Бүгін Алматы жұрты мемлекет және қоғам қайраткері, оппозициялық саясаткер Балташ Тұрсымбаевты ақтық сапарға шығарып салды.
Түрлі жоғары лауазымда болған саясаткер өмірінің соңғы 23 жылында оппозицияға кеткен. Тамыздың 14 күні 76 жасықа қараған шағында қайтқан саясаткердің артында жары, екі баласы және жеті немересі қалды.
Тұрсымбаевтың жаназасы үйінде шығарылып, қоштасу рәсімі ғалымдар үйінде өтті. Азалы жиынға жақын туыстарымен бірге серіктестері, кешегі кәсіптестері және жақтастары қатысты. Марқұмды Кеңсай-2 зираттығына жерленді.
Жатқан жеріңіз жарық болсын! Балташ аға.