Жаңалықтар

«Отандастар қоры» өкілдері ҚазҰУ тыңдаушылырымен кездесті.

18 наурызда Алматы қаласы, әл-фараби атындағы ҚазҰУ да ЖОО-ға дейінгі білім беру факултетінде оқитын қандас студенттемен “Отандастар қоры” өкілдері кездесіп білім және ғылым жолындағы жұмыстарды талқылады.

Кездесуде деканның оқу әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әмірханов Марат Болысбекұлы, деканның  ғылым инива инновациялық жұмысы және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Тілеуберді Ербол, “Отандастар қоры” КеАҚ  білім бағыты маманы Еңлік Бердірахманқызы, Жапониядан келген қандасымыз Жадыра Сенбі  сөз сөйлеп, тыңдаушылыардың қызықтырған сұрақтарына толығымен жауап берді.

Тыңдаушылар оқу-ағарту мәселесі бойынша көші-қон виза мәселесі бойынша өздеріне керекті мәліметтер алды. Сонымен 0атар Ұлттық бірыңғай тестілеу,Стипендиялық бағдарлама арқылы оқуға түсу жайында мәліметтер берілді. Моңғолияда туылып Жапонияда білім алған Жадыра Сенбі тыңдаушыларға ғылыми көмек ретінде өзінің мотивациялық күш берді. ЖОО-ға дейінгі білім беру факултеті “Отандастар қоры” және “Жас қазақ” халықаралық жастар ұйымымен толығымен танысты.

Кездесу соңы әдеби кешке ұласты. Онда талантты жастар күй күмбірлетіп ән салды,. “Балқадиша”, “Ерке сылқым” тағы халық ән күйлері жырланды.  Foundation факултеті алдағы уақытта “Жас қазақ” ұйымымен  бірге іс-шаралар, жобалар атқаратындарын айтты.

Қазіргі таңда ЖОО-ға дейінгі білім беру факултетінде 170 тыңдаушы  білім алуда.Олар  Қытай, Моңғолия, Иран Ислам Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан Республикаларынан келген.

Дайындаған: Нұрсәуле Юсупбава,

ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің 16 топ тыңдаушысы.

 


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*