Жаңалықтар

Алматыда Құрман Әлмерекұлының кесенесі ашылды

31 қараша күні, Алматы қаласы, Алатау ауданының «Шаңырақ-2» ықшам ауданында Құрман Әлмерекұлының (1688-1736) жатқан жеріне тұрғызылған кесененің салтанатты ашылуы болды.

Салтанатты шараның ашлуында сөз бастаған Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласы Алатау аданы әкімдігі бұл тарихи орынға көңіл бөліп, кесене айналасын абаттандырып, халыққа пайдалы тарихи-рухани орынға айналдыруға күш салып жатқанын жеткізсе, қоғам және мемлекет қайраткерлері және  ғалымдар мен ақын- жазушылар бір ауыздан осы  «Шаңырақ-2» ықшам ауданының атын Құрман Әлмерекұлының атына беруді ұсынды.

Құрман Әлмерекұлы Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ елінің азаттығы  мен тәуелсіздігі үшін күресте батылдығы мен батырлығы және көсемдігімен қол бастап, жұртын бостандық үшін айқасқа жұмылдырған және қан майдандарда сан мәрте ерлігімен көзге түскен, кескілескен шайқаста қолға түсіп,  жау қолынан қапыда қаза тапқан.

Тарихшы-археологтардың анықтауынша бұл қорған бұрын Үйсін дәуіріне тән болғандықтан,  «Үйсінтөбе» атанған. Кейін Құрман жерленгеннен кейін келімді-кетімді ұрпақтар бұл төбені «Құрмантөбе» атап кеткен.

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*