Жаңалықтар

Қытайдағы қандасымыз Баян Жалынқызы Бейжің Олимпиадасында бақ сынайды

Қандасымыз Баян Жалынқызы Бейжің қысқы Олимпиадасында бақ сынайды – Шыңжан газеті.

Шаңғы спорты түрлері бойынша Қытай ұлттық құрамасына қабылданған Баян Жалынқызы Бейжің қысқы Олимпиадасында бақ сынайды, деп жазады Шыңжан газеті.

Аталған БАҚ-тың дергінше, қандасымыз Баян 1999 жылы Қытайдың Алтай аймағында туған. Ол Бейжің қаласында өтетін 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Тау шаңғысы спортынан өнер көрсетеді. Баян 2018 жылдан бастап Норвегия елінде 3 жыл бойы Тау шаңғысы спорты бойынша дайындалып, біліктілігін шыңдаған.

«2018 жылы Норвегия еліне алғаш барған кезде, жергілікті спортшылармен арадағы жарыстарда олардың шалымына да келмедік. Тіптен бапкерлеріміздің жаттығуларына да ілесе алмай жүрдім. Кейін уақыт өте келе осы қыйындықтарды біртіндеп еңсердім. Жаңа ортаға да үйрендім. Спорттық нәтижеміз де, біліктілігіміз де жоғарлады. Осыдан соң көңілімізге сенім ұялады. Мен спорттық шеберлігімді үздіксіз жетілдіруге бар күш-жігерімді жұмсап талаптандым. Ендігі арман, асар асуымыз Бейжің қысқы Олимпиадасында жеңіс жолынан, биік тұғырдан көріну. Сол үшін бар күшімізді салып, бақ сынаймыз», – дейді Баян Жалынқызы.

https://www.inform.kz

 

 

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*