Жыр құлагері Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына арналады
Ілияс туған Ақсуда-
Егей туып – ер өскен,
Елдігі мен ер күшпен.
Есе бемей теңескен.
Ұлық туған ұлдары,
Қыран туған қыздары,
Ұшқыр туған сұңқары,
Жүйрік туған тұлпары,
Сақтан қалған сарқыттар,
Ғұннан қалған барқыттар,
Моғолдан қалған тұяқтар,
Түріктен қалған тұнықтар,
Алаштан қалған алыптар,
Қазақ деген Халық бар.
Солардан қалған бір тұлға,
Ілияс мұнда анық бар.
Ілияс туған Ақсуда –
Матай ала шыңы бар,
Қаратау қатпар нұры бар.
Қапал уезд , Арасан,
Мекені еді ұлылар.
Тәуке таудың тасында,
Сан тарихтың ізі бар.
Алтын шаңырақ өзенге,
Бұлақтар болған суы бар,
Ақсу содан басталып,
«Арқырап ақты» ұғып ал.
Елін сусыз етпеген,
Жеріне гүлдер көктеген,
Етегін жайып қырларға,
Шөлдерге талай жеткен ең.
Балқашқа барып қуятын,
Құмдарды басып көптеген,
Ақынға намыс болады,
Ақсуды күй ғып шертпеген,
Ақынға намыс болады,
Ақсуды жырлап төкпеген,!
1.
Ілияс туған Ақсуда-
Аруақты ата-баба бар.
Біледі оны ағалар,
Біліп алсын балалар.
Еңіреп туған ел үшін,
Тебініп туған жер үшін.
Егіліп өлген мен үшін,
Езіліп өлген сен үшін.
Жою үшін қалмақты,
Жоғалту үшін немісін.
Қазақтың қорғап өрісін,
Өткен еді даналар.
Аруағыңа сыйынам,
Ұрпағың бәрін бағалар.
Солардан қалған сом тұлға,
Матай Бөрбай дана бар.
Ілияс туған Ақсуда-
Қасиетті ана бар.
Атам жауға шапқанда,
Бірге тұрып ақ таңда.
Аттан салып аттанға.
Шылауышы жалпылдап,
Ақ самайы жалтылдап,
Жігерін намыс қамшылап,
Садақ тартса саусағы,
Жебеге тиген сартылдап,
Шоқпар соқса қолында,
Білезігі салқылдап.
Жауды қуған алқымдап,
Бармағынан бал тамған,
Қылышынан қан тамған,
Алтын құрсақ ана бар.
Ұрпағы соның Гүләйім ,
Ақын туған Сара бар.
2.
Ілияс туған Ақсуда-
Батыр мен ақын көптеген
Қаптағай жатыр саруанда,
Алдынан пенде өтпеген.
Құдайназар жүз сарбаз,
Елім деп ханды төккен ең.
Ой жайлаудың басында,
Қызылжар деген асуда,
Қора шатқал тасында,
Гүлайым қызы қасында,
Жүз сардары мерт болған,
Жоңғардан түскен басымда,
Арманда кетті сарбаздар,
Арманға жетпей көксеген.
Бөрібай, Сақай,Тоқпанбет,
Жауларын қырып тектеген,
Төртқара, Апыр, бар жерде,
Бастырмай жауын шектеген,
Түркістанға жерлепті,
Айтылған қасам сертпенен
Жөңке таудан асырып,
Қалмақты Шонай кет деген.
Тәуке Ханның іргесін,
Қисық қылыш Тыбыш тескен ең.
Тылсым сыр мен тістенген,
Киесі қолдап күш берген,
Әулие қазақ атанып,
Түрліше істер істеген.
Көтен тәуіп Байқотан,
Ақшора ұлы іс көрген.
Ілияс туған Ақсуда-
Қазақтың қаны қастерлі,
Үрейге салған Мәскеуді Қырғыздар кесіп қолымен,
Кене хан ақыр бас берді,
Қырғызға салып бүлікті,
Қызайдан алып әскерді,
Кененің құнын қайтарып,
Тәнеке намыс ап келді.
Орыстар салып күдікті,
Қазақтың бәрін тінтті,
Байғазы кетті Сібірге,
Мүсәпір де жүріпті.
Кеңестік жауыз қысуда,
Қазақты алған қысымға.
Есеболат Нұрсұлтан ,
Ілінген найза ушына,
Есмұрат Сиқым ерлікпен,
Атанды батыр тұсында.
Ілияс туған Ақсуда-
Толғанбай шықты жыр төгіп,
Ақын Сара нұр төгіп,
Ілияс шықты гүл сеуіп.
Тұрсын қызы Есімжан,
Толғауы тоқсан жыр төгіп.
Қосағаштан Қанипа
Тұрған бір нөсер күн төгіп.
Жамаудың қандай екпіні,
Бұлбұл көмей тіл көрік.
Бұлар жырлап толғаса,
Ай қараған күн төніп.
3.
Ілияс туған Ақсуда-
Көреген шыққан би шыққан,
Шешен шыққан тілді ұтқан.
Ханға сақтап бірлігін,
Қараға салған билігін,
Құдайға салып құлдығын,
Шешімін шешкен қырғынның,
Мұжық би, Шоңды тұсында,
Көрсетті елге бірлігін.
Түтінін түзеп түңлігін.
Қытайдың күйін байқаған,
Шаннүңге дәтін айта алған.
Қазақтың сақтап бірлігін,
Бастаған елін Сарытаудан,
Ақсуды аңсап арнайы,
Іледен көшін қайтарған.
Ақ ешкіде би болған,
Байболат еді майталман.
Ас ішкен алтын табақтан,
Ханды аузына қаратқан,
Байлығын елге таратқан,
Қаймықпай сөйлеп қабақтан,
Салауат асқан санаттан,
Сарышуаш шешен Шиырбай,
Үпі қажы Есімбек
Сөйлегенде таң атқан,
Атан жілік арысым,
Бәріңе мәлім танысың.
Бұра мойын білекпен,
Көтерген қазақ намысын.
Әбілсейіт Айхан ұлы,
Бөліскен ортақ табысын.
Оңға да бірдей солға да,
Жамбасқа алған шалысын,
Бұғыбай ұлы Аманжол ,
Таңғалдырған тау мүсін.
Ілияс туған Ақсуда-
Тұлпары тулап кермеде,
Жорғасы зулап зердеге.
Жулдыздай аққан саңлағы,
Еңіске бірдей өрге де,
Бейжіңде өткен Мәскеуде
Халықаралық көрмеде,
Есімбек қажы құлатты,
Әйгілі келген көмбеге.
Алматыға барысқан.
Жүйріктер мен жарысқан.
Түймебас болған чемпион,
Орта азияда шабыстан.
Қараторғай жүгірсе,
Жүлденің бәрін тауысқан,
Маралқасқа барған жер,
Құр қалмаған табыстан,
Қазақстан чемпион, Атағын алған сайыстан.
Ілияс туған Ақсуда-
Бағылан туған, бай туған,
Күні күліп , ай туған.
Төрт түлігі толықсып,
Мәртебесі артылған.
Банкке есеп- шот ашып,
Қалауын алған халқынан.
Байлығымен қайырын,
Аямаған жалпыдан.
Мамания мектеп сап,
Білімге елі талпынған.
Атаға тартқан асыл ұл,
Тұрысбек неткен сай туған.
Көрмеген малын түгендеп.
Мінсе де тұлпар жүгендеп.
Бір жылда туып мың бота,
Қойлары өскен түмендеп.
Тақет Құлдыбай қажыны ,
Жырладым ұрпақ білер деп.
Бөшікті әлем таныған.
Жер қайысқан малынан.
Жылына жүз мың қой айдап,
Бұқарға тынбай сабылған.
Шантудың ұлы Бөшікке,
Базардың елі бағынған.
Ілияс туған Ақсуда-
Айтылмаған тұлғалар,
Ұрпақа әлі тыңдалар.
Тіліменен шешеннің,
Үлгі болып жырланар.
Ақсу болып арқырап,
Ілияс болып тыңдалар !
Жетсу облыс, Ақсу ауданы.
2024,