Отыратын ойға шомып оңаша.
Ірілігі, ұлылығы тың дастан.
Қызмет қып халқы үшін тынбастан,
Өткір сөзі кесіп түсер алмастай,
Қажекеңдей мүмкін сірә тумас жан.
Бүгін қалды жетімсіреп бұл далам,
Халқына рухани нәр силаған.
Ділін, Дінін ардақтаған азамат,
Оразаны, намазында мүлде қаза қылмаған.
Әттең өмір, жалған екен келтелі.
Ғайып екен бүгіні мен ертеңі.
Мінезіңыз, нұр өңіңіз бөлекше.
Нағыз Қазақ қарттарының өлшемі.
Шын күрсініп , өкіндімде жыладым,
Кеміп сәтке сабыр менен шыдамым.
Топрағың торқа болсын Қажы ата,
Жаннат болсын мәңгі мекен тұрағың.
Шапқан талай биігінде өнердің,
Нәрін силап ұрпағына өлеңнің.
Рахмна Жаратқаның ійе боп,
Пайғамбардың шапағатына бөленгін.
Жоқтау
(Жұбайы Мейірбан апамыздың жоқтауы)
Қажекем кетіп бақиға,
Жалғыздық батты – ау жаныма!
Көтерісіп ауырды,
Бөлісіп жатқан қайғымды,
Ризамын қауымға,
Қара ормандай халқыма.
Ағайын, туыс, бауырға!
Асқар тауым жарылып,
Байтерегім құлады.
Едіге мен Айтуар,
Құлындайын шырқырап
Атасын жоқтап жылады.
Салғанына алланың,
Көнбеске шарам барма енді?!