Кітапхана

Несіпбек ДӘУТАЙҰЛЫ: ТҰТАСТАЙ ӘДЕБИЕТТІҢ ӨЗІН ҮЛГІ ТҰТАМЫН

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қаламгер, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы 75 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Барша қазақ жұртына көңіл айта отырып, Қазақ әдебиетінің қара нарларының бірі, аяулы ағамыздың көзі тірі кезінде берген сұхбатын назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

Сұхбаттасөқан: Мағаз Ретбек. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

  1. Несіпбек аға, әңгіменің әлқиссасын адам өмірінің ең бір тәтті кезеңі сағынышқа айналған балалық шағыңыздан бастасақ?

Балалық шағымның ең сәтті кезеңі алты жасымнан бір қыс бойы ертегілер мен эпостарды оқып шыққаным. Ферма бастығының аттан жығылып, аяғы сынып қалды да,  қайдан екенін, кейбірінің сырты жұлым-жұлым екі қоржын кітаптар алдырды. Кешкісін түннің бір уағына дейін ондық шамның жарығымен әлгі кітаптарды, шетінен «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қара қасқа атты Қамбар», «Керқұла атты Кендебай», «Ер Төстік»… Мен де өзгеше бір өзгерістер пайда бола бастады. Кенет ерте есейдім бе… Қиялыммен бағзыдағы батырлардың еркін әлеміне еніп барам ба… Тіпті, оқыған эпостардың өзіме қатты әсер еткен жерлерін жатқа да оқитын едім.

  1. Сізді өмірге әкелген ата – ана, өскен орта жайында да

естеліктер тыңдағымыз келіп отыр?

 

  1. Студент шақтың қызықты хикаясынан да сыр ағыта кетсеңіз. Жалпы қайда оқыдыңыз? Замандастарыңыз кімдер болды?

Оқу жағын оңдырмаған адаммын. Он төрт жасымнан қой бағып кеттім. Кешкі мектептің аттестатын тұңғыш қызым дүниеге келгенде, яғни 22 жасымда алғанмын.  КазГУ-дың журналистика факультетіне сырттай жасым 30-ға жақындағанда түсіп. Оның өзі оқыды деген аты ғана. Туа біткен жазу қабілеті бар адамға журналистикаңыздың менімше, берері жоқ болып шықты. Мен сол оқуға сырттай түскен кезде құрдастарым институт бітіріп, газет-журналда қызмет істеп жүрген. Әшірбек Көпішев, Нұрлан Оразалин, Сайлаубек Жұмабеков, Әділбек Тауасаров, Бақыт Сарбалаев, Баққожа Мұқаев… Бірі ақын, бірі прозашы, бірі сыншы… Бәрі жазғандарымен азды-көпті көрініп те қалғандар еді. Олар маған ниеттес болды.

  1. Шығармашылық адамы екеніңіз бала күніңізден байқалып па еді? Ең алғаш шығарма жазуыңызға не әсер етті?

Бала кезде байқалған дәнеңе жоқ. Ал шығарма жазуға әсер еткен… Оқыған эпостардың әсері ме, өлең құрастыратын әлдене иектеген. Ақын болатын шығармын деген дәме пайда болды. Сол аурумен әжептеуір ауырдым.  Тіпті, «Лениншіл жас» газетіне сәт сапар  сапар тілеген, «Балауса» жыр жинағына топтама өлеңдерім де енген. Құдай сақтағанда, өзімнің өлеңші ғана екенімді сезіп қойдым. Ақындық «аурудан» өзімді дер кезінде аман алып қалдым, әйтеуір.

  1. «Айғыркісі» атты әңгімеңіз тақырбынан тартып оқырман қауымға тосындау әсер қалдырған, өзіңізге тән мінезбен келген әңгіме. Әңгіменің идеясы қалай пайда болды? Қалай жаздыңыз?

Жарық дүниеде болып жатқан қилы-қилы құбылыстар – өмір сабақтары ғой. Соның ішінде ең басты категория әрине, адам. Ұлы жаратушы бізге қасиетті құндылықтардың бәрін берген.  Мәселе, солардың қастерлеп, қадіріне жете алғанда. Соған адал ниетте. Олай етпеген жағдайда киесінен ажырап, азғындай бастайды. Сөйте-сөйте кісілік кие есті жандарға ауып кете берсе ше?.. «Айғыркісінің» түп қазығы осында. Кісілік сен, қайдасың, деген жан дауыс. Бұл азғындала беруден ескерту идеясы. Адами құндылықтардың кез келгенін жоғалтып алумен келісімге келе алмайтын, кімнің де көзін шұқып айтатын мінез. Жанымды жеп барып жаздым. Былайғы жұрт байқай бермейтінді көре алсаң, оның қанын тамызып айта алмасаң, жазушы болып не керегі бар.

  1. Сіздің әр жылдар шығарған кітаптарыңызды оқып отырып жаңалыққа жаны құмар жазушы екеніңізді бірден байқауға болады, осы талғамыңызға сай оқырманыңыз көп па? Оқырман қалай қабылдайды сізді?

Оқырманның талғамы… Оны өзі оята ала ма. Оятатын жазушы ғой. Әрине, адамның жан-дүниесінің жұмбағы мен құпиясын көркем зерттеп жаза алатындай болса. Оқырманның сана кеңістігін кенеттен селт еткізіп сілкіп жіберіп шығармаларға зәру қазіргі жұрт. Сірә, осы сұранымда әріптестеріміздің көбісінің шаруасы шамалы. Бұларға әлін білмейтін әуесқойларды қос. Егер қазір кітап оқылмайды, деген әңгіме жүріп жатса, оның солай болуына тікелей зор үлес қосып жатқан осы қаптап жүрген әлектер. Өршіп бара жатқандары сол, енді кітаптарын том томдап шығарып, тойып секіріп жүр. Ар-ұят, намыс, әдеп дегеннен жұрдай.

  1. Шығармаларыңыздың жалт қаратар тосын тақыры әдеби ортада көп оқылуына пайдасы тиді ме? Әлде зияны да бар ма?

оқырмандарыма зор алғыс. Әсіресе жастар жағы. Қазақстанның төрт құбыласынан хабарласып жатады. Ана шығармам, мына шығармамды сөз етеді. Өмірде болған ба, болмаған ба, деген сауалдарын жаудырып. Сонда бір қызығы осы жастармен әңгімеде кейде өзіме белгісіздеу ойлардың ұшығын көріп қаламын. Өмір тәжірибемнен білемін. Мен үшін кімнен де әңгіме кезінде оқыс естіп қалған бір деталь аса қымбат. Шығарма жазғанда онымды алып шығатын детальдар, қиял мен қисын. Ал шығарма тақырыбын шығарманың мінезі алып шығады. Пайда, зиянын білмеймін.

  1. Сіздің әдебиет үшін әлі де тынбай еңбек ететініңізге сеніміміз кәміл. Қазіргі кездегі шығармашылығыңыз қалай өрбуде? Не жазып жатырсыз?

Төлетайдың айтқаны шығар: «Жазуға болмай қалғанда жазу керек» деп. Сондай жағдайды күтіп жүрмін.

  1. Әдебиетте артыңыздан өсіп келе жатқан жастарға қарап не ойлайсыз? Жастардың аяқ алысы қалай?

Бізде әдебиетіміздің алтын ғасыры деген әңгімені жиі айтамыз. Солайы солай да шығар. Алайда, сол кезеңде, одан бері де жазылған кітаптардың біразы ескіріп қалды, біразы ескіріп жатыр. Бүгінгі заман өзге. Бәрі жаңарып жатыр. Сол арқылы әлемдік ақыл-ойдың, оқу-ғылымның соның ішінде көркемдік ізденістердің айналымына еніп барамыз. Осыдан барып, әдебиетіміздің жаңа тұрпатын көксейміз. Мұны жастардан күтемін. Солар жасайды деп сенемін. Олар әдебеиттегі батыс мәдениетіне жақындай түсуді ойлайды. Бұл сөз жоқ жақсы нышан, қуатты үрдіс.

 

    10. Жалпы әдебиетте өзіңізге кімдерді үлгі тұттыңыз?

Ішінде өз әдеиетіміз бар, әлем әдебиетін біраз аударып, төңкердік қой. Таңғалдырған авторлар аз емес. Оның барлығын тізімдеп жатудың қажеті жоқ шығар. Үлгі тұтқаным – әдемеиттің өзі, тұтастай. Ол таланттар арқылы өмір сүре беретін адамзаттың рухани тағдырының көркем шежіресі.

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*