Білім

Биология  мұражайына саяхат

Әл – Фараби   атындағы   ҚазҰУ-нің https://www.kaznu.kz   Жоғары оқу  орнына дейінгі  білім  беру факультетінде   Жоғары оқу  орнына  дейінгі дайындық  кафедрасында   биология  және  химия пәнін  таңдаған топтар  биология факультетінде орналасқан  ғылыми мұражайға саяхат жасады.

Іс – шараның  негізгі  мақсаты   Қытай  Халық республикасынан, Өзбекстан  Республикасынан,  Монғолиядан,  Ираннан   ҚР – ның  ЖОО-на  түсуді  армандап,   білім  алуға  келген   оралман    жастарға  еліміздің  табиғатымен  таныстыра  отырып,   оны аялауға,  құрметтеуге  баулу.

Соңғы   ғасырларда   генофондтың    жер  бетінен  жойыла  бастауы  ғаламдағы  адамзатты  алаңдататын экологиялық ең қиын  проблема  болып  табылады.   Американдық  ғалымдардың  зерттеу   бойынша  саңғы  200  жылда  миллионға жуық   жануарлар   мен   өсімдіктер  пен  жануар  түрі  орны  толмастай  жойылған  екен.    Бұрынғы  КССРО  территориясында  қазіргі  кезде  генофондтың 10-12%   азайған.  Бұл   түрлердің  қысқаруының  басты  себептері – урбандалу,  ауыл   шаруашылығының   ұлғаюы,  орман  ағаштарының  көптеп   кесілуі,   өсімдіктер  мен  жануарлардың   табиғи  тіршілік  ортасының  тарылуы, қоршаған  ортаға  химиялық  зиянды  қалдықтардың  шамадан  тыс   таралуы,  сонымен  қатар  табиғи  апаттар, т.б.  Ғалымдар  зерттеулері  соңғы  20  жылда  200  млн  гектар   орман  алқабы қышқылды  жаңбырлар  әсерінен  жойылғандығын  көрсетіп  отыр.

Табиғаттың   адамзатқа  берері  мол,  мысалы: Дүниежүзілік  мұхит әлемдегі  жануартекті  нәруызды  азықтың  1/6-ін  береді,  ал  оның қойнауындағы  фитопланктондар әлемдегі  оттегінің  70%  фотосинтез  процесі  кезінде бөліп  шығарады  екен.

Биология  мамандығы  бойынша  білім  алушы тыңдаушылар   сабақтар барысында  экология ғылымы  төңірегінде  көптеген  мағлұматтар  алып, өздері  ізденіп  рефераттар  жазып  шыңдалу  үстінде.

Тыңдаушылардың  қызығушылығын  арттыру  үшін    биология  факультетінің  қысқаша  тарихы,  оның  құрамындағы кафедралары,  зертханалық   жұмыстары   туралы  мағлұмат  берілді.   Тыңдаушылар  мұражайды  тамашалап,  оның  тарихымен,  түрлі экспонаттармен,  ғылыми материалдармен танысып,  мына мағлұматтарға қанық болды:

мұражай   1936 ж биология факультетінің   зоология  кафедрасында   зоология  мұражайы  болып  қаланған  болатын.  1949 ж   факультеттің  мұражайы  болып  қайта  құрылған.    Осы мұражайдың    қалыптасуына  В.А.Селевин,  В.Н.Шнитников,  А.А.Слудский,  және  М.Д.Зверев  сынды   ғалымдардың   өз  қорларынан  сирек  кездесетін  аңдар  мен   құстардың   тұлыптарын  сыйға  тартуы  негіз  болды.

Бұл мұражай  қазіргі кезде  биология  факультетінің  оқу  корпусында  орналасқан.  Оның  ашылуы  1984 жылдан  бастау  алады.  Мұражай  негізгі  үш  бөлімнен  тұрады,  сонымен  қатар  84  қабырғалық түрлі   тақырыптағы сөрелерден  құралған.  Жәдігерлердің жалпы  саны  5000 – нан  асады, елімізде  мекендейтін   сүтқоректілердің  6  отрядының  17  тұқымдасының  түрлері  бар,  олардың  жалпы саны   92.

Мұражайда   негізгі   алты   бөлім бар:

1.Қазақстанның  биотоптары,  экосистемалары  мен   табиғи  зоналарының  алуан  түрлілігі.   Бөл  бөлімде  Қазақстан  жерінің  экосистемалары мен табиғи  аумақтарының  биоалуантүрлілігі   көрсетілеген   диограммалар,  карталар,  стендтері  бар екі  бөлімнен  тұрады.   Түрлі  омыртқалы  жануарлардың  нақтұлыптары  қойылған.  Карталарда  ақбөкендер  мен  жыл  құстарының  маусымдық  миграциялары  көрсетілген.

2.Жер  бетіндегі  тірлішік  әлемінің  эволюциялық  дамуы. Бұл  бөлім  бойынша  Жер  бетіндегі  тіршіліктің  дамуы  мен  антропологиясы  жайлы ғылыми  деректер  алуға  болады. Өсімдіктер  дүниесінің  Буреан  бойынша Силурдан  Кайнозойға  дейінгі    дамуы  туралы  мағлұмат  алуға  болады.

3.Экология және  табиғатты  қорғау. Бөл  бөлімде  жойылып  кеткен   жануарлар  түрлері  мен  жойылу қаупіндегі өсімдіктер  түрлері  туралы  мәліметтер  мен   суреттер бар.  Сонымен қатар  Қазақстан  қорықтары  туралы  7  стендт  бар.  Ғаламдық  экологиялық  проблемалар туралы  мәліметтер  де  осы  бөлімде  орналасқан.

4.Жануарлар  дүниесінің  жүйесі.  Осы  бөлімнің  40  сөресінде дүниежүзінде  кездесетін   омыртқасыздардың 9 класы  мен  омыртқалылардың 9 класы,  жалпы  саны  765 нақтұлыптары  мәлімет  береді.

5.Өсімдіктер  әлемінің  жүйесі.  Бұл  бөлімде  26  сөре   төменгі  саты өсімдіктері  туралы  мәліметтермен  ерекше.

6.Мұражай  қорлары.  Териология,  энтомология,  орнитология  бөлімдерінен тұратын   қор  бар,  және  де  тұрақты түрде  жәдігерлермен  толықтырылып  отырады.

Тыңдаушылар саяхат соңында  арнайы  мұражай  журналына қолтаңбаларын қалдырып,  ризашылықтарын білдірді.

 

Әл – Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық  Университеті 

Жоғары оқу  орнына дейінгі  білім  беру   факультеті

Жоғары оқу  орнына  дейінгі дайындық  кафедрасының

 аға оқытушылары :Усенбекова  А.Е.,Бекалай Н.,Қалиолла А.

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*