Білім

ЖЕР АНА – АДАМЗАТҚА ОРТАҚ.

Әл – Фараби   атындағы   ҚазҰУ-нің   https://www.kaznu.kz   Жоғары оқу  орнына дейінгі  білім  беру факультетінде   Жоғары оқу  орнына  дейінгі дайындық  кафедрасының  «Жас биолог»  үйірмесі аясында   «Жер  Ана – адамзатқа   ортақ»  тақырыбымен     дөңгелек  үстел өтті.    Бұл  іс – шараға  Қытай  Халық республикасынан,    Монғолиядан,  Ираннан, ТМД елдерінен   келген,  білім  алушы   қандастарымыз  қатысты.  Олар    болашақта  биолог,   тарихшы,  эколог  және  медицина  саласы  қызметкерлері  мамандығын    таңдаған  жастар.    

Дөңгелек  үстел  Жер  Ана – барлық  адамзаттың  бесігі,  оның  жалғыз екендігі,  оны  қорғау,  аялау  біздің  борышымыз  екендігі  туралы   видеофильм   көрсетілімінен  басталды.

Үйірме жетекшісі ҚазҰУ  туралы,  оның әлімдік   деңгейдегі  орны,   тарихы   туралы  айтып  өтті.   Биология  факультетінің  қысқаша  тарихымен,  оның  құрамындағы кафедралар  туралы  әңгімеледі.  Сонымен  қатар  биология  пәнін  таңдау  кезінде   Қазақстанда  қандай   мамандыққа  жол ашылатыдығы  туралы  да  айтып  өтті.

Дөңгелек  үстел барысында    қазіргі   ғаламдық  экологиялық  мәселелер:

  • Дүниежүзілік мұхит проблемасы;
  • Озон қабатының  ыдырауы;
  • Өсімдіктер мен  жануарлар  кейбір түрлерінің  жойылу  себептері;
  • Жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың  азаюы;
  • Атмосфераның ластануы;
  • Ғаламдық жылу  эффектісі;
  • Табиғаттқа зиянды антропогендік  әсерлер;

Жер  қыртысының  құнды  да дағалы  беткі  қабаты – топырақ  қабатының  ластануы  туралы  деректерге  сүйеніп  тыңдаушылар    баяндамаларын  оқып,  сұрақтар  арқылы  талқыланы.

Генофондтың   азая  бастауы,  жойыла  бастауы  Ғаламдағы  ең  ауқымды  экологиялық  проблема  болып  табылады.   Американдық  ғалымдардың  зерттеу  қорытындысы бойынша  соңғы    екі  ғасырда    бірге алғанда 900 000  түрлі  өсімдік  пен  жануар  түрі  жер  бетінен  жоғалған  екен.   ТМД  елдері территориясында  генофондтың 10-12%   қысқарған.    Түрлердің  қысқаруының  басты  себебінің  бірі – урбандалудың   қарқынды дамуы,  ауыл   шаруашылығына  жерлерді  пайдаланудың  кеңеюі,  орманның  кесілуі, өсімдіктер  мен  жануарлардың   табиғи  тіршілік  ортасының  тарылуы.  Соңғы  20  жылда  200  млн  га   орман  қышқылды  жаңбырлар  әсерінен  жойылған.  Ал,  Планета  өкпесі  болып  саналатын  тропик  ормандарына  экологиялық     ластану  қаупі  жоқ  деп тұжырымдауға келмейді.

Пайдалы  қазбаларды өндірудің  негізгі  саласы  мұнай  өндіру,  соңғы  10-15  жылда  адамзатқа  белгілі    мұнай   мөлшерінің   50%  өндірілген.

Дүниежүзілік  мұхиттың  адамзатқа  берері  мол:

  • Әлемдегі жануартекті  нәруызды  азықтың  1/6-ін  береді
  • Мұхит қойнауындағы  фитопланктондар әлемдегі  оттегінің  70%  фотосинтез  кезінде бөліп  шығарып отырады.

Дүниежүзілік  мұхиттың  химиялық  ластануы   да  алаңдататын   өте  ауқымды  проблема  болып  отыр.  ХХ  ғасыр  барысында   мұхитқа өте  көп  мөлшерде   химия өнеркәсібі  мен әскери  өндірістің  синтетикалық  ерімейтін  қалдықтары төгілген.

Атмосфераның  ластануы  глобалды  проблема – қышқылды  жауындар  соның  салдары. Озон  қабатыныңдағы    ауқымды  ыдыраған  тесіктер  туралы  ғалымдар өткен  ғасырларда   ақ  дабыл  қаққан  болатын.  Осындай  табиғаттың   әлемдік  деңгейдегі    ластану  мәселелері   талқыланып, тыңдаушылар  өз  ойларын  ортаға  салды.    Дөңгелек  үстел барысында  ҚХР – ның  және   Қазақстанның  экологиялық  алаңдатушы  аймақтары талқыланып,  ғылыми  деректер,  зерттеулер  қорытындыларын  тілге  тиек  етіп,  әңгіме  өрбіттік.  Тыңдармандарды  Жер  Анамыздың  қазіргі экологиялық  ахуалы – ауқымды  жылыну,  озон  қабатының  тесілуі,  тұщы  су  мәселелері  алаңдататынын,  оған  жаны ашитынын  білдірді.   Соңында  ғаламдық  экологиялық    проблемаларды   ғалымдардың  пікірі  бойынша  шешу  жолдары:

1.Халық  санының  артуын  шектеу;

2.Энергияны  пайдалану  мөлшерін қысқарту;

3.Түрлі   саладағы қалдықтар  мөлшерін  азайту;

4.Қайта  қалпына  келетін  экологиялық  таза  энергияны  пайдалануға  көшу

Ауасы  өте  ластанған  аудандарды тазарту  туралы  талқылап  ой  бөлісті.  Сабақтың  соңында  Жер  Ананы  аялау,  қорғау  әрбір  адамзаттың  борышы екенін    қандастарымыз   жете  түсінді.

Әл – Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық  Университеті 

Жоғары оқу  орнына дейінгі  білім  беру   факультеті

Жоғары оқу  орнына  дейінгі дайындық  кафедрасының

 аға оқытушылары: Үсенбекова А.Е.,Аманкелді Н.,Сапаров М.Б.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*