Кітапхана

Ербол Шакей: УКРАИНА ХАЛЫҚЫНА ХАТ

Қазір Қытайдың Алтай қаласында тұратын ақын Ербол Шәкейұлының Украин халықына арнап жазған өлеңі.

Бомбыланып әр көшелер, әр үйлер,

Жаралы әскер түніменен зарилер.

Босып жатыр қара халық жан – жаққа,

Шошып жатыр жарылыстан сәбилер.

 

Украина, Қандай еді кешесі?!

Күлге айналды гүл жайнаған көшесі.

Өз отаны пана болмай өзіне,

Миллиондап босып кетті нешесі…

 

Айдай ару айырылып жарынан,

Аспан жылап аналардың зарынан,

Жетімдікке, жесірлікке бастайтын,

Қарулардың жоғы жақсы барынан.

 

Украин, ежелднн-ақ ер халық,

Өктем сөйлеп басынбайтын зорланып.

Қай қашан да тыныштықты сүйеді,

Бірақ қарап тұра алмайды қорланып.

 

Украина, ширығатын жөнің бар,

Қан мен жасы қатар аққан елің бар.

Жат қолында бодан болған жерің бар,

Шешілмеген Чернобыльдей шерің бар!

 

Жер бетінде барлық адам туысым,

Ортақ ауа – алып жатқан тынысым.

Жазықсыздар жапа шексе жауыздан,

Неге менің болмайды екен жұмысым!

 

Путин сонда, сенің нендей ойың бар?

Қан қарызға батып жатқан жайың бар.

Тартыласың тарихтың сотына,

Тақтат енді! Сұм соғысты қойыңдар!

 

Көзалартқан басқалардың жеріне,

Отаршылдар кіру керек көріне.

Ұлы қазақ халқы мәңгі тілектес,

Құрыш – Павел Корчагиннің еліне!

 

  1. 03. 2022 жыл, ҚХР Алтай қаласы.

 

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*