Жаңалықтар

Алтай тау бөктерінде Оспан батыр Сіләмұлының атында мешіт ашылды.

Қазан айының 8 күні, ШҚО, Өскемен қаласына қарасты Глубокий ауданы орталығында Оспан батыр атындағы мешіттің ашылу салтанаты өтті.

Аталған мешітті салуға Талапхан Мұқиханұлы себепкер болып, батыр баба ұрпақтарымен бірге халықты ұйымдастыру жолымен жетекшілік етті. Сонымен қатар дінім, ділім  деген көптеген азаматтар ат салысты. «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры мен «Тұғырыл хан-Оң хан» корпоративтік қоры сияқты қоғамдық ұйымдар жақыннан демеу көрсетті.

Нәтижесінде “жұмыла көтерген жүк жеңіл” дегендей, аудан орталығындағы жеке тұрған биік төбеден еңселі мешіт бой көтерді. Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары дінни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Ермек Қасболатұлы, Глубокий ауданы әкімдігінің аппарат басшысы, аудан имамы қатарлы азаматтар қатысты.

«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры игілікті істі атқарған ел азаматтарына арнайы грамоталарымен марапаттады.

Алыс жақыннан келген силы қонақтардан:  жазушы Жәди Шәкенұлы, батырдың немересі Өркен Нәбиұлы Өркен Оспан, Оспан батырды көзі көрген, Зуқа батырдың немересі Арыстан Шадатұлы,  «Тұғырыл хан-Оң хан» корпоративтік қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Асылхан Игібаев, әнші-сазгер Серік Әбілұлы қатарлы азаматтар болып ақжарма тілектерін ақтарды.

Батырдың өзі өмір сүрген Алта тауының бір жүлгесінен бой көтерген бұл мешіт қара орман халықтың игілігіне жарап, ұрпақтар санасына ел бірлігінің, тыныштығының үлгісе ретінде жаңғыра берет деген ізгі ниеттеміз.

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*