Жаңалықтар

“Майқапшағай” шекара өткелінде жүк тасымалдана бастады.

Қытайдың Орталық теле-радио сайты 15 ақпан күні Жеменей шекара өткелінен қырық сегіз тонналық мұнай құбыр жол жабдықтары тиелген ауыр жүк көлігінің Қазақстанға өткені туралы хабарлады. Бұл 2020 жылдың басындағы індет жағдайынан кейінгі кеден тасымалының алғаш рет қалыпты жұмыс істей бастауы.

Жаңа жылдан кейін Шынжаңға жаңа басшы келуіне байланысты ол Шыңжаңның сыртқы сауда-саттығын жақсартуды қолға ала бастады.

Қытайдың Жеменей ауданымен шекараласып жататын Майқапшаңғай шекара өткелінің жүз жылдан артық тарихы бар. ОЛ елімізді шығыс пен батысқа жалғап тұрған сауда жолының маңызды бір тармағы. Әсіресе Қытай үшін Ресей, Монғолия және Еуропа елдерімен байланыстыратын маңызды өткел саналады.

 

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*