Алтай аңызы

ХУАТ ИРКИТХАНҚЫЗЫ: МАШАН БАТЫР(Дастан)

Ақын Иркитханқызы Хуат 1976 жылы 23 ші қазанда Монголия елінде дүниеге келген.«Таңжарық зертеу» қор қоғамының, Авторлар қоғамының, Халықаралық жазушылар одағы және «Түркі әлем» жазушылар одағының мүшесі.

Елімізде жарық көрген «Тұран үні», «Ғасыр жыры» атты алманақтарға шығармалары жарйаланған. Таңжарық жорналы мен  Қазақ үні газетінде көптеген туындылары жаряланған.«Халықаралық жазушылыр төс белгісі», Авторлар қоғамының медалы және «Таңжарық әдеби сыйлығының» медалымен марапатталған!

 

МАШАН БАТЫР

(Дастан)

ӘЛҚИСА

Машан батыр туралы жазайын деп,

Қаламды қару етіп алайын тек.

Батырдың батырлығын тыңда халық,

Толғанған жаудан кекті алайын деп.

 

Жаратқан бір Алланың құлы менмін,

Ер Машан бабам жортқан ұлы жердің.

Қаным Қазақ болғанда тегім Түрік,

Айбынды хандык құрған ұлы елмін.

 

Күші ерен қайтпас мінез батыр тұлға,

Құдайым қуат берген батыл ұлға .

Ерлігін ерен ұлдың танытқалы ,

Таспалап өріп өттім өлен-жырға.

 

Ер Машан есілдердің бірі едің,

Керейдей атың шыққан ірі елдің.

Жазуға дастаныңды қолына алған ,

Өр мінезді қызының бірі едім.

 

Дариға-ай сізден өтті-ау мына заман,

Асылды өзіңіздей қайдан табам.

Алты алашты қорғадың Қазақ болып,

Бірілік тудың астында еліңді аман .

 

Ізіңді іздеп Сарарқа төрлерінен,

Бой көрсеттімҰлы тау белдерінен.

Алқакөл – Сұламаның заманында,

Арпалыстың ащы өмір кермегімен.

 

Сырдың сені іздедім жайлауыннан,

Жорық қылған кең дала бойларынан.

Ұланқайыр даладан тарих шолып,

Машан таудың іздедім қойнауынан.

 

Садағы досқа емес жатқа атылған,

Батырсың өр мінезді басқа тұлғаң.

Әз баба қыз болсамда қалам алып,

Өзіңдей сөз қозғадым хас батырдан.

 

БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

Хас батыр, жаста болса кемелі нар.

Архивтік ақпараттың берері дәл.

Машанның Ұлары көп Ұлытаудың,

Тумасы деген тарих дерегі бар.

 

Әкесі Арық батыр, өрісті орман,

Тұлғалы сұлулықпен көрік қонған.

Машанды босанарда асыл жары,

Мыңбикеш, Ұлар етіне жерік болған.

 

Жеріктік, қасиеттің бас тамағы,

Ой өріс осы дәмнен басталады.

Жарының ойын сезген Арық батыр,

Ұларлы Ұлытауға аттанады.

 

Арекең садақ десе анық мерген,

Аңшылық өнері де дамып келген.

Ұлытау шатқалында үш күн жүріп,

Үйіне  екі Ұларын алып келген.

 

Үйіне жетеді үстіқырау шалып,

Жерік ас бермей жанды сынау ғаріп.

Ұлардың бірін асып отырғанда,

Бір қонақ келді олжаға сұрау салып.

 

Арықбай нағыз жомарт, төреме екен,

Мәрттігі көпшілікке өнеге екен.

Ер олжа, әйел қалжа ортақ қой деп,

Ұлардың біреуін ал деген екен.

 

Бұл аңыз көпшілікке тарап кеткен,

Алғыс пен келіп жатты мадақ көптен.

Сонда бір кейуана көріпкел кеп,

Тағдырға жерік асты балап кеткен.

 

Қос Ұлар, қос бауыр ұл жүрек дейді,

Бірі оның елі үшін тірек дейді.

Ал енді, екіншісі олжа алғандай,.

Осылай жұрт еншісінде жүрет дейді.

 

Міне ойы көріпкелдің дәл келгендей,

Палуан болды Машанда нарды емгендей.

Аң атып,саятшылық құрған екен

Әкесі Арық сынды әз мергендей.

 

Әкесі ұстазы оның басыбайлы,

Қаншалық діндар болсын тасымайды.

Осынша үлгі тәлім ала жүріп,

Хас батыр, бүкіл елін асырайды.

 

Ер Машан он үш жасқакелгенінде,

Осылай танылыпты елге міне.

Анасымен нағашыма барамын деп,

Ат басын бұрған екен ілгеріде.

 

Батырлық мергендікпен қатар ұғым.

Оншалық қажет етпес аса білім.

Бір күні садақ беріп тиын ат деп,

Сынады ұстаз әке Машан ұлын

 

Аралап Машан кетті алып белді.

Бағытты ну тоғайға салып көрді,

Екі күн жүріп аса шеберлікпен.

Отыздай, тиын атып алып келді.

 

Сезді әке қолдады деп сиынғанын

Ұлына мергендіктің бұйырғанын.

Терісін илеп жатып нағашыңа.

Сыйға бер деді атқан тиындарын.

 

Сәлем беріп нағашымақайтайын деп,

Бел буды әкесіне айтайын деп.

Бұлсөзінбаласыныңқұп көреді,

Қайтармай меселдесін байқайын деп.

 

Әкеде қайтармады бала тілін,

Қорғаны болсын дедіанасының.

Жанынабір ат қошыертіпберіп,

Қағыуын тіледіәке қанатының.

 

Осымен ана бала атаныпты,

Жас Машан садақ атып баптаныпты.

Жиенге нағашыдан бата тілеп,

Қуанып ана көңілі шатаныпты.

 

Сар жазық ұланғайыр даласымен,

Сылаңдапақан сырдын сағасымен.

Жас Машан нағашылап келе жатыр,

Төркіндепқайтпақ болған анасымен.

 

Анамен бала асығып келеді тек,

Туысты сағынысқан көремін деп.

Бірқойшы шуйіншілеп тарты ауылға,

Жас машан жиендеріңкелді деп.

 

Көңілінағашының бай келеді,

Ақылынадәулетті сай келеді.

Қуаныпшуйіншіңді ал деп ата,

Жылкыдан кысыр емген тай береді.

 

Жаздың бір самал ескен даласымен,

Жағалай Қалба өзеннің жағасымен.

Нағашы ауылына Машан жетті.

Аяулы Мыңбикештей анасымен.

 

Ел қонған төржайлауға бие байлап,

Төркінгеқызкелді деп жатыр тойлап.

Ағайынарқа жарқа амандасып,

Жастары тамылжытып салды ойнақ.

 

Жер ана гулдей жайнап атырабы,

Таң атса тоймен кешті батырады.

Машанды сынамақ боп нағашысы,

Ойнап журген жеріненшақырады.

 

Бәріне бәйгетігіпүлестірді,

Қызықпен тағымінекүнкешкірді.

Шақырыпауылдағы бар баланы,

Машанмен жекпе-жек қыпкүрестірді.

 

Жиендінағашыжұрт сынап тұрды,

Кей бала батылы бармай жылап тұрды.

Белдескен үлкен -кіші балаларды,

Қырқай шалып барлығын лақтырды.

 

Жиенімөзі балуанқарымды деп,

Байқаймын мына бала дарынды деп.

Ойланды нағашы ата ұзақтұрып,

Берейін саған балам барымды деп.

 

Жиеннің мергендігін сезген ата,

Әр оғың кетпесін деп төрден таса.

Жебең жерге түспейтін батыр бол деп,

Тұлпар сыйлап батасын берген ата.

 

Ақ батасы атаның қолдады ма,

Әлде Алла сәттілік жолдады ма.

Жолы болып батырдың әрқашанда,

Тап келетін жеңіс пен олжалыға.

 

Баланың ерлігіне пай- пайлады,

Осындай ұлан асыр той тойлады.

Осы елге аты әйгілі тортөбелді,

Жиенге мінгізем депайқайлады.

 

Тор төбел тай күніненболғанжүйрік,

Жиенге тарту етті ел жыйылып.

Батырдың жауға салар қазан атты,

Тағдырдан болжамаған бұлбірбұйрық.

 

Сыландапақан Сырдын сағасымен,

Қоштасты бала батыр нағашымен.

Сағынып елмен жұртынқайтпақ болды,

Төркіндепбірге келген анасымен.

 

Жас Машан мауқын басып нағашыда,

Қайтуғабелін  буды анасы да.

Көңілі баяғыдай келе жаты,

Сылқылдап сырдыңсұлу даласында.

 

Ат қошшыдан оза шапты жалғызөзі,

Сақталғанқорамсақтасадақжезі.

Қаперсіз келе жатқан жас баланың,

Алыстанқарақшыны шалды көзі.

 

Жас Машан өзкүшінесенеді тек,

Ұмтылыпалғақарай желеді тек.

Ескерті анасына балаақырын,

Алдыда неше атты адам келеді деп.

 

Ана айты тау бөктерлеп асайықдеп,

Бір айла балам ендіжасайық деп.

Осы маңда қарақшы көпдеушіеді,

Жан пида кетік балам қашайық деп.

 

Анасы алаңдады жас бала деп,

Кетесің жау қолындақаш бала деп.

Садақпен дәл көздеймін атсам егер,

Қорықпа ештемеден саспа ана деп.

 

Желе есіпшықан жаулар айдарынан,

Сескеніп жас баланың айбарынан.

Садақпенқарақшының атын атып ,

Аударды бәрінмінгең жайдарынан.

 

Жас Машанқырағыеді өте мерген,

Бұзықтыңбәрін жайпап төте келген.

Қарақшының астындағы атын атып,

Өлтірмей обалсынып кете берген.

 

Тисін деп,қашанда бір  елге пайдам,

Кем туспей керкұлалы Кендебайдан.

Ерлігін он үш жаста әйгіліетіп,

Қанатын батыр Машан кенге жайган.

 

Осылай жас ерлігі болды тәмам,

Басынан сан бірқыйлы өтті заман.

Керімдей кең далада ерлік жасап,

Оралды ел журтына есен аман.

 

Өшірмей отын жағып нар үмітің,

Сағынбас баба жолын зарығып кім.

Әз баба өтке өмір майдандарың,

Астарын айқындаптұртарихтың.

 

БАРЫМТА

Бойына ізгіліктің нұры қонған,

Апай төс ,сом білекті  ірі  болған .

Қазақтың ұлан қайыр даласына,

Орнатқан берекемен ұлы қорған.

 

Ұйытқысын ыдыратпай ел мен жердің,

Қашанда ел есінде кеменгерің.

Қорғаған жауға елін тастамай бір,

Бұлдағы батырлығы ерен ердің.

 

Осы хат сақталыпты алмисақта ,

Ел ұйыда, түн ортасы ауған шақта.

Ойрандап ел іргесін барымталап,

Жоңғарлар қолын жинап  қоныпты атқа.

 

Бұл істі батыр Машан кеш біледі,

Ауылдың атқа мінді естілері.

Жау шапты ауылды деген дауыс,

Батырдың құлағына естіледі.

 

Тек жатқан жұрты келіп итше талап,

Жатыр екен бейуаз жұрты қанап.

Ойран сап түн ортасы ауған шақта,

Жылқылардыәкетіпті барымталап.

 

Намысты бермейін деп енді қолдан ,

Ер Машан болайын деп елге қорған .

Садақпен Жоңғарларды қырып -жойып,

Жылқыны қайтрмақшы қолды болған.

 

Бұйыртқан мың бір байлық олжасына,

Шығады жауды қуып қыр басына.

Садақпен қырып жойды дұшпандарын,

Тыныштық бермей келген ордасына.

 

Жоңғардың белден бүктеп тыңшыларын ,

Қайтарды айдап кеткен жылқыларын.

Ерлікпен ел жұртына әйгі етіп,

Мәртікпен басқан екен бір кұмарын.

 

Біз үшін батыр баба сұнғақ  дарын,

Тарихтыңәлде ақтарам мын қатпарын.

Өр баба бойындағы тектілікті,

Өзінше жалғар мекен ұрпақтарың.

 

Жирмада ақыласқанзерделіеді,

Суйреген елі үшінбір өр кемені.

Бойындағы рухты тектілігі,

Машанға от жалындай дем береді.

 

Машаныңбұл шайқаста атты қалды,

Қанша жау ерлігіне қапы қалды.

Жайратып садақпененЖоңғарларды,

Тарихта батыр бала атты калды.

 

ҚАЛМАҚ ҚЫЗЫМЕН АЙҚАСЫ

Батырға бір алланың бұйырығы көп,

Жүретін тәңіріне сыйынып  тек.

Бойында өр Шағаның соғыс болып,

Қалың қол сай- саладан құйылды кеп.

 

Жаулаған құлағыңды боздаған үн,

Көңілдің хошын тағы қозғаған үн.

Жау торлап жабырқатып тұрғанынай,

Күйзелтіп сахарасын боз даланың.

 

Соғыстан хас батырлар бас тартпапты,

Қалмақта өз тұсында асқақтапты.

Халқы үшін жан қисада батырлары,

Жауына елмен жерін таптатпапты.

 

Шыңғыс тау елге мекен арда белі,

Жайылған жұпар болып жалға желі.

Шұрайлы сол елімнің құт мекенін,

Тартысқа салмақ болған қалмақ елі.

 

Бұл шайқас ердің белін бекем етті,

Беделін батырлардың еселетті.

Машан батыр, Шақабай, тектілерім,

Дәл осы қырлы өлкені мекен етті.

 

Бес қару жарқылдаған алдаспаны,

Жауыннан Батыр Машан бас тартпады.

Қалмақа қарсы шапты ұран салып,

Хас тұрпар тықыршытып тор қасқаны.

 

Келді де қалмақтармен салды егеске,

Жалғады арпалыспен таңды кешке,

Боялып ат тобығы қызыл қанға,

Талай жан ажал құшты қанды егесте.

 

Маңайы сол Шағаның нар қамыстай,

Деп Машан бес қаруын қолға алыптай.

Жайпады жау қалмақтың қанын шашып,

Айбарлы батыр тұлға жолбарыстай.

 

Хат алған кереғардың кептерінен,

Қайтпаған көк жалдарым беттерінен.

Шақабай батыр Машан тізе қосып,

Қалмақты қойша қырды шетерінен.

 

Қазақтай алла қолдап ұлық нарды,

Жасытып жау қалмақты құрыққа алды.

Тау асып қашты қалмақ жан сауғалап,

Қалғанын қанын шашып қырып салды.

 

Сол сәтте тастағандай сырып белді,

Деп қалмақ өз ісіне ырық берді.

Шақырып жекпе-жеке батырларды,

Бір қалмақ тау тасалап кіріп келді.

 

Астында батыр Машан ақпа кері,

Бұл қандай ит қалмақтың асқақ ері.

Деп Машан ат үстінен арыстандай,

Қалмақтың батырына тап береді.

 

Ызалы кек үйірліп қабағына,

Машаның көзі түсті жанарына.

Қылышын кері тарты сол сәттерде,

Тіреген өлтірмек боп тамағына.

 

Ер Машан сен айтулы батыр едің,

Сүйсініп бүгін саған жатыр елің.

Жебеңді кері тартпа шайқасамын,

Өмірден таусылғанша ақыр демім.

 

Білдірмей қыз қылығын керілмепті,

Дегендей дәмім бітер жерім жетті.

Қалмақтың қас сұлуы қарсыласта,

Машанға оңайлықпен берілмепті.

 

Қолды қыз,болсада бір  қандай рух,

Қарады хас батырға түсі суып.

Өлтірмей қыз екенін танып Машан,

Алады алдына сап аттан жұлып.

 

Күдерді енді өмірден үзем деді,

Ұстаған ер қолынан қыз өлмеді.

Бел шешіп бес қаруын жерге тастап,

Машаның қыз алдына тізеледі.

 

Ел үшін кек қууға қалғаным жоқ,

Қызықты енді менің жалғаным жоқ.

Қолыңнан батыр Машан қаза тапсам,

Өкінер бұл жалғанда арманым жоқ.

 

Еңсесі түсіп кетті қалмақтарың,

Қазақта қызда сезді аруақ барын.

Барар жер басар тауым жоқ-ау  енді,

Тастадың батыр Машан жалмап бәрін.

 

Сені аяап аспай қалды амалдарым,

Тектісің бірі емесің жамандардың.

Бойыңдағы тектілік демеп сені,

Қолынан Машанның сен аман қалдың.

 

Осылай жалғастырдым арман жырды,

Ел жұртын батыр Машан таң қалдырды.

Машаның жеңісіне жел желпініп,

Тас құлап, өзен тасып, тау жаңғырды.

 

Тарих дерек осы сыр атқарған,

Қазірде бүкіл әлем құлақ салған.

Қазаққа қыдыр қонған құт мекен бұл,

Қазағым тұрмыс құрып тұрақтаған,

 

Қой қоздап, жылқы ұстаған арда мекен,

Қыратын таптатпаған жанға бөтен,

Шыңғыртып жау жоңғарды қырған қырат,

Бұл күнде Машан тау боп қалған екен.

 

БҰЛАНДЫДАҒЫ ШАЙҚАС

Қозғады кең даласын , Тұраның үн,

Шақырмас айқайменен ұранды кім.

Тағыда үлкен шайқас басталыпты,

Баурында ойран салып Бұландының.

 

Бұланды пана қылған қатпарыңды,

Алдына жаудың қойып тосқауылды.

Асынып бес қаруын батыр Машан,

Жауменен шайқасқалы атқа мінді.

 

Көш башы  болған елге ақылымен ,

Парасаты дуалы ауыз асыл дер ем .

Ертіс пен Қалба бойын сақтап келген,

Тізе қосып Ботақара батырменен.

 

Апай төсбатыр Машан бала жастан,

Буыны қатқанжасқақарамастан.

Иығына атан түйежүгін артып ,

Ат жалын жұлқып мініпсадақатқан.

 

Бірсойқан осы жерде болса керек,

Малғада әркез жайлы орта керек.

Бұландыныңшұрайлыөлкесіне,

ЖағалайҚазақ елі қонса керек.

 

Көкорай жасылаймақ асқаралы,

Шүйгін жер қоршалмаған тас қамалы.

Осындай салиқалы кең далада,

Қалмақ пен Қазақұрысы басталады.

 

Қазағым болады деп қашанғы құл,

Біржағы біз,біржақ жау тасада тұр.

ИесіҚазақғанабұлжердің деп,

Қалмаққа қарсыкелді Машан батыр.

 

Сақталған мәңгілік бірел есінде ,

Тұрсаңда мініп өмір кемесінде.

Айқасып Жонғарлармен жеңіс алған,

Қан кешіп Бұландының белесінде.

 

Рабданда батыр еді күш сермеген,

Қазақсың сен недеген күш бермеген.

Қарманып қайта айналдықалмақ ері,

Қаныңды Қазақ сенің ішсемдеп ем.

 

Теңселтіпқалмақкелдіқаракерді,

Қозғады солқылдатып қара жерді.

Шық Машан жекпе-жеккдепРабдандай,

Қалмақтың келді ортағаасқан ері.

 

Ер өлсе төрден елі қашар налып,

Батырлар сай тасындай қатарланып.

Қалмақтың сөзінестіп батыр Машан,

Асынды бес қаруын қаһарланып.

 

Астында нағыз тұлпар ақпа кері,

Машанда  Қазақтың өр,асқақері.

Шақырған жекпе-жекке Рабданға,

Тайсалмай ат үстінде тап береді.

 

Ер Машан алға салып қара көкті,

Шайқасып жауыменен дара кетті.

Сілкісіп бір біріне есе бермей,

Егеспен үлкен ойран сала кетті.

 

Шайқастың төзген ерлер дауылына,

Қос батыр ат үстінде сабылуда.

Айқасып батыр Машан Рабданды,

Әкеліп аттың салды бауырына.

 

Болғандай ер Машанның бәсі қатты,

Қалмақтың қанын судай шашыратты.

Қылышын екі сермеп батыр Машан,

Жауының Рабдандай басын апты.

 

Бойында Бұландының болған соғыс,

Қалмаққа ойран болды ұлы қоныс .

Қорғайтын қас жауымнан ел-жұртымды ,

Артылғанмойыныма үлкен борыш .

 

Ешбір шек батырларға қойылмады,

Қанға батып кезеген сойылдары.

КесілгенРабданның басын көріп ,

Жау қалмақ жеңілгенін мойындады.

 

Өтседе неше ғасырарадағы ,

Тарихың сыр шертіптұрдаладағы.

Қазақтыңшапқан дауыл екпініне ,

Қалмақтарқарсыласып жарамады.

 

Дос болған нағыз ерлер ақылменен,

Өр баба текті туған асыл дер ем.

Тізе қосып шайқасқан бұл соғыста,

Жан досы Ботақара батырменен.

 

Айлалы батыр еді Ботақара,

Саңқылдап сөйлеуші еді топ ортада.

Кезіккен қандай қыйын кезеңдерде ,

Достарын тастамаған жол ортаға.

 

Қорғаған ел мен жердіжылға, жолды,

Өрісі мал ,қамбасы пулга толды.

Жас қайыңдай  майыспас батыр Машан ,

Жауынан елінқорғаптұлға болды.

 

Атаданартықтуғанкерімұлы ,

Өзінетәнөр мінезсерлігі.

Тариыха мәңгіөшпесіз боп қалды,

Батырдыңқайталанбасөрерлігі .

 

ШАҒАН ШАЙҚАСЫ

Зер салсақ көне тарих ақпарына,

Шынғыстау,Шаған өзен шатқалында.

Қалмақпен Қазактың арасында,

Алапат ұрыс болған қасқағымда.

 

Ел үшін есіл ерлер жылайды шын,

Қолдаған батырлардыңқұдайісін.

Қайыспай нар жонында асыл ерлер,

Халқының көрмейін депмұн кайғысын.

 

Тарихтан сыр шертіптұр айтар әлі,

Сұмсоғыстағы арада қайталанды.

Айқаспай ата жаумен есіл ерлер,

Көңілі қалайғана жай табады.

 

Маңайы сол Шағаның мәңгі көктем,

Жел есе айдарарынан самал өпкен.

Алқакөл Сұламанын заманында,

Оқесіп кеңөлкеңнен керуен көшкен

 

Абырой асқақтатса берекесін,

Көтергенқашандаұлтым ер еркесін.

Шақбай,Ботақара,батыр Машан,

Бермеген жау қолына кеңөлкесін.

 

Кетем деп сеніҚазақақыр жалмап,

Жауласып айналада жатыр қалмақ.

Бірұлы Ботекеннің ер Тыныбек,

Бар едібұлсоғыста батыр Бармақ.

 

Уакыт керуендей көшкенкерім,

Сіміріп ауасымен ескен желін.

Айқасыпқалмақпенен қан төгісіп,

Қорғаған аманатап өскен жерін.

 

Сом білек,кең иықты,қарыс маңдай,

Жау десе атанатын қалысқалмай.

Қабанбай ,Бөгенбаймен,ер Жанібек,

Жауына айбатанды арыстандай.

 

Бұқарбай ,Кожаберген ерендерің ,

Жауынан жасымаған кеменгерің.

Байтайлақ,Жобалаймен,Қаптағайлар ,

Бермеген жау қолына ел мен жерін.

 

Көтерген ел байрағын мәңгі жықпай,

Дес бермес келсе дағы жау құрықтай.

Жауына жасағымен жан кештірді,

Қалыспай сол ерлерден ер Киікбай.

 

Машаның жас Жанібек қасына ерді,

Өзінеүлгітұтып асыл ерді.

Осындай өрен биік нар тұлғаны,

Тәнтіқыпкөрсетеме ғасыр енді.

 

Қапыда кетің кеше қайран батыр,

Айқасқан талай жаумен айлаң жатыр.

Сөзбен тек бірақ ауыз Бұқаржырау,

Айтатын хан алдында байламдыақыл.

 

Кұтылмаған ерлер ай шырғалаңнан,

Ел үшін жан пида депқуған арман.

Тасасына тау тастың жасырынып,

Жоңғардың жолын кескен сұр даладан.

 

Жайыңды кеше өткенсұрамадым,

Алапат соғысында сұламаның.

Жайратып жасағымен Жоңғарларды,

Өзікуә болғандай бір Алланың.

 

Алланыңда көзі түсер міні барға,

Қазақтыңқыйналмаған күні барма.

Жаңылтып ұшқанқұстыбағытынан,

Қосылды елімайлап үні зарға.

 

Садағы ойқастайды қолұшында,

Жасытып жауғасалған торысында.

Дарабоз Қабанбайдай батырменен,

Бір болғанШағаң таудын соғысында.

 

Тайсалмай Тоқтамыста жігер өсіп,

Жауының жас болсада жолын тосып.

Атанған жас Тоқтамыс ,Қозыке ерің,

Наурызбай,Барақтармен тізе қосып.

 

Тартысып талай ерлер тақымменен ,

Жауының жолын кескен ақылменен.

Машаныңқайсарлығын көріп елі

Ат берді нағыз қайтпас батыр деген.

 

Осындай қанды кешкен қайран батыр,

Асырдың Жоңғарлардан айлаңды ақыр.

Қазақтыңұлан қайыр даласында,

Жорыққа жортқан жолың  сайрап жатыр.

 

Недеген рухыңбиік бабам сенің,

Көтергенбүгінмінебалаңдыелің.

Қан кешіп қан майданда еліңүшін,

Қорғағанөр Қазқтың тамам жерін.

 

Өмірге келмесеңде сыйып мүлдем,

Қашанда елі биік иықты ұлмен.

Ел үшін болайын депқара лағың,

Батырлар жанын өткенқыйып бірден.

 

Буып бір тас түйінғыпбелін-берен,

Жүрегібіргесоқан еліменен.

Тек ғанахалқымүшіндеп аттанған,

Недеген бабалардың сенім ерен.

 

Қазағымөр намысыңқұламаған,

Ел едікжетіміде жыламаған.

Қорғаған елін кеше асыл ерлер,

Сонау өткен Алқакөл сұламадан.

 

СОҢҒЫ ТҮЙІН

Болыпты аты шыққан Машан батыр,

Аңыз боп ел аузында келе жатыр.

Елі менен жері үшін жауға шауып,

Айласымен айбатты болған ақыл.

 

Елін қорғап кең жайын байтақ еткен,

Жігерімен қас жауын жайпап өткен.

Машаның ерлігінен тәлім алған,

Жау жүрек ұрпақтарын айта кетсем.

 

Еш бір жау кіргізбеген елге бөтен,

Ұлдары дәл өзіндей мерген екен.

Құдайдың берген бес қыз, он ұлынан,

Ұрпағы өркен жайып өрген екен.

 

Байжігіт,Шынқожасы ел қолдаған,

Көш бастар даналардан кем болмаған.

Жанжігіт, Айтуғаны, Жәнібектей,

Батырмен қатар жүріп ел қорғаған.

 

Иықты Бітібай мен Дәулеткелді,

Өзіндік сән беріпті сәулетері.

Отаубай, Қаталбай мен Өтелбай бар,

Малқара тағыда бар әулеттері.

 

Ортаншы ұл, Бітібай мен Дәулеткелді,

Басқарған Ұлы таулық дәлетті елді.

Малқара, Отаубайдың зерделі ойы,

Ел жұрттың назарына сәулет берді.

 

Жанторы немересі ірі болған,

Алланың назарының нұры қонған.

Он екі абақ, Көгадай хан тұсында,

Билік айтқан билердің  бірі болған.

 

Жанторы баласы екен, Жанжігітің,

Белгісі текті болу арлылықтың.

Би болып Көгедайдың кезіңде ол,

Кетіпті өзін керейге танытып шын.

 

Ұрпақтың шығар биік шыңдары бір,

Тарихтан орын алған жырлары тұр.

Әке көрген оқ жонар деген сөзді,

Нық ұстанған, Машаның ұлдары бұл.

 

Осындай ұрпақтары текті болған,

Бақыт қой бұлда сірә басқа қонған.

Жуанған, Ақыт қажы тектілерім,

Ел-жұртқа мейірімен бопты қорған.

 

Болсада зар заманда соры батпан,

Бел шешіп батыр бабам түспеді аттан.

Кешегі ерлігіңді жырға қосып,

Жетгізем ұрпақтарға қылып мақтан.

 

Тұрғанда көкіректе жырым керіп,

Тағдырыңды жырладым тілге сеніп.

Сан ғасыр өтседағы заманыңнан,

Жырлатты тарихқың сыры берік.

 

Тарихың тар заманда тас қамалың,

Шындықты неге айтпай жасқанамын.

Күніңді бастан кешкен естіген де,

Жазықсыз жанарымды жасқа малдым.

 

Тәңірім жол көрсетші дұрыс маған,

Жырласа қызыл тілім қылышта аман.

Алты Алаш азды-көпті мен жырадым,

Қойылар деп ойлаймын дұрыс бағаң.

 

Жыраладым зар заманның құбылысын,

Тұрмасада тарихты біліп ішім.

Кешегі ер Машанды жырға қостым,

Бірі білмей жүрсе егер бірі білсін.

 

Сенбесең тарих шолып ғасырдан біл,

Қалдырған қасқа жолда Қасымнан сыр.

Бабам үшін қаламды мен тербедім,

Кешегіден бұл қалған ашынған жыр.

 

Аруақты айналдым сіздей ерден,

Өміріңді қозғадым тың белеңнен.

Сіз қорғанған қазақтың кең даласы,

Мың ғасырлық азығың бізге берген.

 

Өр бабам-ай ойлаған ертеңімді,

Шашау қылмай жинаған селкенімді.

Елің үшін жан қиған есілдерім,

Үрлетпейін желгеде желкеніңді.

 

Кім білсін  дүние қайда тұрақтарын,

Шешілмес білем бірақ сұрақ барын.

Назарбек  айтқан аға дерегімен ,

Дастан ғып баба ерлігін сыр ақтардым.

 

Арда елім жанарымда өзің барсың,

Қол бұлғап сері күннен сезім қалсын.

Алашқа аманат қой ардың жүгі,

Артымда куә болар сөзім қалсын.

 

Шешенің ойы тарих тағдыры мұң,

Елі үшін батыр салған қанды қырғын.

Батырменен ақының тағдыры бір,

Жеңіссіз алмайтуғын жан тынымын.

 

Тарихтан жолын көріп хатнаманың,

Жөн болар баба ізін сақтағаным.

Кешегі бабаларынжырға қосқан,

Сарқыты ем сахарада сақ бабаның.

 

Аққудай түлеп ұшқан сұлу көлден,

Кетейін өткір тілмен тіліп өлең.

Ағайын шын көңілмен қабыл алсын,

Арнаған әз бабама жырымды ерен.

Соңы

2022 жыл. Сәуір.

 

 

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*