«Мазмұндама» баспасынан көрнекті жазушы Жақсылық Сәмитұлының «Тәкіман батыр» деректі-романы жарық көрді.
Ж.Сәмитұлы 1940 жылы Қытайда дүниеге келген. «Атамекен» прозалық кітабы үшін Қытайдағы азшылық ұлттарға берілетін Мемлекеттік сыйлығын еншілеген. Үрімжіде телеарнада басшылық қызмет атқарған. 1993 жылы Қытай қазақтарының көшін бастап Атажұртына оралған. Алматыға келген соң Жақаң Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде қытай тілінінен дәріс оқыды, шығармашылықпен айналысты. Қытайдағы Ұлт-азаттық көтеріліске, оның басшысы Оспан батырға арналған әйгілі «Қаһарлы Алтай» трилогиясын жазды. Автордың әр жылдары Қазақстанда «Атамекен», «Алтын қазық», «Сарыала қаз», «Қытай қазақтары», «Қытай тілінің аудармасы мен теориясы» (ғылыми монография), «Қытай поэзиясы» секілді кітаптары жарық көрген.
«Тәкіман батыр» – Қытайға коммунистік үкімет орнағаннан кейінгі саяси, әлеуметтік оқиғаларды жан-жақты қамтыған деректі-роман. Жергілікті қазақтардың қызыл үкіметке қарсы көтерілісіне Қалибек хакім, (белгілі қаламгер Хасен Оралтайдың әкесі) Тәкіман батырлар ұйтқы болады. Коммунистермен аяусыз қырқысқан қазақтар ақыры Гималай асып, Пәкістан арқылы Түркияға жетеді. Бұл шығарма осы еркіндік аңсаған, теңдік, бостандық үшін күрескен ұлы көштің қанды тарихы. Автор Тәкіман батырдың тағдыры арқылы қиырдағы қазақтың бостандық жолындағы ерлігін нанымды жеткізеді. Роман оқиғасы куәгерлерінің нақты естеліктеріне, тарихи деректерге негізделген. Сондай-ақ шығармадағы әр кейіпкердің тағдыры өзінше бір хикая. Мысалы аласапыран жылдары дүңген асырап алған қазақ қызының ұзақ жылдан соң ата тегін іздеуі немесе Қытай түрмесінде азаппен қайтыс болған Мағауия есімді әйел ақынның аянышты өлімі кімді болса да бей жай қалдырмайтыны анық.
«Тәкіман батыр» деректі-романын каспий дүкенінен сатып алуға болады. Бағасы да қымбат емес.
https://kaspi.kz/shop/p/s-mit-ly-zha-syly-t-k-man-batyr-129685378/?c=750000000&sr=1&qid=16c3edafc6a57018fab4da7105887a9e&ref=shared_link&maSource=dynamicLink
Кітапты мына сілтеме арқылы кәспи банк дүкендерінен ала аласыздар: