Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен CentauRus Рүстем Абдырашов продакшн “АРҚАУ-ӨЗОК” этнографиялық деректі драмасы өз жұмыстарын аяқтады,-Деп хабарлады фильмнің режиссері: Әрбибек Өр-Алтай өзінің Феисбук парақшасында.
Қазақ топырағы ежелгі далалық өркениеттің бастауы әрі мирасқоры. Уақыт өте келе замана алмасып, ежелден келе жатқан құндылықтар ұмытыла бастады, қасиетті саналған ұғымдар жадымыздан өшті.
Деректі фильмнің негізгі мақсаты осы ұмытылып бара жатқан құндылықтарымызды.
Тәңіршілдік сенімінде құрғақ, қансыз құрбандық ұғымы болды. Ол шаш-сақалдың белгілі бір бөлігін Тәңірге құрбандық ретінде алып тастау. Бала қырқынан шыққанда, құлын тай болғанда, бота тайлақ болғанда қарын жүнін күзеу де соның қалдықтары. Адам шексіз қуанышта, қорқынышта Тәңірге арнап шаштың не сақалдың бір бөлігін алып тастайды.
Көшпелі өңірлерде баяғы баба діннің, түркілік мәдениеттің сарқыншақтары ұзақ уақыт мәдени алмасуларға қарамастан, дін емес, салт-дәстүр ретінде жұрты қалды.
Ислам дінімен бірге қыпшақ даласына араб-парсы мәдениеті ендей кірді. Екі мәдениеттің ұзақ уақыт қақтығысуы дала өркениетінің белгілі дәрежеде жұтылуына алып келді. Кейіннен Ресей империясының құрамындағы отырықшылыққа алмасу кезеңі далалық өркениеттің құндылықтарын тіптен ұмыттыра бастады.
Тәңірлік сенім мен далалық философияны ортақ қазанда қайната білген алып өркениеттің қазір жұрнағы ғана қалған. Тіптен, көпшілігіміздің жадымыздан өшіп кетті деуге болады.Аттың жалында, түйенің қомында қалған көшпелі өркениеттің қалдықтарын Тәуелсіздік жылдарында атамекенге оралған қандастар өзімен бірге ала келді. Сокральдық қастерлі ұғым ретінде ғана емес, күнделікті тіршілік, өмір салты ретінде ала келді.
Қыл арқан мен қайыс арқан көне ғұн, сақ обаларынан табылған тұрмыстық бұйымдар. Осы күнге дейін Қытайдағы, Моңғолиядағы қазақтардың күнделікті тұрмысынан бір ажырамаған құрал. Былайғы қазақтардың сойған малдың терісінен, күзеген түліктің қылынан, шудасынан арқан жасап қолдануы жіптің тапшылығынан емес, обал мен сауаптан туған дүниелер,-Дем жазды Әрбибек Өр-Алтай.
Жаңалықтар